Жұмыр құрттар типі. Алғашқы дене қуысының пайда болуы. Жұмыр құрттардың систематикасы және филогениясы Орындаған:Құдайберген Аяужан Нурлыханова Азиза жби-111



бет2/4
Дата02.12.2022
өлшемі4 Mb.
#160891
1   2   3   4
Байланысты:
Жұмыр құрттар типі
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ

Нағыз жұмыр құрттар немесе Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікке таралуы сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың бүкіл әлемде кездеспейтін ортасы жоқ. Мұхиттар мен теңіздер түбінде, түщы суларда, топырақ арасында еркін қозғалып тіршілік етсе, пара-зиттік түрлері өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерінде кездеседі. Құстар мен насекомдардың паразиті ретінде олар ауа қабатын да меңгерген деп айтуға болады. Айналамызда жүріп жатқан шіру процесінің барлығы осы нематодтардың қатысуы арқылы жүреді. Кеңістікке таралуы тұрғыдан оларды бактериялар мен бір-клеткалы организмдермен салыстыруға болады.Нематодтардың тіршілік ету орталарының алуан түрлі болып келуіне қарамастан құрылыстары бірдей.

  • Нағыз жұмыр құрттар немесе Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікке таралуы сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың бүкіл әлемде кездеспейтін ортасы жоқ. Мұхиттар мен теңіздер түбінде, түщы суларда, топырақ арасында еркін қозғалып тіршілік етсе, пара-зиттік түрлері өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерінде кездеседі. Құстар мен насекомдардың паразиті ретінде олар ауа қабатын да меңгерген деп айтуға болады. Айналамызда жүріп жатқан шіру процесінің барлығы осы нематодтардың қатысуы арқылы жүреді. Кеңістікке таралуы тұрғыдан оларды бактериялар мен бір-клеткалы организмдермен салыстыруға болады.Нематодтардың тіршілік ету орталарының алуан түрлі болып келуіне қарамастан құрылыстары бірдей.

Ascaridida отряды.

  • Ascaridida отряды.
  • Адамның және сүткоректілердің ішегінде паразиттік тіршілік ететін түрлер жатады: адам аскаридасы - Ascaris lumbricoides, жылқы аскаридасы - Parascaris equorum, шошқа аскаридасы - Ascaris suum т.б. Туғызатын аурулары - аскаридоз.
  • Адам аскаридасы бүкіл әлемде кең тараған және ең зиянды құрттардың бірі. Аналығының ұзындығы 20-40 см, аталығы - 15-25 см. Ересек түрлері адамның ащы ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалар нәжіс арқылы ішектен сыртқа шығарылып, суға, топыраққа түседі. Жұмыртқалар тығыз қабықшамен қапталынған, сондықтан ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларына өте берік, төзімді. Тіпті олар 2-4% улы калий немесе натрий ерітіндісінде бір ай уақыт, ал формалиннің ерітіндісінде 4-5 жылға дейін тірі болған. Бұның бәрі аскарида үшін, паразиттік тіршілік етуіне байланысты, маңызды биологиялық мәні бар.
  • Аскарида жұмыртқалары сыртқы ортаның оттегісі мол, қолайлы температурада (28-33°С) ғана дамиды. Осы жағдайлар болса олар 10-15 күннің ішінде дамып жетіледі де инвазиялық (жұқтыру) сатысына ауысады, яғни иесінің (адамның) денесінде ары қарай дами беруге қабілетті.

Аскариданың (Parascaris equorum) тері-бұлшықет қапшығы және
бұлшықет клеткалары: A - тері-бұлшықет қапшығының құрылысы (көлденең кесілген
бөлшегі); 1 - кутикула қабаты, 2 - мембрана, 3 - гиподерма, 4 - бұлшықет клеткалары,
5 - фибрилла, 6 - протоплазма (саркоплазма), 7 - ядро, 8 - саркоплазма қапшығы,
9 - саркоплазмалық қапшықтың көлденең кесіндісі, 10 - плазмалық өсінді;
Б - бұлшықет клеткалары; 1 - жиырылғыш бұлшықет талшықтары (миофибрилдер),
2 - ядро, 3 - саркоплазма қапшығы, 4 - плазмалық өсінді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет