Жүйелеудің негізгі бірлігі ретінде түр ұғымын ғылымға енгізген швед ғалымы Карл Линней (1707-1778) болды



Дата06.02.2022
өлшемі16,15 Kb.
#79260
Байланысты:
3 сабақ мазмұны
3 сабақ мазмұны

Жер бетінде өсімдіктердің алуан түрі өссе, жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Жыл сайын биолог ғалымдар олардың жаңа түрлерін ашуда. Өсімдіктердің, жануарлардың көптүрлілігін бағдарлайтын жүйелеу (систематика) ғылымының мақсаты — өсімдіктер мен жануарларды әртүрлі топтарға жіктеу. Бұл жаңадан ашылған түрлерді жалпы жүйеде өз орнына орналастыруға көмектеседі. Демек, оларды топтарға біріктіреді — жіктейді.
Жануарлар мен өсімдіктерді жіктеудің негізгі бірлігі түр болып табылады. Жануарлардың жіктелуі — түрден типке дейінгі әртүрлі таксондардың бір-біріне тәуелділігі. Түр — құрылысы, тіршілік ету ортасы ұқсас, өзара шағылысып ұрпақ бере алатын және белгілі аумаққа қоныстанған даралар жиынтығы. Түр өз кезегінде популяциялардан тұрады. Популяция — белгілі бір ареалда ұзақ уақыт басқа популяциялардан оқшау тіршілік ететін, бір түрге жататын даралар тобы.
Жүйелеудің негізгі бірлігі ретінде түр ұғымын ғылымға енгізген швед ғалымы Карл Линней (1707-1778) болды

Ғалымдар жаңа түрлерді ашып сипаттады және оларға атау берді. Алғашқыда атаулар сол түрді ашқан зоологтің ана тілінде берілген болатын. К.Линней түрлерді атауда жалпыхалықаралық латын тілін пайдалануды ұсынды. Әртүрлі мемлекеттердің зоолог ғалымдары қандай жануар жөнінде айтылып жатқанын түсіну үшін К.Линней әрбір түрге екі сөзден тұратын латын атауын берді. Атаудың бірінші сөзі — зат есім, ол жануардың белгілі бір туысқа жататынын (мысалы, «шағала») білдіреді, атаудың екінші сөзі — сын есім, түр анықтамасын («көл») береді. Нәтижесінде белгілі құстың — көл шаваласының түр атауы анықталады. Бұл атау тек соған ғана тиесілі, мұндай атаумен басқа жануар аталмайды.


Жақын түрлерді бір туысқа біріктіреді. Мысалы, қарға, құзғын, шауқарға және ұзақ қарғалар туысына біріктірілген. Жақын туыстарды тұқымдасқа біріктіреді — қарға туысы, сауысқан туысы, жорғаторғай туысы, самырсын туысы қарғалар тұқымдасына біріктірілген. Өз кезегінде жақын тұқымдастарды отрядқа біріктіреді. Көкшымшық тұқымдасы, қарғалар тұқымдасы, қарлығаштар тұқымдасы торғайтәрізділер отрядына жатады. Жақын отрядтар класты құрайды — торғайтәрізділер отряды, жапалақтәрізділер отряды, қазтәрізділер отряды құстар класына жатады. Жақын кластар типке біріктірілген. Құстар класы, қосмекенділер класы, сүтқоректілер класы желілілер (хордалылар) типіне жатады.
Қазіргі кезде жануарлардың 25 типін ажыратады. Бұлардың барлығы жануарлар патшалығына біріктірілген. Жануарлардың заманауи жіктелуі олардың арасындағы туыстық, эволюциялық қатынасты көрсетеді (32-сурет). Өсімдіктерді жүйелеу: түрлер туысқа, туыстар тұқымдасқа, тұқымдастар қатарға, қатарлар класқа, кластар бөлімге, бөлімдер патшалыққа бірігеді.

Өсімдіктер — фотосинтез процесі барысында қоректенудің өзіндік тәсілімен және жер бетіндегі барлық тірі организмдерге қажетті оттекті бөліп шығаруымен сипатталатын организмдер патшалығы.
Жануарлар патшалығы — 2 млн-ға жуық түрлері бар сансыз көп организмдер тобы. Жер бетінде тіршілік ететін жануарлар мөлшері, дене пішіні бойынша алуан түрлі болып келеді. Жануарлардың басым көпшілігі — көпжасушалылар, алайда біржасушалы түрлері де (қарапайымдар) кездеседі.
Өздерің білесіңдер тірі организмдердің көптүрлілігін жүйелеу ғылымы зерттейді. Жүйелеу — биологияның организмді сипаттау, белгілеу және жіктеумен айналысатын бөлімі.
Барлық тірі объектілерді белгілі топтарға (таксондарға) бөлу -жіктеу жүйелеудің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Объектілерді жіктеу үшін оларды сипаттау қажет. Өсімдіктер мен жануарлар да таксондарға бөлінуі бойынша ерекшеленеді: жануарларда тип, ал өсімдіктерде бөлім. Сипаттау үшін бірінші кезекте морфологиялық, физиологиялық белгілерін пайдаланады. Жүйелеудің арнайы тарауы — номенклатура, организмге атау беру қағидасын, ережесін қарастырады.
Өздерің білетіндей, тірі организмдерді жүйелеуде К.Линнейдің бинарлық номенклатурасын пайдаланып биологиялық түрге екі сөзден тұратын атау берілді. Біріншісі түрдің, екіншісі туыстың өз атауын көрсетеді, қазақша керісінше бірінші туыстың, екінші түрдің атауын білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет