Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары



Дата08.04.2023
өлшемі0,52 Mb.
#174002
Байланысты:
сауат ашу нені үйрендік Не білдік
1558724679, 1644000881, 1558523615


Бекітілді: ____________________
" " әдіскері:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары.


Тобы: «»
Күні: _________
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: Не үйреніп, не білдік?
Мақсаты: Дыбыс, сөз, сөйлем туралы алған білімдерін бекіту, кеспе әріптерден сөз құрап, қосып-оқу дағдыларын жетілдіру, сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын анықтау, сөзге дыбыстық талдау жасау.
Үштілділік: ара-пчела-bee, маса-комар-mosquito, күшік-щенок-puppy.
Әдіс-тәсілдер:СТО :жұмбақ,топтастыру,ойын,фонетикалық талдау,мен білемін,қорытындылау,өзін-өзі бағалау,топты бағалау.
Көрнекілік: бейнетаспадан көрсетуге арналған суреттер, ара, маса, күшік, әр түрлі дыбыстарды айтып тұрған балалар, әріптер жазылған түссіз доптар, қызыл, көк түсті себеттер, конверттер, әріптер жазылған көбелектер, кеспе әріптер.



Іс - әрекеттер
кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық қозғаушы

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»



Тақтадағы әріптерден сөз ойлайды.

Ұйымдастыру – ізденушілік

Суретке назар аударамын.

  • Балалар, бүгін бізге білім ханшасы қонаққа келді. Ол біздің не үйреніп, не білгенімізді тексеремін дейді.

  • Білімдеріңді көрсетуге дайынсыңдар ма?



Білім ханшасының тапсырмалары:

  1. «Дыбыстар»

Тақтадан араның, масаның, күшіктің суреттерін көрсетемін.



  • Ара қандай дыбыс шығарады?

  • Маса қандай дыбыс шығарады?

  • Күшік қандай дыбыс шығарады?




  1. Дидактикалық ойын: «Дыбысты таны»

Тақтадан балалардың дыбыстарды айтып тұрған бейнелерінің суреттері көрінеді.

  • Қалай ойлайсыңдар мына қыз бала қандай дыбысты айтып тұр?

-Ал мына ұл бала ше?
Балалардың қандай дыбыстарды айтып тұрғандарын дыбысты айтқанда тілмен еріннің , жақтың қалпын анықтатамын.



  1. Дидактикалық ойын: «Доптарды өз себетіне сал»

Тақтадан өткен әріптер жазылған түссіз доптарды көрсетемін. Бір шетке қызыл, екінші шетке көк себет қойылған.

  • А әрпі жазылған допты қай себетке саламыз?

Сергіту жаттығуы
Добым кетті домалап,
Тыным таппай жорғалап.
Кетті мүлдем қағынып,
Қалмаса екен жарылып.



  1. «Сөздер»

Тақтадан ара, шар, нан, лақтың, атаның суреттері мен сөйкес жазылған сөздер көрінеді. Әр сөзді әр балаға оқытып, сәйкес суретті тауып, сөзге жақындату керек екенін айтамын.


5. Дидактикалық ойын: «Сөзді өзгерт»

  • Кеспе әріптермен «Ата» сөзін жазыңдар.

  • Сөздегі әрбір әріптің өз орны бар. Егерде бір әріпті өзгертсек, сөздің мағынасы өзгеріп кететінін білесіңдер. Алдымыздағы «Ата» сөзінің бір әріпін «Ауа» сөзі шығатындай етіп өзгертіңдер.





  • Дайынбыз.



Тақтадан суреттерді қарайды.


-З-з


-Р-р-р
-Қыз бала «а» дыбысын айтып тұр. «а» дыбысын айтқанда жағымыз ашылады, тіліміз кедергі жасамайды.
-Ұл бала «о» дыбысын айтып тұр. «о» дыбысын айтқанда ерніміз дөңгеленеді. Тіліміз кедергі жасамайды.
-А әріпі жазылған допты қызыл себетке саламыз, себебі ол дауысты дыбыс.


Балалар өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.


Әр бала әр сөзді оқып, сәйкес суретті сол сөздің жанына алып келеді.
«Ата» сөзін жазады.
-Бір әріпті өзгерту арқылы «Ауа, ана, ата, ара» сөздерін жазады, оқиды.

Рефлексивті коррекциялаушы




  • Кім бүгінгі оқу-қызметінде жақсы қатыстым деп ойлайды? Кім өзін-өзі бағалайды?.



Ал,барлығымыз қалай қатыстық?

  • «Дыбысты тап», «Дыбысты таны», «Сөзді өзгерт».

Білім ханшасымен қоштасады.


Балалар өздерін бағалайды.
Бірін –бірі бағалайды.



Күтілетін нәтиже:


Біледі: дыбыс, сөз, сөйлем туралы біліп, кеспе әріптерден қысқа сөз құрауды, сөзді буынға бөлуді;


Игереді: бір әріпті өзгерту арқылы сөз мағынасын өзгертуге болатынын;


Меңгереді: өткен әріптерді танып, көрсете білуді.

«Бөбек» мектепке дейінгі ұйымы





Тәрбиеші: Сахыпкереева Р.Т.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет