Жүйке жүйесінің құрылымының және функциясының негізгі принциптары. Жоспар



бет2/10
Дата06.03.2023
өлшемі158 Kb.
#171233
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2-3 лекция ОЖЖ doc 3
РЕФЕРАТ
Тітіркенгіштік – сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне (тітіргендіргіштерге) қозу үрдісімен жауап беру қабілеті. Тітіркенушектелген процесс, ол тірі құрылымның білгілі бір жерінде шоғырланады, басқа жерге таралмайды. Тітіркену процесінің негізінде тітіркенгіштік, ал қозу процесінің негізінде – қозғыштық жатады. Қозу – бір жерден екінші жерге жайыла таралатын тітіркеністің пайда болуымен сипатталады.
Қозғыштык, деп жүйке ұлпаларының тітіркендіруге әрекет потенциалымен - тітіркеніспен (импульспен) таралатын арнаулы өзіндік реакциялармен жауап беруін айтады.
Қозу деп тітіркендіру салдарынан жеке ұлпалардың физиологиялық тыныштықтан белсенді жағдайға келуін айтады. Қозу кезінде жүйке ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, олардың қызметі күшейеді. Электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Сыртқы және ішкі орталардын мәліметтерің қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту электр сигналдары (тербелістері) арқылы іске асады.
Электр күшін тудыратын куат жасуша мембранасының ішкі және сыртқы жағында орналасқан оң (+) зарядты натрий, калий, кальцийдің катиондары мен теріс зарядты (-) аниондарға байланысты. Олардың бір-біріне градиенттік қатынасы (мембрананың иондық тартқышы) деп аталатын арнайы молекулалық құрылымның қызметіне негізделген. Энергия көзі саналатын иондық тартқыш –аденозинүштрифосфор қышқылы (АТФ) ферменттердің әсерінен ыдырау кезінде пайда болатын энергияны (зат алмасуынан пайда болатын энергия) жұмсайды.
Тыныштықтағы жасуша мембранасының сырты мен ішіндегі потенциал айырмашылықтарын мембрана потенциалы немес тыныштық тоғы деп атайды. Жүйке жасушаларында тыныштық потенциалының деңгейі 60-90 мВ шамасында қалыптасады және мембрананың сыртқы беткейі оң, ішкі беткейі теріс зарядталады.
Жүйке ұлпалары қозған кезде байқалатын биоэлектрлік потенциалдың шапшаң тербелістерін әрекет потеңциалы дейді. Әрекет потенциалы ұлпаның қозған және қозбаған жерлерінің арасында зарядтар айырмасының пайда болуынан туындайды. Ұлпаның қозған жерінде теріс заряд, қозбаған жерінде оң заряд қалыптасады. Сонымен, әрекет потенциалының пайда болуы мембрананың натрий және калий иондарына өткізгіштігі өзгеруіне байланысты. Натрий иондарының жасуша ішіне өтуі мембрананы кері зарядтап, жасушадан калийдің шығуы бастапқы тыныштык, потенциалын қалпына (оң зарядтап) келтіреді. ӘП-ы МП-дан 30-50 мВ жоғары болады, яғни ӘП-ы 100-300 мВ-ке дейін жетеді.
Әрекет потенциалы айналмалы, немесе шектелген, токтың пайда болуы нәтижесінде таралады. Осы потенциалдар айырмасы мембрананың қозған және қозбаған жерлерінің ішкі және сыртқы беттерімен айналып отыратын шектелген, айналмалы токтың пайда болуына соқтырады. Мембрананың ішкі беткейінде ток қозған жерден қозбаған жерге, ал сыртқы беткейіңде – қозбаған жерден қозған жерге бағъггталады. Айналмалы токтың әсерімен мембрананың қозбаған жері тітіркеніп, осы жерде әрекет тогы пайда болады, ал алғашқы қозған жерде тыныштық потенциалы қалпына келеді. Осы үрдіс қайталана отырып, қозу импульстің мембрана бойымен өшпей, ілгерілей таралуын қамтамасыз етеді.
Қозу үрдісін тудыруға қажет тітікендіргіштің ең аз күшін тітіркену табалдырығы, немесе бастау күш, деп атайды. Әсер күші табалдырықтан кем тітікендіргішті табалдырықтан төмен, ал табалдырықтан артықтарын - табалдырықтан жоғары тітіркендіргіштер дейді. Ұлпа қозғыштығы неғұрлым жоғары болса, оның тітіркену табалдырығы төмен болады. Сондықтан, бұл күшті қозу табалдырығы деп те атайды.
Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсендейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны тежелу деп атайды. Тежелу де қозу тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе ағзада бұрын басталған қызмет баяулайды немесе мүлде тоқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет