Ұйым ережелері мектеп ережелері



бет2/4
Дата12.10.2020
өлшемі35,07 Kb.
#66160
1   2   3   4
Оқушылардың міндеті:


  • мектеп ережелеріне, әсіресе техникалық сыныптардың ережелеріне, мектептегі клуб ережелеріне және мектеп асханасының ережелеріне, денсаулық сақтауға және қауіпсіздікке қатысты қағидалар мен нұсқауларға, мектепішілік қана емес, мектеп ғимараттарынан тыс өтетін мектептің іс-шараларының барлығында (мысалы, тренинг семинарлары, экскурсия, саяхаттау, спорттық іс-шаралар, жарыстар, олимпиада және т.б.) ережелерге бағыну;

  • мектепке немесе мектеп курстарына тиісті түрде қатысу және дұрыс оқу;

  • оқу бөлімінің қызметкерлері мен мектептегі басқа қызметкерлердің нұсқауларын орындау;

  • қандай да бір жолмен сыныптағы оқу курсына кедергі жасамау, ал егер мектеп ережелері өрескел бұзылатын болса, оқушы жеке оқытылуы мүмкін;

  • оқулықтарды және мектеп жабдықтарын күтіп ұстау, оларды орнына қою, сыныпты және мектептің басқа аймақтарын таза ұстау, мектептің мүлкіне зақым келтірмеу;

  • сыныптастарының заттарына зиян келтірмеу, мінез-құлық қағидаларын бұзбау (студенттің өз сыныптастарына, мектеп қызметкерлеріне бейәдеп сөз сөйлеуі және физикалық тұрғыда шабуыл жасауы міндеттерді өрескел бұзу болып табылады, ондай жағдайда оқушының тәртібіне қойылатын баға төмендейді);



  • қорлау, интернет арқылы үркіту, дискриминация және басқа да әлеуметтік патологиялық жағдайларды мұғалімге немесе мектеп басшылығына хабарлау немесе олардың алдын алу;

  • оқу кестесіне сәйкес сол күнгі мұғалімдер талап еткен оқулықтарды, мектеп жабдықтарын және керек-жарақтарды өзімен алып жүру;

  • Мектепке сабаққа қатысы жоқ және балалар мен жасөспірімдердің жарақаттануына себеп болатын, денсаулығына немесе моральдық тәрбиесіне қауіп төндіретін заттарды (мысалы, ұялы телефон, планшет, портативті электрондық құрылғылар, қолшамдар, фейерверк т.б.) алып келмеу, құнды заттар, көп мөлшерде ақша сияқты мектептің білім беру бағдарламасына қатысы жоқ заттар алып келмеу. Оқушының заңды өкілі оған ұялы телефонды, басқа да байланыс немесе жазу құрылғыларын (бұл құжатта “жеке заттар” деп аталады) ұстап жүруге рұқсат етсе, оқушылар жеке заттарын өшіріп, сөмкесінде сақтауы керек;

  • оқушылар өздеріне тиесілі жеке заттарды шкафқа салып, олардың есігін тиісінше құлыптауы керек. Егер жеке шкафтары дұрыс құлыпталмаса, оқушылар жеке заттарын тиісті түрде қадағалай алу үшін, оларды шкафтарына салып қоюы керек. Оқушы құнды заттарын немесе көп мөлшердегі ақшасын мектеп секретариатына тапсыруына болады.

  • сабаққа қатысы жоқ жоғалған жеке заттарға мектеп жауапты емес және оқушылардың жеке заттары жоғалса, зақымдалса немесе ұрланса, заңды өкіл сақтандыру компаниясына немесе құқық қорғау органдарына жүгінуі керек;

  • егер оқушы сабақ кезінде жеке заттарды пайдалануға тыйым салатын ережелерді бұзатын болса, ол мектеп қызметкерінің талабы бойынша байланыс құрылғысын дереу өшіріп, оны мектеп қызметкерінің үстеліне әкеліп беруі керек. сабақ біткеннен кейін мұғалім оқушының затын қайтарып береді және оқушы оны сөмкесіне салып қоюы керек;

  • мектеп қызметкерлерінің нұсқауларын орындамау мектеп ережелерін өрескел бұзғандық болып саналады, себебі Білім беру заңына сәйкес оқушы нормативтік актілердің және Мектеп ережелерінің немесе мектептің ішкі ережелерінің негізінде мектеп қызметкерлерінің нұсқауларына мойынсұнуы міндетті. Мұғалім ондай жағдайды оқушының күнделігіне жазып, оның заңды өкілдеріне ашық (телефон, электрондық пошта арқылы) хабарлайды. Осы ережелер бұзылған жағдайда және мектеп қызметкерлерінің нұсқауларын орындамаған жағдайда, Мектеп ережелеріне сәйкес шешім қабылданады;

  • ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданғанда, оқушылар жауапкершілікті сезінуі керек, мектепке қатысты дерек пен ақпараттың вирустардан, рұқсатсыз пайдаланудан, зақымдардан, жоғалудан, дұрыс пайдаланбаудан немесе ұрланудан қорғау үшін мұғаліммен және мектептің басқа қызметкерлерімен біріге жұмыс істеуі керек; оқушылардың барлығы мектептің компьютерлік жүйесін заң талаптарына сай және әдеппен қолдануы, мобильдік құрылғыларды білім алу мақсатында қолдануы, мектеп ғимаратында фотосурет немесе видео түсіру үшін мұғалімнің немесе мектеп басшылығының рұқсатын алуы керек;

  • сабақтарға дұрыс әрі уақытылы дайын болу; оқушының күнделігін мұғалімге көрсету;

  • ауырып мектепке оралғаннан кейін, оқу жоспарын тез арада қуып жету; ол үшін оқушы мұғаліммен келісіп, консультация алуына болады;

  • Өздерінің және сыныптастарының денсаулығына зақым келтірмеу; темекі шегуге, алкогольдік ішімдіктер ішуге, зиянды және есірткілік заттар қабылдауға болмайды; мектепте және мектеп ұйымдастырған іс-шараларда қандай да бір есірткілік заттарды ұстауға немесе таратуға болмайды;

  • мектепке сабаққа тікелей қатысы жоқ және оқушыларды, сондай-ақ айналадағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін қару-жарақ, жарылғыш заттар, пиротехника және соған ұқсас заттарды алып келмеу;

  • мектептегі жаттығуларға байланысты орын алған қандай да бір жарақатты мұғалімге, сынып жетекшісіне немесе мектептің басқа қызметкеріне дереу хабарлау керек; кеш хабарланған жағдайларды мектеп қабылдамайды;

  • оқулықтарды, мектеп жабдықтарын және мектеп мүлкін күтіп ұстау; мектеп мүлкіне әдейі зақым келтірілгені анықталса, оқушылардың заңды өкілдері қаржылық немесе басқа да жолмен өтемақы төлеуі керек болады;

  • Мектепке дұрыс, уақытылы әрі тиісті таза формамен келу, санитарлық ережелерді сақтау, табаны боялмаған аяқ киім кию, спорттық аяқ киімдерді кимеу, әшекейлерді және бас киімдерді киім шешетін бөлмеге қалдыру, нәсілдік дискриминацияны насихаттайтын, қауіп төндіретін немесе экстремистік әрекеттерге итермелейтін киім мен аксессуарларды кимеу;

  • таңертеңгі және түстен кейінгі сабақтар кезінде рұқсатсыз мектеп ғимаратында қалу; оқушылар мектепте мұғалімдердің рұқсатымен ғана және олардың қадағалауымен ғана қалады;

  • оқушы немесе студент мектептің немесе мектеп жанындағы орталықтың қызметкерлеріне сөзбен немесе физикалық шабуыл жасаса, осы заң аясындағы міндеттерді өрескел бұзу деп есептеледі. Егер қандай да бір оқушы немесе студент осындай әрекетке баратын болса, мектеп басшысы немесе мектеп директоры балалардың заңды және әлеуметтік құқығын қорғау органдарына (кәмелет жасқа толмаған болса) немесе прокуратураға (ересек адам болған жағдайда) дереу хабарлауы керек;

Осы ережелерде көрсетілген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, ережелерді бұзу өрескелдігіне қарай оқушыға мынадай шаралар қолданылуы мүмкін: сынып жетекшісінің ескертуі (CTA), сынып жетекшісінің сөгісі (CTR), мектеп директорының сөгісі (HR). Бұндай шаралар бір тоқсанда бірнеше рет қолданылуы мүмкін. Мектеп оқушыға және оның заңды өкіліне ескерту немесе сөгіс алғандығы туралы және оның себептерін дереу хабарлап, оны мектептің құжаттамасына тіркеуі керек. Марапаттауға қатысты ережелер, сондай-ақ ескерту және сөгіс беру туралы ережелер Классификациялық ережелердің қосымшасы ретінде Мектеп ережелерінің бір бөлігі болып табылады.


  1. Заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері


Заңды өкілдер – мектептің білім беру жұмысындағы серістесі. Оның орнын ешкім баса алмайды және ол өзінің баласына қатысты барлық деректен хабардар болып отыруы керек.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет