Жылғы оқу жылындағы «Алғашқы әскери даярлық» пәні бойынша сараптама



бет8/8
Дата13.02.2017
өлшемі7,08 Mb.
#9138
1   2   3   4   5   6   7   8

ҰОС Жеңістің 70 жылдығына орай пневматикалық мылтық атудан қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің мұғалімдері арасында өткізілетін «Мерген мұғалім-2015» сайысының өткізілу ЕРЕЖЕСІ
Міндеті мен мақсаты:

- даңқты тарихымызды құрметтеу

- қала мектептерінің мұғалімдері арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау

- мұғалімдердің спорттық дайындығын анықтау


Жарысқа қатысушылар саны:

Жас ерекшелігіне қарамастан бір мектептен 2 (екі) ер және 2 (екі) әйел мұғалім қатыстырылады.


Өткізілу уақыты мен орыны:

Жарыс 28- наурыз күні № 42- орта мектептің спорт залында өткізіледі. Жарыстың басталу уақыты 09.00.

Төрешілер коллегиясының отырысы 18- наурыз күні сағат 10.00-де қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының мәжіліс залында болады.

Атыс 10 метр қашықтықтан №8 нысанасына «тұрып және мылтықты тіреусіз» ережесіне сәйкес, ашық көздеуішті пневматикалық мылтықтан жүргізіледі (диоптриялық, лазерлік және оптикалық көздеуіші бар мылтықтармен жарысқа қатысуға тиым салынады).


Жеңімпаздарды анықтау:

Әрбір жарысқа қатысушы 8 оқтан атыс жүргізеді, оның 3-і дайындық оқтары, 5-і ұпайға есептеледі. Ең көп ұпай жинаған мектеп тобы және жекелей мұғалімдер жеңімпаз атанады.


Марапаттау:

Командалық 1-3 орын және жекелей 1-3 орын алған оқушылар Ақтөбе қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталады.


Жарысқа басшылық:

Жарыстың бас төрешісі: Ақтөбе қалалық білім бөлімінің АӘД пәнінің әдіскері С.Сраж.



қосымша № 2
Мерген мұғалім-2015 пневматикалық мылтықтан

нысана көздеп ату сайысының кестесі
09.00- № 53, № 29, 44, 20, 36
09.30- Пригород, Благодарный, Новый, ҚҚОМ, Елек ОМ
10.00- Қызылжар, № 8, Құрашасай, Сазды, Георгиевка ОМ
10.30- № 50, 33, Ақтөбе ОМ, 17, Россовхоз ОМ
11.00- № 18, 6, 5, 51, 37 ОМ
11.30- № 26, 15, 11, 22, 41 ОМ
12.00- № 40, 34, 3, 14, 47 ОМ
12.30- № 48, 25, 31, 13, 19 ОМ
13.30- № 21, 23, 24, 28, 42 ОМ
14.00- № 32, 2, 39, 4, 10 ОМ
14.30- № 30, 35, 9, 12, 27 ОМ
15.00- № 38, 16, 45, 1, 46 ОМ
15.30- № 55 ОМ

ҰОС Жеңістің 70 жылдығына арналған және Кеңестер Одағының Батыры Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлованың ерлігін еске алу мақсатында өткізілген, қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің мұғалімдері арасындағы «Мерген мұғалім-2015» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысының қорытындысы


Орны

Мектеп

Ұпай саны

1

Георгиевская ОМ

94

2

№ 9 ОМГ

71

3

№ 20 ОМЛ

69

4

№ 24 ЛМГ

69

5

Елек ОМ

65

6

Пригородный ОМ

64

7

№ 6 ОМ

63

8

№ 38 ОМ

58

9

Ақтөбе ОМ

57

10

№ 15 ОМ

51

11

№ 16 ОМ

48

12

№ 25 ОМ

48

13

№ 30 ОМ

46

14

№ 50 ОМ

45

15

№ 35 ОМ

43

16

№ 37 ОМ

42

17

Жаңақоныс ОМ

39

18

№ 29 ОМ

39

19

Қызылжар ОМ

38

20

№ 11 ОМГ

36

21

№ 17 ОМГ

36

22

№ 1 ОМ

35

23

Өрлеу ауылының ОМ

34

24

№ 33 ОМ

32

25

№ 36 ОМ

31

26

№ 4 ОМ

28

27

№ 55 ОМ

27

28

№ 8 ОМ

26

29

№ 48 ОМ

25

30

№ 45 ОМ

25

31

Сазды ОМ

25

32

№ 39 ОМ

23

33

№ 3 ОМ

22

34

№ 32 ОМГ

22

35

№ 26 ОМ

22

36

№ 41 ОМ

19

37

№ 10 ОМ

18

38

№ 44 ОМ

18

39

№ 5 ОМ

17

40

№ 47 ОМ

17

41

№ 23 ОМЛ

17

42

№ 28 ОМ

14

43

Құрашасай ОМ

14

44

№ 40 ОМ

14

45

№ 18 ОМ

13

46

№ 27 ОМЛ

12

47

№ 22 ОМ

12

48

№ 34 ОМ

10

49

№ 42 ОМ

9

50

№ 31 ОМ

7

51

№ 46 ОМ

7

52

№ 14 ОМ

6

53

№ 19 ОМ

5

54

№ 53 ОМ

2


Жарысқа- Благодарный ОМ, Қарғалы Қазақ ОМ, 51 Г, № 13 ОМ, № 21 ОМГ, № 2 ОМГ, № 12 ОМ командалары қатысқан жоқ .
Командалық сайыс қорытындысы бойынша;

1- орынды- 94 ұпай санымен, Георгиевская ОМ

2- орынды- 71 ұпай санымен, № 9 ОМГ

3- орынды- 69 ұпай санымен, № 20 ОМЛ

3- орынды- 69 ұпай санымен, № 24 ЛМГ жеңіп алды.

Жекелей сайыс қорытындысы бойынша ер мұғалімдер арасында;

1- орынды- 25 ұпай санымен, № 6 ОМ мұғалімі Түбір Ербол

2- орынды- 25 ұпай санымен № 35 ОМ мұғалімі Жетпісбаев Азамат

3- орынды- 25 ұпай санымен, № 20 ОМЛ мұғалімі Бахтеев Наиль

3- орынды- 25 ұпай санымен, № 24 ЛМГ мұғалімі Симағамбетов Ермек жеңіп алды.
Жекелей сайыс қорытындысы бойынша әйел мұғалімдер арасында;

1- орынды- 32 ұпай санымен, Георгиевская ОМ мұғалімі Горевая Наталья

2- орынды- 29 ұпай санымен № 38 ОМ мұғалімі Тәжіғұлова Нұргүл

3- орынды- 25 ұпай санымен, № 9 ОМГ мұғалімі Мушенок Светлана

3- орынды- 25 ұпай санымен, Елек ОМ мұғалімі Иманова Марта жеңіп алды.
Барлық жеңімпаз командалар мен жекелей сайыста жеңіске жеткен мұғалімдер, қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 11.02.2013 жылы қабылдаған № 118 «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру, қамтамасыз ету және алғашқы әскери даярлық сабағын оқу-материалдық базасын қалыптастыру туралы» қаулысына және Ақтөбе қаласының әкімдігінің «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына дайындық пен оны мерекелеуді өткізу іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 23 жыл толуы күніне және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шаралар қала мектептерінің барлығында жүргізілді. Мектептерде «жауынгерлік өлеңдер» байқауы, «Алау», «Қайсар» әскери-спорттық жарыстары өткізілді.

Қалалық білім бөлімі басшысының 22.04.15 жылғы № 405 бұйрығына сәйкес орта буын оқушылары арасында №35 ОМ территориясында жүргізілген «Жас ұлан» әскери-спорттық жарысының финалдық сайысы өткізілді. Сайыс екі (2) кезеңмен өткізілді. Қазан, ақпан айларында. Осы сайыстардың жеңімпаздары: № 27 ОМ, № 36 ОМ, № 28 ОМ, № 6 ОМ, Елек ОМ, № 37 ОМ, Пригородный ОМ, № 33 ОМ

04- мамыр күні финалдық сайысқа қатыстырылды. Сайыс қорытындысы бойынша

1-ші орынды 36 ОМ оқушылары

2-ші орынды 28 ОМ

3-ші орынды 37 ОМ және № 27 ОМЛ оқушылары жеңіп алды.



Қалалық дәрежеде ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебінің базасында қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен және қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жоғарғы класс оқушылары арасында қалалық білім бөлімінің- № 338 12.03.15 жылғы бұйрығына сәйкес, 2015 жылдың 6- мамыры күні, дәстүрлі «Жас жауынгерлер-2015» әскери-спорттық жарысы өткізілді.

Жарысқа финалға шыққан Ақтөбе қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің 7 командасы- № 6, № 33, № 36, № 24, № 37, № 1, № 13, № 55 орта мектептер командалары. қатыстырылды. Нәтижесінде:

1-ші орынды № 33 ОМ командасы;

2-ші орынды № 36 ОМ командасы;

3-ші орынды № 13 ОМ командасы жеңіп алды.

Мамыр айының 28- күні, қалалық білім бөлімі басшысының 25.04.14 жылғы № 425 бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қаласының жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің командалары Хобда ауданы Әлия патриоттық тәрбие беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 90 жылдығына арналған «Қызы батыр ел –Ұлы ел» атты әскери-патриоттық сайысына қатыстырылды. Бұл сайысқа қаланың № 37 ОМ, № 33 ОМ, № 13, № 5 ОМ, № 55 ОМ оқушылар командалары және Әлия ауылының оқушылар командасы қатыстырылды.

Сайыс нәтижесінде;

1-ші орынды № 33 ОМ командасы

2-ші орынды № 55 ОМ

3-ші орынды № 37 ОМ командасы жеңіп алды.



Қазақстан Республикасының «әскери міндет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16- бабына, Ақтөбе қаласы әкімінің 26.12.2014 жылғы № 14 «1998 жылғы туған азаматтарды Ақтөбе қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеу жүргізу» туралы шешіміне және Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының үкіміне орай 2015 жылдың 3- қаңтарынан бастап 29- наурызға дейін қала мектептерінде білім алатын 1998 жылы дүниеге келген ер балаларды әскери есепке тіркеу науқаны жүргізілді.


Әскери есепке тіркеу науқанында қала мектептері көрсетілген кесте бойынша оқушыларды қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма жанындағы медициналық комиссиядан өткізді. Барлық мектептер әскери есепке алу науқанын ескертусіз өткізді.
Қазақстан Республикасының Президенті Академиясының жанындағы әскерден тыс дайындық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдерінің кәсіби дайындығын арттыру мақсатында қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептірінің АӘД пәнінің мұғалімдерінің аталған оқу орнында білім жетілдіру және қайта даярлау курстарынан 40 (қырық) әскери жетекші даярлықтан өткен, бұл барлық әскери жетекшілер санының 82% құрайды.

№ 12, 29, 32, 48, Сазды ОМ АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары аталмыш оқу орнын тәмамдағаны туралы сертификат алмаған. Бұл мамандықтарының сәйкес келмеуіне байланысты келесі оқу жылында АӘД пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа жіберілмеуі мүмкіндігін көрсетеді.



2014-2015- оқу жылындағы мектептерде жүргізілген әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстары оқушыларды, Қазақстандық патриотизм, интернационализм, рухында тәрбиелеуге толық мүмкіндік береді. Қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептеріндегі АӘД пәнінің оқытылу деңгейі қанағаттанарлық дәрежеде деп бағалауға болады.
Мектеп директорларына ұсыныстар:

  • АӘД пәнін оқытуды ұйымдастыру деңгейін көтеру мақсатында Калашников автоматының оқу макетін сатып алу мүмкіншілігін қарастыру қажет

  • Мектептерде әскери-патриоттық клубтардың немесе үйірмелердің жұмысын жандандыру қажет

  • Спорт алаңдары бар мектептерде «тактикалық қалашықты» жабдықтауды қарастыру қажет

- Алдағы оқу жылында АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушыларын Қазақстан Республикасының Президенті Академиясының жанындағы әскерден тыс дайындық орталығында білім жетілдіру курстарынан өтуі үшін қаржылық шығынды қарастыру және АӘД пәнінің мұғалімдерінің аталмыш оқу орнынан білім жетілдіру курстарынан өткізуді қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет