Ұжым – күрделі оркестр, онда әркімнің өз аспабы болады, сол аспабымен ойнайды. В. А. Сухомлинский



Дата11.05.2020
өлшемі10.89 Kb.

Ұжымды қалыптастыруда кедергі келтіретін әрекеттер

Ұжым – күрделі оркестр, онда әркімнің өз аспабы болады, сол аспабымен ойнайды. В. А. Сухомлинский

Жоспар


2.2 Ұжымды қалыптастырудағы пайдалы әрекеттер

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Ұжымды қалыптастырудағы кедергілер



ІІІ Қорытынды

І Кіріспе

Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субъектісі ретівде қазіргі педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. И. Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға үмтылуы сйяқты идеяларының ықпалымен қалыптасты. Тәрбие мақсаты, балалар ұжымын қалыптастыру мәселесі отандық педагогика ғылымында педагогикалық ұжымның екі орнықты моделін іздеумен бірге қарастырылды. Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалын біріктіру 20-30 жылдары педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды. Н. К. Крупская, С. Т. Шацкая, А. С. Макаренко және т.б./ "Тәрбиешілер ұжымы болуы ксрек", — ден жазды. А. С. Макаренко - тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде жәнс біртүтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбис процесі болуы мүмкін емес".

2.1 Ұжымды қалыптастырудағы кедергілер

Жағымды лсихологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардың катарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе "климаттык ауытқуды" атауға болады. Әлеуметтік-психологиялық келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынас саласында пайда болатын карама-қайшылықтың шиеленісіп кетуі ретінде қарастырады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлғааралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен құралдары туралы әртүрлі пікірде болады.

Келіспеушіліктердің себептері

Келіспеушіліктер әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралык келіспеу-шіліктер бірлескен педагогикалық әреқет процесінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына бапланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер, басшылар арасыңдағы іскерлік сипаттаіғы байланыс болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеу-шіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. 

Ұжымды қалыптастырудағы пайдалы әрекеттер

Тұлғаның көңіл күйі, оның жұмысқа, тіршілік қарекеттеріне қабілеті ұжымда орнаған әлеуметтік-психологиялық климатқа байланысты. Көңілді, қуанышты балалар тобының ортасына түскен индивид (жеке тұлға) те бұған дейін көңілсіз болса, енді еріксіз қүншуақ сезімдерге бөленеді.

Ұжымның қалыптасуы үшін мыналар қажет:

  • Айқын белгіленген ережелер мен талаптар. Балалар ұжымы мәселелерімен шұғылданушы Т. Е. Конникова өзінің «Мектепте оқушылары ұжымын ұйымдастыру» деп аталатын еңбегінде ұйымға (балалар ұжымына) келіп түскен баланы бірден әрі даяр әрі қатаң тәртіп қарсы алғаны дұрыс дейді. Бірақ бұл тәртіп бірлесіп тіршілік ететін балалардың мінез-құлқына лайық аяда болуы тиіс екендігін атап көрсетеді. Балаларды неғұрлым қатаң әрі сенімді тәртіп аясына алған сайын, балалар ұжымын ұйымдастырудың алғашқы кезеңі солғұрлым жеңіл өтеді. Жұмыс нәтижелері де күткендегідей болады.
  • Тәрбиенің ойластырылған жүйесі. Тәрбие жүйесі бұл процесті ұйымдастыру жұмыстарының, оларға тән мазмұн мен әдістеменің бір арнаға құйылуын қажет етеді.
  • Балалар ұжымы бекітіп, ұсынған үлкендердің талаптары.
  • Дәстүрлер.

Ұжымның бірлесіп жүргізетін қызметі

Ғылыми зерттеулерде әлеуметтік-психологиялық климат пәндік-практикалық қарым-қатынастар нәтижесі ретінде қарастырылады. Ол нәтиже бірлескен қызмет барысында жинақталады. Бұл және тиімділік шарты да. Ұжымның бірлесіп жүргізетін қызметі барысында тәрбиеленушілердің өзара тығыз байланысқа түсіп, психологиялық тұрғыдан бір-бірін толықтыруы олардың арасында оңды қарым-қатынастар қалыптасуына, әлеуметтік-психологиялық климаттың жақсаруына жағдай туғызады.

Қорытынды

Адамгершілік тұрғысындағы психологиялық климатқа әсер етуші фактор – сынып жетекшінің жұмыс стилі, қолданатын әдістері және оның өз беделі. Жетекшінің үлгілі моральдық қасиеттері, педагогикалық әдебі, айрықша ұйымдастыру қабілеті, жоғары біліктілігі – оңды климат қалыптастырудағы ең басты факторлар. Жетекшінің рухани байлығы мен моральдық тазалығы үлкен бедел негізі болып табылады. Ол әрбір ұжым мүшесінің мінез-құлқына, қызметіне пәрменді ықпал ететін нәрсе. Мұндай жетекшінің кезінде ұжымда оңды климат тұрақты сипат алып, вертикальды да, горизонтальды да қарым-қатынас үшін оңтайлы жағдайлар жасалады. Жұмыс нәтижелі жүреді. Қайшылықтарға, қызғаныш пен көре алмаушылық секілді залалды көріністерге орын қалмайды. Ұжым психологиялық климатын қалыптастыруға қажетті жетекшінің неғұрлым маңызды тұлғалық қасиеттері: объективтілік, әділдік, принциптілік, адалдық, сабырлылық, салмақтылық және оптимизм.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.ISBN 9965-32-491-3
  • Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет