Жүйке жүйесі жоспар: Орталық нерв жүйесінің өткізгіш жолдары



бет1/2
Дата05.10.2023
өлшемі1,22 Mb.
#183804
  1   2
Байланысты:
Хаумет Жарқынбек е2
ПИЗА №1 ҚАРЖЫ САУАТТЫЛЫҚ, ТИТУЛКА тарих-1 (копия) (копия)
  • ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ 
  • Жоспар:
  • Орталық нерв жүйесінің өткізгіш жолдары
  • Рефлекс туралы түсінік. Рефлекторлық доға
  • Орталық жүйке жүйесі. ОЖЖ-ның өткізгіш жолдарының анатомиялық функция жолдары
  • Бас миының өткізгіш жолдары
  • Жұлынның өткізгіш жолдары

Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарлардажұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді.

  • Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы – Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі. Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан. Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді
  • Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін 3 бөлімге бөледі.
  • сомалық (денелік) - дене яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны
  • парасимпатикалық (ішкі мүшелік) - ішкі мүшелер мен бездердің,
  • симпатикалық (тамырлық) - тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді
  • Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды
  • Рефлекс — сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес:
  • Орталық (Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми және жұлын)
  • шеткі (мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады).
  • Рефлекс доғасыжүйке доғасы — рефлекс процесіне қатысатын жүйкелік құрылымдар жиынтығы. Бұл терминді 1850 жылы ағылшын ғалымы М.Холл ұсынған. Рефлекс доғасы жүйке жүйесінің функциялық негізі болып табылады; қарапайым (екі нейронды, жалғыз синапсты) және күрделі (көп нейронды, бірнеше синапсты) болып бөлінеді. Рефлекс доғасының күрделілігі оның құрамына енетін аралық нейрондар санына байланысты.
  • Ең қарапайым доға 5 буыннан тұрады:
  • рецепторлар
  • орталыққа тепкіш жүйке, 
  • жүйке орталығы, 
  • орталықтан тепкіш жүйке
  • атқарушы орган — эффектордан тұрады. 
  • 1 — СОПАҚША МИ; 2 —МОЙЫН АЙМАҒЫНДАҒЫ
  • ЖУАНДАҒАН ЖЕРІ; 3 — ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ; 4 — МОЙЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ; 5 — ЖҰЛЫННЫҢ АРТҚЫ ОРТАЛЫҚ
  • ТЕСІГІ; 6 — АРТҚЫ БҮЙІР ЖҮЛГЕСІ; 7 — КЕУДЕ ЖҮЙКЕЛЕРІ; 8 — БЕЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ
  • ЖУАНДАҒАН ЖЕРІ; 9 — МИ КОНУСЫ; 10 — БЕЛ ЖҮЙКЕЛЕРІ; 11 — СЕГІЗКӨЗ ЖҮЙКЕЛЕРІ;
  • 12 — ОТЫРЫҚШЫ ЖҮЙКЕЛЕР; 13 — ТЕРМИНАЛДЫ ЖІПШЕ
  • ЖҰЛЫН


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет