Үйкеліс күші Сабақтың мақсаты



Дата08.02.2022
өлшемі2,03 Mb.
#121537
түріСабақ
Байланысты:
Үйкеліс күші ҚМЖ
Бақытжан Еңлік.8 апта, 8 дәріс, ХІХ ғ. Қазақ әдебиеті және оны оқыту ҚБ- Силлабус-2023-24

Үйкеліс күші
Сабақтың мақсаты:
Үйкеліс күшінің анықтамасын,формуласын және өлшем бірліктерін қарастыра отырып,есеп шығару жолын анықтау,формулаларды түрлендіруді үйрету,үйкеліс күшінің түрлеріне жеке-жеке мысалдар келтіре отырып,олардың пайдалы және зиянды жақтарын түсіндіру

Не себепті жібек бау мақта-матадан не жүннен жасалған баудан гөрі тезірек шешіледі?

  • Не себепті жібек бау мақта-матадан не жүннен жасалған баудан гөрі тезірек шешіледі?

2)Бордың неге тақта бетінде із қалдыратынын ойланып көрдіңдерме?

Неліктен ауыр дорба көтеріп келе жатқанда, тайғанақ жолда жүру оңайырақ?

3)Неге бөренені дөңгелете отырып орнынан қозғалтқан жәңілірек деп есептейсіз?

http://sk.nis.edu.kz/Bank/Show/21506 ссылка бойынша видеоролик көру...

Қандай тақырып жайлы айтатынымызды ойландыңыздарма?


Жұппен жұмыс
Алдарыңда жатқан динамометр, білеушені қолданып үйкеліс күшін бақылап көріңіздер.
Білеушенің қозғалыс жылдамдығы жайлы не айта аласыз?
Ол қалай өзгереді?
Қандай күш пайда болады?
Ол күш ненің әсерінен пайда
Болды?Яғни,

Fүйк = μN

  • Үйкеліс күші – денелер бір-бірімен жанасқанда, сырғанағанда,домалағанда, тыныш тұрғанда пайда болатын күш.

Үйкелістің түрлері

  • Тыныштық үйкелісі
  • Сырғанау үйкелісі
  • Домалау үйкелісі

Бір дене екінші дененің бетімен сырғанаған жағдайда сырғанау үйкелісі туралы айтылады.
Доңғалақтардың айналуы жағдайында домалау үйкелісі пайда болады.
Егер денелер бір-біріне қатысты тыныштық қалпын сақтаса тыныштық үйкелісі туралы айтылады.

Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды. Дене горизонталь бетте жатқан жағдайда нормаль қысым күші денеге әрекет ететін ауырлық күшіне тең: N=mg


Бұл қораптың ішінде үйкеліс күшіне 3 түріне арналған қағаз кесінділері бар.Сол қағаз кесінділерін біріктіп,3 топқа бөлінеді:
Топқа бөлу: «Құпия қорап»
1-топ. «Тыныштық үйкеліс күші»
2-топ. «Домалау үйкеліс күші»
3-топ. «Сырғанау»үйкеліс күші

Топтық жұмыс

Топтық жұмыс

  • Өздігінен оқу және постер жасау10 минут
  • Постер қорғау 5минут

Тапсырмалар

  • Бастапқы деңгей тапсырмалары: 1. Үйкеліс түріне қарай суреттеді орналастырыңыз

Домалау үйкелісі
Сырғанау үйкелісі
Тыныштық

2. Орта деңгей тапсырмалары

2. Орта деңгей тапсырмалары

1)Үйкеліс коэффициенті 0,5 дене , 40Н күштің әсерінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Дененің массасы неге тең?

2)Жалпы массасы 1 т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті µ=0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?

3)Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.

4)Массасы 50 кг дене 200Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?


Жоғары деңгей тапсырмалары
  • Вагонның салмағы жүгімен 3 Кн. Егер үйкеліс күші осы салмақтың 0,5% құраса, оның бірқалыпты қозғалу үшін қандай күш жұмсау керек?
  • Шананың қар үстінде бірқалыпты қозғалуы үшін 25 Н күш керек. Егер үйкеліс күші шана салмағының 5%-ын құрайтын болса, шананың салмағы қандай?
  • Шананың салмағы 4 кН және үйкеліс күші салмағының 3%-ын құрайтын болса, шананың мұз бетімен бірқалыпты қозғалуы үшін қандай күш керек?
  • Бөлшектер салынған жәшіктің салмағы 500 Н. Егер үйкеліс күші бөлшектер салынған жәшік салмағының 0,05 бөлігін құраса, жәшікті горизонталь еденмен бірқалыпты жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек?
  • Салмағы 20 МН пойыз горизонталь жолмен тұрақты жылдамдықпен жүріп келекді. Үйкеліс күші оның салмағының 0,5 пайызына тең болғандағы тепловоздың тарту күшін табыңдар

Рефлексия

Үйге тапсырма

  • Карандаш пен бір бет парақ алып, оның бетіне сызық жазып көріңізжәне де дәл сол тапсырманы алдарыңда жатқан шынының бетіне жасап көріңіз. Нені бақыладыңыз

Топ 1. Үйкеліс күші дене массасына тәуелді ме?
Топ 2. Үйкеліс күші беттің ауданына тәуелді ме?
Топ 3. Үйкеліс күші дене қозғалатын бетке тәуелділі ме?

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет