Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы Күні



Дата10.10.2020
өлшемі17,33 Kb.
#64103

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 01.09.16ж

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: Адамның баспанасы

Білім көздері: Жаратылыстану.

Мақсаты: адамдардың баспаналары: киіз үй, көпқабатты үй, пәтер, олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы айтып беруге, оқылған әңгімедегі кейіпкерлердің әрекетін талқылауға үйрету. Балалардың таным белсенділігін арттыру. Ересектердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту. Баспана салған адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: киіз үй,жер үй мен көпқабатты үйдің суреттері

Әдіс – тәсілдер: сөздік,көрнекілік, ойын.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңберді ұйымдастыру.

Кәне, кәне, тұрайық,

Киіз үйді құрайық.

Бір уықты қолға алып,

Шаңыраққа тағайық,

Шеңбер болып айналып,

Арқандарды тартайық.

- Балалар, біздің шаттық шеңберіміз не жайында болды?

Дұрыс айтасыңдар балалар, олай болса біз бүгін адамдардың баспаналары туралы әңгімелесейік.


Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айта отырып, қимыл – әрекетпен орындайды.

- Киіз үй жайында.



Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Балаларға әртүрлі үйлердің суреттерін көрсете отырып, ішінен киіз үйді табуларын сұрау.

- киіз үй екендігін қайдан білдіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар, «киізден жасалғандықтан бұл үйді киіз үй деп атаған», - деп балаларға киіз үйдің құрылысы туралы қысқаша ақпарат беру.

- Көпқабатты үй, екі қабаттан тұратын үй туралы не айтар едіңдер?

- Қалай ойлайсыңдар, осы баспаналарды салған кімдер?

- Оларды кімдер деп атаймыз?



Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Бір отырып , бір тұрып,

Құс боп қанат қағайық.


Балалар киіз үйдің суретін тауып көрсетеді.
- Өйткені ол киізден жасалған.

- Көпқабатты үй биік, үлкен, онда көп адамдар тұрады.

- Екі қабатты үйде бір отбасы ғана тұрады. Бірақ оның бөлмелері көп.

- Адамдар.



- Құрылысшылар деп атаймыз.

Рефлексиялық -түзетушілік

Ы. Алтынсариннің «Ағаш үй мен киіз үй» әңгімесін оқып, бүгінгі күнгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін түйіндеу.

Балалар әңгімені тыңдап, әңгіме желісі бойынша қойған сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: адамдардың баспаналары мен олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары туралы.

Игереді: киіз үй, көпқабатты үй, пәтер, оларың айырмашылықтары, ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы.

Меңгереді: салыстыруды, сипаттап әңгімелеп беруді.
Каталог: uploads -> doc -> 038a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
038a -> Сабақтың мақсаты: Балалардың күз туралы түсінігін кеңейту
038a -> Theme \Тақырыбы The usa\ Америка Құрама Штаттарына саяхат Form\Сынып
038a -> Сабақ жоспары Тақырыбы: «Нәзік» салаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет