Жұлдызбек Нұрсұлтан гнк 2



Pdf көрінісі
Дата17.02.2023
өлшемі490,89 Kb.
#169156
Байланысты:
pdf 20230216 131905 0000
Кназбек Д.лаб Linux, Дәріс-1.1, Мемлекеттік қызмет, swot анализ


Қазақстан Республикасының білім және
ғылым жоғарғы министрлігі Абай атындағы
ҚазҰПУ университеті Жартылыстану және
Географиялық институты.
Қазақстан территориясында
экспедиция
Орындаған: Жұлдызбек Н.Н.
Қабылдағын: Қалдыбекова Р.Е.
Тобы: 6В05203 География-2
Алматы, 2023


Жоспары:
Қазақстан территориясында
экспедиция 
Ә. Марғұлан Қазақстан жеріндегі
жасаған экспедициясы
Ә. Марғұлан


Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы,
төменгі палеолит ескерткіштерінен бастап
ортағасырлық қалалар өркениеті ошақтарын
зерттеді. Ол 1946 жылы ҚР ғылым академиясының
Тарих, археология және этнография институтында
құрылған. Жетекшілері: 1946 – 75 жылдары –
Ә.Марғұлан, 1976 – 81 жылдары – М.Қадырбаев, 1982
– 85 жылдары – Ж.Құрманқұлов, 1986 – 89
жылдары – С.Ақынжанов болды, 1990 жылдан –
Ж.Құрманқұлов. Экспедиция Орталық Қазақстан
археологиялық экспедициясы деп аталғанымен,
Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс
атқарды.
Қазақстан территориясында
экспедиция 
[1]


Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11 мамыр 1904, Павлодар
облысы Баянауыл ауданы – 12 қаңтар 1985, Алматы
қаласы) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы,
Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы.
Бүкілодақтық география қоғамының толық мүшесі (1933),
филология ғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым
академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-інің еңбек
сіңірген ғылым қайраткері (1961). Оның редакциясымен
Шоқан Уәлихановтың шығармаларының 5-томдық толық
академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында
Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің
маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының
біртумалары шоғырланған Қазақ халқының аңыздарын,
ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан
Ә. Х. Марғұлан (1904-1985ж)
[2]


Табылған ескерткіштер негізінде Орталық Қазақстан
археологиялық экспедициясы жетекшісі академик Ә.Марғұлан 1948
жылы экспедиция алдына үш түрлі мақсат қойды: а) өңірдің
отырықшы елді мекендер тарихын зерттеу (VI - XVII ғасырлар); ә)
патриархалдық-рулық құрылыстың ыдырау кезеңіне жататын қола
және ерте темір дәуірлерінің ескерткіштерін зерттеу, оның ішінде
көне кен өндірісіне терең көңіл бөлу; б) адамзаттың көне
дәуірлеріндегі палеолит пен неолит кезеңін зерттеу. Бұл мәселелер
осы күнге дейін Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы
зерттеулерінің негізгі өзегі болып саналады. Орталық Қазақстан
археологиялық экспедициясы құрамында үш отряд құрылды. Қола
дәуір ескерткіштерін зерттеу тобын Ә.Оразбаев, қола дәуірінен ерте
темір дәуіріне өтпелі кезең ескерткіштерін Марғұлан, ал ерте темір
дәуірі тайпаларының мәдениетін М.Қадырбаев зерттеді. Олармен
бірге әр жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы
жұмысына әйгілі ғалымдар: Л.Кызласов, К.Ақышев, Г.Ц. Пацевич, А.Г.
Максимова, Т.М. Сенигова, Г.В. Кушаев, Х.Алпысбаев, С.Жолдасбаев,
Н.А. Аванесова, т.б. қатысты.
Ә. Марғұлан жасаған экспедициясы
Обалар
[1]


Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты аңызға айналған
экспедицияларымен және дәуірлік ауқымды әрі күрделі іздестірілудің
басталуымен аты шықты. Алғашқы қазақстандық экспедицияларды
басқарған ғалымдар еліміздің ғылымында, институт және өздерін
мойындатқан мамандар тағдырында жарқын ізін қалдырды. Белгілі ғалым
Ә.Х.Марғұланның жетекшілігімен 1945 жылдан бастап Орталық
Қазақстанда археологиялық экспедиция жұмыс істей бастады. Алғашқы
зерттеулер Беғазы-дәндібай мәдениетін зерттеуден басталды. Экспедиция
неолит және энолит дәуірінің тұрақтарын, андронов кезеңінің қорымдары
мен қоныстарын және бегазы-дандыбай мәдениетін, б.э.д. 1 мың
жылдықтардағы жерлеу орындарын, түркі дәуірінің қорымдарын,
ортағасырдағы қалалар мен қоныстарды іздеп тауып, зерттеп зерделеді.
[3]


Дерек көздері
[1] - https://kk.m.wikipedia.org/wiki/
[2] - https://kk.m.wikipedia.org/wiki/
[3] - https://archaeolog.kz/


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет