Ұжымның даму кезеңдері



Дата16.10.2023
өлшемі34,54 Kb.
#185687
Байланысты:
Ұжымның даму кезеңдеріне қос жазба күнделігін толтыра отырып сипаттама беру
Серый и Розовый Минималистичная Представитель Клиентской Службы Маркетинговая Презентация

Ұжымның даму кезеңдеріне қос жазба күнделігін толтыра отырып сипаттама беру



Ұжымның даму кезеңдері



Түсініктеме

Бірінші кезең

Бірінші кезенде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс – әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез – құлық нормасын үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайларда бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.

Екінші кезең

Екінші кезенде ұжым өзін – өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарыно көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс – әрекеттерін бақылау т.б.

Үшінші кезең 

Үшінші кезең – бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс -әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір — біріне ілтипатты болу сияқты болымды қасиеттер пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет