Жылқы тарихы – қазақ тарихы. Эоцен кезең


Плиогиппус ерте олиоценде меригиппустан кейінгі орнын басқан



бет4/5
Дата08.10.2023
өлшемі42,49 Kb.
#184181
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жылкы тарихы 1
Жиренқопа маңындағы бұғы тас Антонов М.Ғ. Ойыл қазақ орта мектебі
Плиогиппус ерте олиоценде меригиппустан кейінгі орнын басқан жануар. Ол қазіргі қалыптасқан жылқының тікелей арғы атасы. Саусақтары қысқарып тұқайға айналды. Қазіргі жылқылар мұз дәуірінің екінші кезеңінде плиогиппустан 5 миллион жыл бұрын тарады.
ПалеолитЕжелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған. Табиғаты. Оңтүстіктегі Үнді мұхиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған. Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер.
Жылқы тұқымдасы есекқұланзебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан (немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпаң жатады. Соңғысы 19 ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкадажабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен.
Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары — қой мен ешкі. Қойдың арғы тегі — арқар (муфлон), ал ешкінікі — таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8—7-мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған.
Сиыр тұқымының дәл қай жерден шыққаны әлі аныкталмаған. Дегенмен де қолға үйретілген сиырдың да ең көне заманғы сүйегі б.з.д. 7-мыңжылдыққа жатады, ол Оңтүстік Анадолы жерінде (Түркия) табылған. Б.з.д. 6—5-мыңжылдықта Месопотамия жерінде мал шаруашылығы болғандығы бүгінде дәлелденген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет