Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі, дамуы. Жоғары дәрежелі жүйке қызметі, типтер



бет4/8
Дата07.02.2022
өлшемі274,24 Kb.
#96691
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Нерв жүйесі және оның жас ерекшеліктері.

Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шаралары). Мидың барлық салмағының 80 %-ын үлкен ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 млрд жүйке жасушалары бар. Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен тұрады: маңдай, орталық, төбе, шүйде және самай.
Ми жарты шарлары екі үлкен қызмет атқарады
Организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-құлқы, ойлау
қабілеті, санасы, ақыл-ойы – бұлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;
Организмнің қызметін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері

Сол жақ жарты шар

Оң жақ жарты шар

Сөйлеу, түсіну, ойлау, тану, уақытты
аңғару, ұқсастықты байқау, болжау,
бағдарлау, тұжырымдау, жоспарлау

Есту, сөзсіз іс-қимыл, кеңістікті қабылдау, заттарды тұтас түрінде қабылдау, олардың функциялық ұқсастықтарын байқау, заттардың алыс-жақындығын байқау.

Ми сыңарларының қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет