Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Мерзімі



Дата07.02.2022
өлшемі16,53 Kb.
#87626
Байланысты:
заттар арасымен еңбектеу


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мерзімі: 26.10.20
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Заттар арасымен еңбектеу».
Мақсаты:

  1. Заттар арасымен еңбектеу;

  2. Тұрған жерінен ұзынндыққа секіру.

Көрнекі құралдар: доп, ойыншық.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала іс-әрекеті

Мотивация-
лық-қозғаушы

Амандасу.
Дене қыздыру жаттығулары.

Амандасады.
Қайталайды.

Ұйымдастырылған-ізденушілік

Бір-бірінің артынан жүреді, жүгіреді, қатармен аяқтың ұшымен жүреді.
Жалпы дамыту жаттығуларын орындау, допты қолдану.
Негізгі қимылдар.
Гимнастикалық скамейканы аттап, алға, артқа жүру, аяқтарын бүгіп секіру, допты бір-біріне лақтыру, бөренелерден өту.
Қимылды ойын: «Көкөністер жинайық»
Мақсаты: Балаларды зерек болуға және бір-біріне қажетіне қарай көмек беруге үйрету. Шапшаңдыққа, төзімділік сияқты қасиеттерін дамыту. Батылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты:Үстелдің үстіне он шақты алма шашыраңқы қойылады. Ойынға қатынасқан балалар бір доппен кезек бойынша ойнайды. Қолына доп тиген бала оны аспанға биіктете лақтырады. Содан кейін доп жерге түскенше әлгі ойыншы дереу астықты жинауға кірісуі керек яғни стол үстіндегі алмаларды жинай бастайды. Осылайша кім көп алма жинаса, сол жеңімпаз атанады. Далада ойнаған кезде ұсақ тастарды пайдалануға болады.

Жүреді, жүгіреду, қимылдар жасайды.

Доптың көмегімен жалпыдамыту жаттығуларын орындайды.


Қимылдарды дұрыс жасауға тырысады.


Ойын шартымен танысып, көңілденеді.

Рефлексті-түзету

Балаларды мадақтау, дем алу жаттығуларын орындау.

Мәз болады, сабақты қорытындылайды, дем алу жаттығуларын орындайды.



Күтілетін нәтиже:
Біледі: білімдерін бекіту, денсаулыққа пайдасын.
Игереді: шыдамдылық, шапшаңдық.
Меңгереді: негізгі қимылдарды дұрыс жасай алу.
Тексерілді:____________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет