Жинаққа Махамбет ақын туралы әр жылдары жазылған мақалалар, алғы сөздер және баяндамалар енгізілген



бет6/6
Дата06.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#32014
1   2   3   4   5   6
Махамбет мұралары
И. Кенжеалиев ақын мұраларын зерттеуші ғалым

Сонда да жанашыр қауымның қамқорлығы тимей жүрген бiр жай бар. Ол- Махамбеттiң тарихи мұрасын iздестiрудiң жеткiлiксiздiгi. Республика мен облыстың басшылары, ғылыми, әдеби, тарихи орта ұлы бабамыздың қоғамдық-саяси қызметi жайлы деректердi, оның ақындық шығармашылық, сазгерлiк мұраларын жинастырып, жарыққа шығаруда мардымды жұмыс iстей алмай келедi.


Махамбет жайлы жиырма жылдың үстiнде iздестiру-зерттеу мақсатында ел аралап, архивтердi ақтарып, жиған-тергенiмiздiң бiрқатарын баспасөз бетiнде жариялап, бабамыздың бай мұрасын халқымыздың игiлiгiне жаратуға қолдан келгенiнше атсалысып келемiз. Бұндағы айтайық дегенiмiз: батырдың қызметi туралы, өлеңдер жинағы жөнiнде әлi де тиянақты ғылыми тұрғыдан дәйектi кiтаптар көрiнбейдi. Кейбiр жерлестерiмiз еңiреген ердiң еңбегiне жеңiл-желпi қарайды екен. Сондайдың салдарынан болар, Махамбеттiң әдеби, музыкалық шығармаларын жинастыру кемшiн. Атырауда талай тарихшы, әдебиетшi, т.б. мамандар, көптеген қоғамдар, iрi кәсiпорындар бола тұра, осы күнге дейiн оның жанкештi болып, шыбын жанын шүберекке түйiп, жүрiп өткен жолдарын анықтаумен ешкiм шұғылданбайтыны өкiнiштi.
Өзiм Аштарқан мен Қиғаштан, Орда мен Бекетайдан бастап батыр бабамыздың жүрген iздерiн Ақтөбеге дейiн iздеп барған болдым. Бiрақ жалғыз адамның iсi өне ме? Көрiп-бiлгендерiмнiң кейбiрiн архив деректерiне қосып, екi-үш рет Махамбет туралы қысқаша болса да тарихи очерк жазып, кiтапша етiп шығарғаным белгiлi. Олар да аз тиражбен шықты да, көп оқырманның қолына тимей қалды.
Оқу орындары студенттерiнiң Махамбет iзiне түсiп ұстаздар басшылығымен жаңа мәлiметтер жинауына болар едi. Мысалы, оның “Едiл үшiн егестiк…, Қиғаш үшiн қандастық…” деген тарихи сөздерi бойынша жастарға Тептер, Қиғаш өзендерiн көрсетiп, тарихи-әдеби мәлiметтер жиналса, шәкiрттер оқу материалын терең меңгеруге талпынып, әрi патриоттық тәрбие алар едi. Махамбеттiң “Күйген", “Қарақамыс” деген жерлерде болғандығы, ол араның жер бағдарын, табиғатын, кiмдер тұрғанын, қандай шаруашылықпен айналысқанын, қазiргi жайын т.б. мәлiметтер жинастырылса, тарихшы, географ, әдебиетшi т.б. мамандыққа үйренушi жастардың туған өлкенi бiлуiне, өмiрдi тануына пайдасы тимей ме? Отан деген осындайдан басталмай ма? Немесе көбiмiз бiлмейтiн Пороховин батағасы, Кульпин, Кокарев, Тудецкий т.б. Махамбет iзi түскен мекендердiң қазiргi орнын анықтаса, тарихшыларға көмек, бұлар оқырмандар қызығатын мәлiметтер шығар едi. Батыр бабамыз
“Жайық үшiн жандастық” деген ғой. Ол қай Жайық? М. Неталиев секiлдi жерлестерiмiз Жайықтың не Қаракөлдiң екеуден екенiн бiлмейтiн сияқты. Ганюшкино жағында тағы бiр Жайық, Казгородок маңында екi Қаракөл барын анықтап, нақты пiкiр айтылса, қазiргi орындарына анықтама берiлсе, тарихымызды таразылауға едәуiр септiгiн тигiзер едi.
Айта берсек, Атырау облысында Махамбет есiмiне байланысты жерлер көп. Оның балалық шағы Топайлы тұсында өткен. Үйшiкте, Сарайшықта талай болған. Дуан деген жерде 1841 жылы 6 наурызда ұсталған. Бұларды екiнiң бiрi бiле бермейдi. Бiр таңғалатынымыз: Құлманияз ұрпағының мекенi –Борсанды Атырау тұрғындары еске алмайды. Шыбынтай мен Өтемiстiң балалары Бекмағамбет Өтемiсұлының бастауымен 1860 жылы осы ата қонысы- Борсанға Нарын жағынан көшiп келген. Батыр баба жайлы тарихи әңгiмелер мен ақынның өлеңдерiн Құлманияз ұрпақтары бiлуге тиiс. Солармен кездесiп, әңгiмелесу қажет-ақ.
Әрине ел iшiнен материал жинау оңай шаруа емес. “Қарабаудағы Дияр деген азамат бiледi” – дегесiн мен оған үш рет бардым, бiрақ “бiлмеймiн” деп жолатпады. Ең болмаса Бекмағанбеттiң, Құлманияз ұрпағының бейiтiн де айтпады. Бұ да түсiнiктi. “Журналистер алған материалды шала түсiнiп не өз мақсатына бұрмалап қате жазады”- дейдi ол. Жалпы, қазыналы кәриялардан тарихи, әдеби мәлiметтер жинау қиын екенiн басымыздан кешiрiп жүрмiз. Оған бiр жағынан, өткен кеңестiк қатыгез саясат кiнәлi болса, екiншiден, өзiмiздiң –қаламгерлердiң алған материалына атүстi, ұшқалақ қарауы да әсерiн тигiзуде. Алған мәлiметтерiмiздi байыптап тексерiп, басқасымен салғастырып жатпаймыз. Мен мұны өзге әрiптестерiмiзге сабақ болсын деп жазып отырмын.
Тарихи оқиғаларда шындық бiреу ғана- соны тауып, дәлелдеуiмiз керек. Ал шала iстерге, атүстi әңгiмелесуге кәриялар қарсы. Олар iлтипаттылықты, оңаша отырып, асықпай, жаймашуақ әңгiмелесудi қалайды. Содан болар, Қарабауда тұратын Көжеков Шыңғыс деген атай соңғы жылдарға дейiн ешкiмге Махамбеттiң отбасы, туыстары және оның жырлары туралы жартымды мәлiмет бермеген екен. Бiз бұл кiсiмен 2-3 рет кездесiп, сөйлестiк. Жасы ұлғайған адамның көңiл күйi құбылмалы келедi, денсаулығы да өзгерiп тұрады. Әрине тiл тауып, сөйлесу оңай емес. Жалпы алғанда Шыңғыс атай ерте сауат ашқан, өз туыстары, ата-бабасы жайлы жақсы бiлетiн кiсi екен. Бiрақ ұзақ отырып сөйлесе алмайды, шаршап қалады. Шыңғыс атай Мөңкеұлы Мұрат, Қуан. Ы. Шөрекұлы, Халел Досмұхамбетұлы, Қажым Жұмалиев құрастырып шығарған еңбектерiмен жақсы таныс екен. Олардың берген дүниелерiнде Махамбет өлеңдерi түгел емесiн, көп шумақтардың ұмыт қалғанын, не шатастырып орны ауысқанын, тақырыптары өзгергенiн жене жаңсақ пiкiрлер көп екенiн айтты. Әуелде бiр тыңғылықты, бiлетiн адамдардан анық-қанығын мұқият жинап, тұпнұсқасын жарияламағасын, кейiн Махамбет шығармаларын құрастырушылар аударып-төңкерiп, баспадан шығара берiптi. Солардың iшiнде Берқайыр ағамыз шығарған жинақта ақын өлеңдерiнiң көп жолдарын алып тастап, ұқсастық қуып, бiрiн-бiрiне орынсыз қосқанын қәрия қынжыла айтып едi. Махамбет жинағын құрастырып шығаруда әлi де шалағайлық көп. Бiз жанашыр қауымға iстiң мәнжайынан хабар берiп отырмыз. Махамбеттiң күйлерiн жинауға да қатысып, сұрастыра жүре Атырау азаматтарының көмегiмен тiкұшаққа мiнiп, Калмыковқа шұғылдатып бардық, онда тұратын Қанаш Иманбаевтан 10 шақты күйлерiн магнитофонға жазып алдық. Бұл жөнiнде “Қазақ әдебинтi” газетiнiң 1979 ж. 12 қазандағы санында жариялағанбыз. Сол тапқанымызды нота бiледi ғой деп Қ.Ахмедияровке берiп, ол бұл күйлердi менен алғанын жазбаса да, кiтап етiп шығарған. Бiрақ әлде де Махамбет күйлерi табылар деген үмiттемiз.
Айтпағымыз: Махамбет биыл 190 жасқа толады. Оның мерейтойын атап өтейiк. Бұл тойдың ең басты мақсаты – жастарымызды, қалың оқырманды Махамбет өнегесiмен, оның асыл мұрасымен барынша толық таныстыру болса деймiз. Қазiргiдей қысталаң заманда ас берiп, ат шаптырып ысырап болудан гөрi Ұлы Махамбеттiң өмiрi мен қызметi жайлы деректердi, жырлары мен күйлерiн тағы да жинастырып, кiтап етiп шығарсақ, халық үшiн үлкен бiр iстi тындырар едiк. Бiздiң ойымызша, ол үшiн тиiстi мекемелер, қоғамдық ұйымдар, күллi жанашыр қауым Махамбет жинағын бұрынғыдай қалай болса, солай шығара салмай, ғылыми комиссия құрып, қатаң талап қойып, тексертiп, толықтырып шығаруға атсалысса деймiз. Бұл жерде Құлманияз ұрпағы туралы әлi де толық мәлiмет жиналуы қажеттiгiн еске сала кеткiм келедi. Олардың әрқайсысының бiлгенi шөкiмдей болса да, қағазға түсiрiлгенi және ақынның тiкелей өз ұрпағы анықталғаны жөн. Сонымен бiрге ел iшiнде Махамбет жырлары жазылған қолжазбалар, оны жатқа бiлушiлер, оның тарихын ашушылар бар деп естимiз. Солардың бәрiнен ерiнбей-жалықпай деректер жинастырсақ деймiн.
Каталог: uploads -> files -> 2016-02
2016-02 -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
2016-02 -> «алаш» идеясы және халықаралық «Қазақ тілі» ҚОҒамы
2016-02 -> Аумалы-төкпелі кезеңдегі қОҒАМ, ТҰЛҒа және дін
2016-02 -> ШЫҒарма тілін лингвистикалық талдаудың сипаты а. Н. Тұрарова, К. Р. Қазақбаева Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ
2016-02 -> Жүсіпбек аймауытов
2016-02 -> Шерхан мұртаза әҢгімелеріндегі диалогтың кейіпкер мінезін ашу, образ жасаудағы рөЛІ
2016-02 -> Бiлiм берудi ақпараттандыру жағдайында информатика мазмұнын жаңалаудың негiзгi бағыттары Мұхамбетжанова Сәуле Талапеденқызы, п.ғ. к
2016-02 -> ШОҚан (МҰхаммед-ханафия) УӘлиханұлы (1835 -1865)
2016-02 -> Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар 4 html негіздері 12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет