«Жүктану» пәні бойынша дәрістер кешені (міндетті компоненті) 1 курс студенттері үшін мамандығы 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»



бет7/24
Дата04.01.2022
өлшемі205,05 Kb.
#109383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
Дәріс кешені Жүктану
Дәріс кешені Жүктану, QR-кодтарды қолдану
Үйілген жүктердің сипаттамасы.

Үйілген жүктер мынадай үлкен екі топқа бөлінеді:

• ашық орында сақталатын - бұларға жауын-шашын (жаңбыр,жел және т.с.с.) зиян келтірмейді;

• жабық орында сақталатын - бұлар жауын-шашыннан қорғауды қажет етеді.

Көмір, темір кені, құрылыс материалдары және т.с.с. ашық орында сақталатын кең таралған жүктер болып табылады.

Астық, минералды тыңайтқыштар және т.с.с. жабық орында сақталатын кең таралған жүктер деп есептеледі.

Үйілген жүктер мынадай қасиеттеріне қарай сипатталады.

• кесектілігі немесе жүктердің гранулометриялық қүрамы, мысалы, ірі кесекті (160 мм-ден астам), орташа кесекті (60-160 мм), ұсақ кесекті (10-60 мм), ұсақ түйіршікті (0,5-2 мм), ұнтақ тәрізді (0,05-0,5 мм) және тозаң төрізді (0,05 мм-ден кем), оны жүктің арнайы таңдалған үлгісін електен өткізу әдісімен анықтайды;

• көлемдік массасы немесе тығыздығы - γ, табиғи күйдегі үйілген жүктің көлем бірлігінің массасын сипаттайды, кг/м3:

γ = m / v

мұндағы: m -жүктің массасы, кг; v -жүктің (үйіндінің)жалпы көлемі,м3;

• табиғи еңістік бұрышы - р, градус;

• нығыздалғыштығы, яғни кейбір үйілген жүктердің ұзақ сақтаудан сусымалылығы мен бөлшектерінің озара қозғалғыштығынан айрылу қасиеті. Тасымалдау және сақтау барысында жүк нығыздалып қалуы мүмкін, бұл тиеу-түсіру машиналарының жұмысына әсер етеді. Цемент, әк (известь), саз, сода, мырыш тотығы, ұнтақ кремний тотығы, әр түрлі минералдық тыңайтқыштар және т.с.с. нығыздалатын жүктерге жатады. Жүктердің ас түзы, құмшекер секілді кейбір түрлері аса ылғал-дылықтан ғана нығыздалады. Үйілген жүк қабатының биіктеуіне қарай оның нығыздалғыштығы да артады. Қысымның көптігінен үйілген жүктің төменгі қабаты нығыздалғыш келеді;

ылгалдылыгы, бұл тиеу-түсіру жұмыстарына әсер етеді. Үйілген жүкте конституциялық ылғал, гигроскопиялық ылғал, сыртқы ылғал болуы мүмкін.

Конституциялық ылғал -жүк элементтерімен химиялық жолмен байланысқан,

Гигроскопиялық ылғал - жүктің бөлшектері қоршаған ауадан сіңіріп алады,

Сыртқы ылғал - жүк бөлшектерінің бетінде жүқа су қабаты түзіледі (молекулалық ылғал) немесе бөлшектер арасындағы бос кеңістікті толтырады (гравитациялық ылғал).

Жүктерді ашық аспан астында ұзақ сақтауда сыртқы ылғал буланып кететіндіктен, мұндай жүктерді ауадай құрғақ немесе табиғи ылғалды жүктер деп атайды. Құрамында конституциялық ылғал кездесетін үйілген жүктерді құрғақ жүктер деп атайды;


5 Дәріс тақырыбы: Құйылмалы жүктер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет