Жүктіліктің ІІ жартысында зерттеу әдістері. Жүктілікті анықтау.Әйелді декрет демалысына жіберу және босану мерзімін анықтау



Pdf көрінісі
Дата01.10.2024
өлшемі341,6 Kb.
#205453
Байланысты:
Жүктіліктің кеш мерзімінің диагностикасы



Жүктіліктің ІІ жартысында зерттеу әдістері. Жүктілікті анықтау.Әйелді декрет 
демалысына жіберу және босану мерзімін анықтау. 
Жүктіліктің ІІ жартысында жатырдағы ұрықтың басын, арқасын, қол-аяқтарын және 
жүрек соғысын анықтауға болады.Ұрықтың жүрек соғысын арнайы стетоскоппен 
тыңдайды.КТГ-кардиотахограммамен де жүрек соғысын анықтауға болады.Жатырдағы 
нәресте қимылын аналар өздері сезінеді,тұңғыш босанған әйелде ұрық қимылы 20 аптадан 
кейін, ал босанып жүрген әйелдерде 18 аптада байқалады. 
Ұрықтың жатырдағы қалпы.
Алдын ала нәрестенің жатыр қуысындағы қалпын анықтаудың босну кезеңдерін 
жеңілдету үшін клиникалық маңызы зор.Ұрық жатырда үш күйде жатуы мумкін. 
1.Ұзыннан жату 
(longotudinalis)-
жатыр мен ұрықтың ұзынша осьтері бір-біріне сай келеді. 
2.Көлденең жату 
(situs transversus)-
ұрықтың ұзынша білігі жатырдың ұзынша білігімен тік 
бұрыш жасайды. 
3.Қиғаш жату 
(situs obliguus)-
ұрықтың ұзынша білігімен жатырдың ұзынша білігі бір-
бірімен үшкір бұрыш құрайды. 
Әдетте 99,5% ұрық ұзыннан жатады,тек қана 0,5% көлденең және қиғаш жатады. 
Ұрықтың позициясы
деп оның арқасының жатырдың оң және сол жағына қатынасын 
айтады.Әдетте І және ІІ позиция болады.І-ші позицияда ұрықтың арқасы жатырдың сол 
жағына,ІІ-ші позицияда оң жағына қарай орналасқан. 
Позицияның алдыңғы және артқы түрлері бар.Егер ұрықтың арқасы жатырдың алдыңғы 
қабырғасына қарап орналасса,алдыңғы,ал артқы қабырғасына қарап орналасса артқы түрі 
дейді. 
Ұрықтың жатуы
деп оның ең ірі мүшелерінің жамбастың кіреберіс қуысына қатынасын 
айтады. 
Алдыңғы бөлік
(pars praevia)
деп ұрықтың жамбас қуысына жақын жатқан және босану 
жолдарынан бірінші болып өтетін бөліктерін айтады.
Бастың қондырылуы
-төбе жігінің 
шат пен сегізкөз мүйісіне қатысы.Төбе жігі шат пен сегізкөз мүшесінен бірдей 
қашықтықта орналасқан жағдайда оны бастың синклитикалық қондырылуы,бірдей 
қашықтықта орналаспаса асинклитикалық қондырылуы дейді. 
Жүктіліктің ІІ-ші кезеңінде акушерлік зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі-
ұрықты 
сырттай зерттеу.
І-Леопольд тәсілі
-екі қолды алақан жағымен жатырдың түбіне жайғастырады.Бұл 
жағдайда жатырдың биіктігін, оның түбінде ұрықтың қай бөлігі орналасқанын анықтайды. 
ІІ-Леопольд тәсілі
-екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай төмен ығыстырып,жатыр 
бүйіріне қояды.Бұл әдістің көмегімен ұрықтың арқасын,ұсақ мүшелерінің орнын 
анықтайды. 
ІІІ-Леопольд тәсілі
-жүкті әйелдің оң жағына бетпе-бет тұрып,оң қолды шаттың 
жоғарғы жағына қойып,бас бармақты бір жағына,төрт саусақты екінші жағына 
орналастырады.Баяу қимыл жасай отырып,сол жерде ұрықтың қай бөлігі орналасқаның 
анықтайды.Тығыз,дөңес,қозғалмалы болса,ол ұрықтың басы.Ал,жұмсақ,үлкен бөлігі 
анықталса,онда ұрықтың жамбасы деп бағаланады. 
ІV-Леопольд тәсілі 
- бұл ІІІ тәсілдің жалғасы және де оны толықтырады.Дәрігер жүкті 
әйелдің оң жағынан, аяғына қарап тұрады.Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі 
бөлігіне қойып, қолдың екі ұшын шатқа тірейді.Саусақтар ұшын жамбас қуысына қарай 
тереңдете отырып,сол жерге орналасқан ұрық бөлігін анықтаумен бірге, оның кіші жамбас 
қуысына қатысын да біледі.Егер ұрықтың басы кіші жамбас қуысынан жоғары тұрса, 
саусақ ұштары бастың төменгі жағында түйіседі. Ал бас жамбастың кіреберіс 
жазықтығына кіші сегментімен орналасса, саусақ ұштары бір-бірімен параллель болады. 
Жүктіліктің мерзімін анықтау. 


Жүктіліктің мерзімін анықтаған кезде,әйелден алған барлық мәліметтерді,арнайы 
акушерлік зерттеулерді ескереді.Жүктіліктің және босанудың мерзімін анықтауда жатыр 
деңгейін білудің маңызы зор. 
3-4 ай мерзімінен бастап жатыр биіктігін анықтауға болады. 
Акушерлік 4 айда (16 апта) жатыр түбі қасағадан 6 см жоғары. 
Акушерлік 5 айда (20 апта) жатыр түбі кіндіктен 2 елі төмен,қасағадан 12 см жоғары. 
Акушерлік 6 айда (24 айда ) жатыр түбі кіндік деңгейінде,қасағадан 20 см жоғары. 
7 айда (28 апта) жатыр түбі кіндіктен 2-3 елі жоғары,қасағадан 24 см жоғары. 
8 айда (32 апта) жатыр түбі кіндік пен семсер тәрізді өскіннің ортасында,қасағадан 28-30 
см жоғары,іш айналымы -90-95 см. 
9 айда (36 апта) жатыр түбі қасағадан 34-36 см жоғары. 
10 айда (40 апта) жатыр түбі сегіз ай кезіндегі деңгейіне қайта түсіп,іштің айналымы 95-98 
см болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет