Жұмасаев Бейсен Алашбайұлы Бұл кітапты Алла ризалығы үшін әкем Алашбай анам Торғай Рухтарына арнаймын



бет22/26
Дата28.02.2018
өлшемі4,08 Mb.
#38324
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Ескерткіш. 2005ж.

Себебі, «жылап тұрып алады, аяқ жағыма қой!» - деп орнын көрсетті. Содан тасқа «Асауан баба жол апатындағыларға» Бейсен, Байтақ деп жаздырдым.

Осы өткен жазда АҚШ-тан Индиана штаты Блумингтон қаласынан Дэл деген Американдық жігіт келді. Университет бітіріп, диссертация жазып жатыр екен. «Қазақстандағы мұсылмандылық пен имандылық». Бұл жігітке біз өте риза болдық, келгенінен кеткенше инабатты, кішіпейіл, сауатты және мұсылмандылық туралы, әсіресе, «Алла», «әруақ» дегенді ажырата білетін адам. Алматы қаласында көп адамдармен сұхбаттасқан болған екен. Ислам діні неше түрлі тармақтарға бөлінетінін айтты. Біз өз басымыз Дэлге риза болғанымыз – бірінші қазақ тілінде еркін сөйлеу, салт-дәстүрімізге өте қанық болуы. Кеудесіне қолын қойып:

- Ассалау ма ғалейкум! – дегеннің өзіне алғашқыда кішкене кідіріп қалып, сасқалақтап қалып,

- Уағала алейкум ассалам! – деп жауап бердім.

- Мен кеше келіп едім, сіз болған жоқсыз. Бір бала алдымнан шықты. Қағазға хат жаздым да, ертең келемін,- деп айтып кеттім. Содан дастархан басына шақырдым. Бас пен қуырдақ қуырып едік. Американдық келеді деген соң. Тарелка, вилка, қасық, пышағымен дайындаған едік. Бірақ Дэлдің айтқаны:

- Сіздер әуре болмаңыздар. Мен қазақтар сияқты қолмен жеймін, бес саусақпен, - деп тарелка, пышақтарды сыдырып тастады. Алдына бас пен жамбасты қасына қойып:

- Бізде қазақта сыйлы қонаққа беретін осы, - деп едім.

- Ата, мен білемін. Университетке түскенде мұғалімім қазақ болатын. Сол кісіден төрт жыл бойы дәріс алдым. Қазақша жазу, оқу, салт-дәстүрін бәрін үйретті. Төрт жылғы еңбегімді осы Қазақстанда пайдаланғым келді. Бізде кітапханамызда көп мақала кітап бар. Бірақ өзім көріп, естіп, білейін деп келген едім. Көп сұрақтар қойды.



Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет