Жылғы оқу жылындағы «Алғашқы әскери даярлық» пәні бойынша сараптама



бет5/8
Дата13.02.2017
өлшемі7,08 Mb.
#9138
1   2   3   4   5   6   7   8



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.08.2013 жылғы «Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы» № 876 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.11.2013 жылғы «террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» № 1217 қаулысына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімінің 19.03.2014 жылғы № 03-4/59 қбп хатына байланысты, қаланың білім беру ұйымдарында террористік іс-әрекет кезіндегі іс-қимыл негіздеріне байланысты білім беру ұйымының ұжымы арасында түсінік жұмыстары жүргізілді.



Қалалық білім бөлімінің тарапынан мектептегі кезекші мұғалімдерінің және күзет жұмысшыларының жауапкершілігін арттыру жөнінде, қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.

Қалалық білім бөлімінің штаттан тыс АӘД пәнінің әдістемелік кеңесінің жоспарына сәйкес 2015 жылдың 15- ақпаны күні Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан Республикасынан шығарылғанына 26 жыл толуына байланысты қала мектептерінде жауынгер-интернационалистермен кездесулер, дөңгелек үстелдер, байқаулар жүргізілді.



Ақпан айының 13- күні, № 23 ОМЛ атыс тирінде дәстүрге айналып келе жатқан «Мерген оқушы-2015» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан республикасынан шығарылғанына 26 жыл толу күніне және Ауғаныстан Республикасында интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан Есенбаев Жанкелді Бурабекұлының ерлігін еске алу мақсатында өткізілді. Жарысқа қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің оқушылары және орта-арнаулы оқу орындарының оқушылары қатыстырылды.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет