Алғаш рет Ху Цзиньтаоның кезінде Қытайдағы "жұмсақ күш" туралы айтылды. ҚХр төрағасының Қкп ок XVII съезіндегі баяндамасында 2011 ж



бет1/2
Дата26.10.2023
өлшемі61 Kb.
#188441
  1   2
Байланысты:
swot анализ
Кназбек Д.лаб Linux, Дәріс-1.1, Мемлекеттік қызмет, pdf 20230216 131905 0000

Алғаш рет Ху Цзиньтаоның кезінде Қытайдағы “жұмсақ күш” туралы айтылды. ҚХР Төрағасының ҚКП ОК XVII съезіндегі баяндамасында (2011 ж.) "жұмсақ күш" тақырыбы жеке тарауға шығарылды, онда мәдениет мемлекеттік қуаттағы бәсекелестіктің маңызды элементіне айналу керектігін, ал ел ішіндегі мәдениеттің дамуы оның халықаралық ықпалының артуымен қатар жүруі керектігі жайлы сөз қозғалды.
Мәдениетті стратегиялық тарату және оның халықаралық ықпалын арттыру туралы бұл идея 2011 жылғы қазанда өткен XVII съезде шақырылған ҚКП ОК 6-Пленумының “мәдени жүйені реформалауды тереңдетудің, социалистік мәдениеттің дамуы мен өркендеуіне жәрдемдесудің кейбір маңызды мәселелері туралы ҚКП ОК шешімдері”,- деген негізгі бағдарламалық құжатында көрініс тапты. Осы және басқа құжаттар жұмсақ күштің қолдануы қажет бағыттарды анықтайды.
Елдің “жұмсақ күші” үш дереккөзге негізделеді: оның мәдениеті (өзге елдерге ұнайтын жерлерде), саяси құндылықтар (ол осы құндылықтарға сәйкес өмір сүріп, басқа елдермен қарым-қатынаста басшылыққа алған кезде) және сыртқы саясат (басқалар оны заңды және моральдық құқығы бар деп санаса). Қытай тек соңғы жылдары ғана “жұмсақ күштерін” қолданып жүрген жоқ. Аспан асты елі өз мақсаттарына жету үшін әрқашан да осы күштерін пайдаға асырып келуде. Алайда, соңғы жылдары олар бұл құралдарын өзгерткен, жаңа жаһандық экономикалық державаға айналған Пекин, барлық басқа саясат ойыншылары сияқты әлемдік дипломатиялық институтарын дамытуға ниетті. Қытай Қазақстан үшін негізгі сыртқы экономикалық серіктес, ал шығыс көршісінің экономикалық жетістіктері біртіндеп саяси тетіктерге айналып жатқандай. Айналамыздағы көршілеріміз бен серіктестеріміздің саясатындағы болып жатқан өзгерістерді дұрыс түсіне білуіміз керек. Қытайды тек бір жағынан “Қытай – қауіпі” немесе “қытай – инвестиция көзі және ең қиын серіктес” ретінде қабылдауды тоқтату керек. Қытаймен одан әрі ынтымақтастық бойынша жан-жақты тексерілген шешімдер мен қорытындылар әзірлеуге ықпал ету қажет.
Қазақстан жағдайында Қытайдың жұмсақ күшін қолдану Қытайдың қаржылық және индустриялық жобаларымен қатар жүреді. Экономикалық тұрғыдан алғанда Қазақстан мен Қытай мәдени тұрғыдан қарағанда әлдеқайда тығыз байланысты және Қытай бұл жағынан артықшылыққа ие болғандықтан, оны тиісінше пайдаланып келеді. Мысалы, 2014 жылы Қытай Қазақстанның дамуына шамамен 500 млн. доллар бөлді, ал 2015 ж. ҚХР Даму Банкі мен Қазақстан арасында жел энергетикалық қондырғылар өндірісін қаржыландыру үшін 120 млн доллар несие желісін ашу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Бұл несиелерді Қытай Қазақстаннан энергия ресурстарын жеткізу арқылы өтейді. Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасымен бірлесіп ауыл шаруашылығы саласында 19 жоба іске асырылуда. Инвестициялардың жалпы сомасы 1 млрд. 735 млн. долларды құрайды. Қандай да бір салаға инвестиция сала отырып, Бейжің технологияларды қайдан импорттауды анықтайды (көбінесе олар тікелей Қытайдан жеткізіледі) және ҚР-ның индустриялық дамуын үйлестіреді.
Сондай-ақ, Қытайдың Жаңа "Жібек жолын" құру жөніндегі "Бір белдеу, бір жол" бастамасын атап өткен жөн. Бұл белдеудің мәні-халықаралық ынтымақтастықтың жаңа моделін құру. Әсіресе, бұл бастама аймақтық мемлекеттерге қатысты, өйткені белдеу Орталық Азия және Ресей арқылы Еуропаға өтеді. Ортақ жол торабында Қытайдың ықпалдылығы артады деп күтілуде.
"Жұмсақ күшті" ілгерілетуде өзінің экономикалық ықпалын пайдаланудың мысалы ретінде қытайлық CNPC-Ақтөбемұнайгаз компаниясының қызметін айта аламыз. Бұл Қазақстанның батысындағы Ақтөбе облысында көмірсутек шикізатының кен орындарын игеретін Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорыны, ол Қазақстанның бес ірі мұнай өндіруші компанияларының қатарына кіреді, ал CNPC компаниясының өзі Fortune Global-да 4-ші орынды алады.
Сонымен қатар, қытай мәдениеті мен қытай тілінің тартымдылығын шетелде ілгерілетуде үлкен жетістіктерге жетті. Шетелдегі қазақстандық студенттер саны бойынша Қытай Ресейден кейінгі екінші орында. Осылайша, көп жағдайда студенттер Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу, Үрімші, яғни Қазақстанға географиялық жағынан жақын орналасқан Қытайдың шығыс, сондай-ақ солтүстік-батыстағы ірі қалаларының жоғары оқу орындарын таңдайды. Сонымен қатар бұл саясат жұмсақ күштің бөлігі. Мәдени гуманитарлық бағыттағы Қытай ықпалының таралуының маңызды институты-Конфуций институттары болып табылады. Мысалы, институт жанында "Қытай көпірі" қоры жұмыс істейді, оның көмегімен жыл сайын Орталық Азия республикаларынан келген Конфуций институттарының ондаған қызметкерлері шақырушы тараптың есебінен Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда Конфуцийдің 4 институты жұмыс істейді: Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, институттардың міндеті студенттерді классикалық оқытумен айналысу ғана емес, сонымен бірге қытайлық "жұмсақ күштің" әсерін күшейте отырып, қытай мәдениетінің таралуына ықпал ету болып табылады.
Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынастардың , несие және инвестициялардың арқасында Қытай өзінің құндылықтары мен мәдени-гуманитарлық салаларын ілгерілету үстінде. Мәдениет пен менталитеттегі айырмашылықтардың ішіндегі қиыны қытай тілі. Қытайдың Қазақстандағы “жұмсақ күші” әлі де жаңғыртылып, жаңа аспектілер енгізіледі деп айтуға болады. Олардың ішінде бірінші кезекте білім беру саласын, яғни Қытайда оқыған біздің қазақстандық студенттерімізді атауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет