Жылы құрылған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны



Дата06.02.2022
өлшемі15,65 Kb.
#79933
Байланысты:
UIB


UIB-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Армысыздар құрметті 2019-2020 жылғы жас түлектер.Менің есімім Азат,менің сіздерге келүімнің басты міндеті,өзім таңдаған ЖОО орыны туралы бірер мағлұматтар берү.Сонымен
Халықаралық бизнес университеті (University of International Business) – 1992 жылы құрылған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Бүгінгі таңда UIB – жоғары білімді білікті мамандарды даярлауда тәжірибесі бар, экономиканың түрлі салаларында бизнес жүргізуге қабілетті және көшбасшы бола алатын өзіндік қазіргі заманғы бизнес-мектеп,
Қазіргі таңда UIB Университеті - менеджмент және маркетинг, қаржы және есеп, экономика және халықаралық қатынастар, экология және туризм, мемлекеттік және жергілікті басқару, ақпараттық жүйелер, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтану, психология және журналистика салаларында мамандар дайындайтын мамандандырылған гуманитарлық-экономикалық ЖОО.
--------------------------------------------
1.Сіз неге UIB-ды таңдадыңыз?
Ең басты себеп ол еркіндік. Атыма затым сай болғандықтан ба өз басым,көк аспанда қанатын кеңге жайған бүркіттей азат ұшып еркін білім алуды қалаймын.Және алған білімімді теориядан қарағанда практикада қолданған маған қолайлы.Ал UIB- маған осы мүмкіндікті сыйлай алады.
Сонымен қатар, білім беру сапасының маңызды көрсеткішіне жоғағры оқу орны түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі мен сұранысқа ие болуы жатады. Өз түлектерін лайықты түрде еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында UIB кәсіби қауымдастықтармен белсенді түрде ынтымақтастық жасап келеді, соның нәтижесінде жыл сайын олардың 95-98%-ын еңбекке орналастыруға қол жеткізуде. Біздің түлектер ірі қазақстандық және халықаралық компанияларда, ҚР Қаржы Министрлігінде, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінде, салық ұйымдарында жұмыс істейді.Бір сөзбен айтқанда далада қалмайсын!
-----------------------------------------------------------------------------
2.Бұл университет басқалардан несімен ерекшеленеді?
Басты ерекшелік,университет практикалық білім бойынша тәлім алады,яғни басқа ЖОО-нан айырмашылығы.Оқу бағыты тым өзгеше,білім алып жатқан тәлімгерлердің оқудан бөлек жан жақты дамуына көмек теседі,дәл осы бағытта оқу ордасында түрлі іс –шаралар өтеді. Әр аптаның қортындысы ретінде,рубежка ға дейін алған білімдерін практика жөнінде көрсетеді.Дәл осындай жұмыстар,UIB-дің әр бір түлегі,студент кезінде алған практикалық білімдерін болашақ жумыс орындарында еркін қолдана алады..
----------------------------------------------------------------
3.UIB еліміздің дамуына қандай үлес қосады?
Университеттің жоғағры білім беру нарығында Қазақстан Республикасының ең беделді рейтингтерінде тұрақты орын алуы оның жоғары мәртебесін көрсетеді. Білім беру с апасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз қазақстандық агенттіктің 2010 жылы жариялаған ЖОО-дардың «Бас рейтингісінде» сәйкес UIB Қазақстанның таңдаулы 60 ЖОО-ның қатарына кірді және гуманитарлық-экономикалық оқу орындарының арасында 7 орын алды. 2010 жылы ҚР Ұлттық аккредитациялық орталықтың деректері бойынша бакалавриаттың білім бағдарламаларын табысты жүзеге асырып келе жатқан ЖОО-лар рейтингісінде еліміз бойынша UIB-дің «Қаржы» мамандығы екінші орын, ал «Маркетинг» мамандығы үшінші орын алды Университет несиелік және қашықтықтан оқытуды енгізу бойынша көшбасшылардың қатарына кіреді, ол оқу орнының халықаралық білім стандарттарына сәйкес келуіне мүмкіндік береді. Білім беру қызметінде инновацияны енгізу арқасында университет бірлескен жобаларды жүзеге асырып және студенттер мен оқытушылар алмасу жөнінде бағдарламаларды енгізе отырып, Ресей, АҚШ, Еуропа және Азияның ірі жоғары оқу орындарымен кең түрде байланыс жасап келеді.
-------------------------------------------------------------------Сөз соңында .Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.Ал UIB білім бағытындағы,сіздін табысқа бастар жолыныз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет