Жұмыс бағдарламасы 3-12 б. Силлабус 13- 23 б. Дәрістер 24-88 б. Практикалық сабақтар 89- 92 б. ОбсөЖ және СӨЖ 93-103 б



бет11/18
Дата11.01.2017
өлшемі3,26 Mb.
#6957
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

Психологиялық ойын.

Ойын – әлеуметтік әрекеттесу моделі. Ойын шығармашылық қабілеттерді дамытып, сананы жетідіріп, қарым-қатынас жасау әрекетін жетілдіреді. Ойын төмендегідей функциялар атқарады:



  1. танымдық;

  2. коммуникативтік;

  3. мәселені шешу;

  4. біріктіруші;

  5. ұйымдастырушы;

  6. дамытушы;

  7. көңіл көтерушілік;

  8. психотерапевтік.

Ойын төмендегідей схема бойынша өтеді (И. Вачков):

  1. проблемалық жағдай тудыру;

  2. проблемалық жағдайды бастан кешу, мазмұнын ашу;

  3. қортынды шығару, саралау;

ойынның қортындысын шығару, саралау, нәтижесін бағалау.

Ата – аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің басқа жолдары :



Педагогикалық білім беру университеті: Педагогикалық ағарту жұмысының формасына педагогикалық білім беру университеттерін жатқызуға болады. Университеттің бағдарламасы ата-аналардың , оқушылардың контингентін ескеру арқылы жасалады. Ата-аналардың білім деңгейлерін жетілдіру, педагогикалық мәдениетін көтеру мақсатын көздейді.

Конференция – Ата-аналар конференциясының негізгі міндеті; отбасылық тәрбие туралы тәжірибе алмасу, білімдерін жетілдіру. Ата-аналар комитетінің мүшелері мұғаліммен бірге конференцияда сөз сөйлейтін баяндамалар дайындайды. Түрлері: ғылыми-практикалық, шығармашылық, тәжірибе алмасу т.б. Жылына 1 рет өткізіледі үлкен даярлықты талап етеді.

Сонымен бірге педагог-психолог және мұғалімдер ұйымдастыратын педагогикалық үйірмелерді ұйымдастыруға болады. Бұл үшін педагог-психолог мұғалімдермен, педагогикалық үйірмелерді өткізу графигін құрады. Педагогикалық үйірмеде келесі тақырыптарды қарастыруға болады: отбасында балалардың оқуын ұйымдастыру, олармен өлеңдерді жаттауға, музыка тыңдауға, проблемалық жағдайларды қалай шешуге болатынын талқылау т. б.



Практикум – бұл жұмыс формасы арқылы ата- аналардың педагогикалық іскерліктері жетіледі, түрлі педагогикалық жағдаяттарды саралап , дұрыс шешімін табуға үйренеді.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Отбасымен психологтың әрекеттесуі қандай болуға тиіс ?

2.Психолог мектепе қандай функция атқарады?

3. «Педагогикалық мәдениет» қандай компоненттерден тұрады?

4. «Педагогикалық мәдениет» дегенді қалай түсінесіз, тәжірибеде іске асу жолдары қандай?

5. Қандай жұмыс түрлері ата-аналардың білім деңгейлерін тереңдетуде қолданылады?

6. Мектепте ата-аналар комитеті қандай көмек көрсетеді ?

Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:

Педагогикалық мәдениет мәселелерін зерттеген ғалымдар ....

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формаларына....,..., ..., ..., ..., жатады.

Ойын келесідей функциялар ..., ..., ..., ..., ..., ... атқарады.

Дискуссия – пікірталас ол.....

Психологиялық ойын дегеніміз....

Конференция түрлеріне...,..., ..., ..., жатады.

Зерттеу әдісі негізінде ...,..., ..., ... жиналады.




Практикалық сабақтар.
Мақсаты: Адам өмірінде отбасы қандай роль атқаратынын анықтау және психологиялық-педагогикалық көмек беруде сенімділікті қалыптастыруда адам өміріндегі отбасының ролі, қажеттілігі. Қазіргі кездегі отбасының даму ерекшеліктерін анықтау.
1 тақырыптың семинары.

Жоспар:

1. Отбасы қандай тапсырмаларды атқарады?

2. Адамға отбасы не үшін не үшін керек? «Отбасы» сөзі қандай мағына береді?

3. Қазіргі отбасының ерекшеліктері қандай?

4. Отбасы сөзінің дамуында қандай кезеңдерден өтеді?

Негізгі әдебиет: №1,6,8,9,10.

Қос. әдеб.: №1,2,3,4.

Әдістемелік кепілдеме:

Өзіне бұл тақырыпты оқудың мағынасын және қажеттілігін анықтау, адамның өмірінде отбасының мәніне зейінін аудару, қазіргі отбасының проблемаларына, отбасының даму кезеңдерін және отбасының әлеуметтендіру қызметі.

Классик педагогтардың шығармаларынан, ағартушылар К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, А.Құнанбаев және т.б., адам өмірінде отбасы ролінің пікірлерін жазып алу.

А.Құнанбаевтың 10 қөара сөзін конспектілеу.

Кітапханаға барып тақырыпқа байланысты әдебиеттермен периодиотикалық басылымдармен танысу.
Семинар №2

Тақырыбы: Отбасының әлеуметтік және заңнамалық негіздері.

Мақсаты: Болашақ педагог-психологтарға отбасының әлеуметтік-заңнамалық негізін отбасы және оқушылармен жұмыс жасауда білімділікті қажет етеді.

1. ҚР негізгі заңнамалық құжаттарында неке және отбасы бенесі.

2. ҚР заңдарында және ООН Конвенциясында бала құқығы.

3. Отбасыға мемлекеттік жәрдем түрі.

4. ҚР әйел-аналарға әлеуметтік көмек.



Негізгі әдебиеттер:

1. ҚР Конституциясы., Алматы, 1995ж.

2. Неке және отбасы заңы, Алматы, 2001.

3. ҚР бала құқығы заңы. // Казахстанская правда, июль, 2002.

4. Н.А.Назарбаевтың жолдауы 2005, 2006.

5. Отбасы типіндегі балалар ауылы және бозбалалар үйі 13 желтоқсан 2000 № ҚР заңы.



Қосымша әдебиеттер:

№1, 2, 4.

Казакова А.В. Проблемы улучшения социальнрго обеспечения женщин-матерей в РК // Хабаршы-Вестник №3 (28), 2003.


Семинар 3 (1 с).

Максаты: Тақырыбы: Отбасы тәрбиесінің құрамы.

Мақсаты: Бала тұлғасының әр қилы дамуына отбасы тәрбиесінде комплестік әдіс қажет екендігін көрсету, барлық тәрбие бағыттары мен олардың әр түрлі іс-әрекет арқылы орныдалуының байланысы.

1. Отбасындағы тәрбиенің принциптері, әдістері және олардың мінездемесі.

2. Отбасындағы еңбек және ақыл-ой тәрбиесінің ролі.

3. Отбасындағы эстетикалық және адамгершілік тәрбие.

4. отбасындағы жыныстық және дене тәрбие.

Негізгі әдебиет: № 1, 3, 4, 5, 6.

Қос.әдеб: № 1, 2, 3, 4, 5, 6 және т.б.

Әдістемелік кепілдеме:

Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін еске түсіруде, олардың отбасы тәрбиедегі принциптері мен әдістерінің көрінісі комплекстік әдіс отбасы тәрбиесіндегі барлық түрінің орындалуы, бала тұлғасын қалыптастыруда тәрбиедегі практикалық әдіс пен іс-әрекет ролі.



Семинар 4-5 (2 с).

Тақырыбы: Отбасы тәрбиесінің мазмұны.

Мақсаты: Бала тұлғасының әр қилы дамуына отбасы тәрбиесінде комплестік әдіс қажет екендігін көрсету, барлық тәрбие бағыттары мен олардың әр түрлі іс-әрекет арқылы орныдалуының байланысы.

1. Отбасындағы тәрбиенің принциптері, әдістері және олардың мінездемесі.

2. Отбасындағы еңбек және ақыл-ой тәрбиесінің ролі.

3. Отбасындағы эстетикалық және адамгершілік тәрбие.



Семинар№ 5 (1с.)

4.Отбасында патриоттық және құқықтық тәрбие беру мәселелері.

5. отбасындағы жыныстық және дене тәрбие.

Негізгі әдебиет: № 1, 3, 4, 5, 6.

Қос.әдеб: № 1, 2, 3, 4, 5, 6 және т.б.

Әдістемелік нұсқау;

Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін еске түсіре отырып, олардың отбасы тәрбиедегі принциптері мен әдістерінің көрінісі комплекстік тәрбиенің барлық түрінің орындалуы, бала тұлғасын қалыптастыруда тәрбиедегі практикалық әдіс пен іс-әрекет ролін көрсету.




Семинар №6.
Ата-аналық отбасы – болашақ отбасы бақытының шешуші факторы.

Мақсаты: Адамның өмірінде отбасының ролін және мағынасын түсінуге ата-аналардың қызметі және оң мысалдары көмектеседі.

1. Қазіргі қазақстандық отбасының рольдік құрылымы.

2. Бала тұлғасының қалыптасуында әкенің және ананың, әженің және атаның ролі.

3. Әйелдің отбасылық және өндірістік рольдерін қатар қолдануы.

4. Отбасында әлеуметтік қундырғылардың қалыптасуы.

Негігзі әдебиет: № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 11.

Қос.әдеб: № 1, 2, 3, 4, 5, 7.

Әдістемелік нұсқау:

Бала тұлғасын әлеуметтендіру, ата-ананың және отбасы мүшелерінің бала тәрбиесіндегі рольдері, адам өмірінде отбасының мәнін түсінуге көмектеседі. Ананың тәрбиедегі ролі, әйелдің отбасылық және өндірістік рольдерін қатар қолдануы, отбасындағы қайраттық және нәзіктік тәрбие, ата-ананың және отбасныдағы т.б. үлкендердің мысалына.




Семинар №7-8 Отбасындағы қарым- қатынас түрлері. ( 2с).

Мақсаты: Отбасындағы жағымды психологиялық ахуалдың қалыптасуына отбасындағы қарым- қатынастың ықпал жасауын көрсету
1.Отбасындағы қарым -қатынас түрлері, зерттеген ғалымдар.

2.Ата -аналар мен балалар арасындағы қарым - қатынас түрлері.Қарым - қатынасты анықтау жолдары.

3. Отбасындағы қарым- қатынасты жақсартуға педагог - психологтың көмек көрсету жолдары.
Негігзі әдебиет: № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 11.

Қос.әдеб: № 1, 2, 3, 4, 5, 7.



Әдістемелік нұсқау:Отбасында балаға дұрыс тәрбие беру балалар арасындағы жақсы қарым- қатынас қалыптасуына байланысты екенін түсініп, болашақ мамандығын меңгеруде педагог-психологтың рөлін көрсету, отбасына көмек көрсету жолдарын белгілеу.
Cеминар №9-10.
Тақырып :Отбасындағы дау- дамайлар, олардың шешілу жолдары.

Мақсаты : Студенттерге дау- дамайлардың шығу себептерін білу және олардың шешілу жолдарын көрсету.
1.Отбасында дау- дамайлардың түрлері, шығу себептері, дамуы.Негізгі ұғымдарға сипаттама беру, зерттеген ғалымдардың еңбектеріне тоқталу.

2.Отбасында ата- аналармен балалар арасындағы дау -дамайлар турлері, шешілі жолдары.

3.Дау- дамайларға байланысты жағдаяттарды шешу,саралау.Дау- дамайлардың шешілуіне байланысты ережелермен танысу.
Негізгі әдебиеттер:

1.Андреев в.И.Конфликтология: искусство спора,ведения перегаворов,разрешения конфликтов,Казань.1992г.

2.рыбакова м.м.конфликт и взаимодействие в пндагогическом процессе.-М.:1991г.

Косымша :№4,5,6,19,12.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге болашақ қызметте түрлі дау -дамайларды шешуге араласуларын, сондықтан отбасындағы дау -дамайлар туралы білімдермен қаруланып, дұрыс шешілу жолдарын біліп, іскерлік дағдыларын қалыптастыру қажеттілігін түсіну.


Семинар №11-12.

Такырып : Ата-аналармен әрекеттесу формалары.

Максаты:Педагогтың ата- аналармен әрекеттесу түрлерін білу, іскерлік ,дағдыларын қалыптастыру.

1.Психологтың ата аналармен ынтымақтастық жасау тарихынан.А.Адлер, Р. Дрейкурс, Х Джайнотт т.б.

2.Отбасымен әрекеттесу принциптері , ережелері.

3.Ата- аналармен әңгімелесу, кеңес беру әдістемелері. Ролдік ойындар, тренинг, ата аналар жиналыстарын, пікірталас жүргізу әдістемелері.



Негізгі әдебиеттер: 1,2.13,15.

Қосымша : 6,7.

Әдістемелік нұсқау: Ата -аналармен жеке және ата -аналар топтарымен түрлі жұмыс жүргізу әдітемелерінен білімдерді жетілдірі , олардың өткізу тәсілдерін меңгеру қажеттілігін ұғыну.Түрлі әдістемелерді жинақтап қорғау қажет.

Семинар № 14-15.

Тақырып :Ата -аналарын жиналысын өткізу әдістемесі.

Мақсаты:Түрлі тақырыптарда ата -аналар жиналыстарын өткізе білуге үйрету.

1.Ата – аналар жиналыстарын өткізуге қойылатын талаптар.ата аналар жиналыстарын өткізудегі кемшіліктер.

2.Ата аналар жиналыстарын өткізу әдістемесі, түрлері, тақырып таңдау мәселелері.

3. Түрлі тақырыптағы ата- аналар жиналыстарын өткізу , саралау.

Негізгі әдебиеттер: 1,2.13,15.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі;Оқу құралы. Алматы: Дарын,2004.152 б.

Қосымша : 6,7.

Әдістемелік нұсқау:Сынып жетекшісі, Қазақстан мектебі журналдарында кездесетін ата-аналар жиналыстарын саралап, баға беру арқылы білімдерін жетілдіру, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

СБОӨЖ және СӨЖ тапсырмалары.
1. СБОӨЖ .

Тақырыбы: Қазіргі отбасының даму ерекшеліктері.

Мақсаты: Адам өмірінде отбасы қандай рөл атқаратынын анықтау. Психологиялық-педагогикалық көмек беруде сенімділікті қалыптастыру, адам өміріндегі отбасының рөлін, қазіргі кездегі отбасының проблемаларын, даму ерекшеліктерін көрсету.

Жоспар:

1. Отбасы қандай міндеттерді атқарады?

2. Адамға отбасы не үшін керек? «Отбасы» сөзі қандай мағына береді?

3. Қазіргі отбасының проблемалары, ерекшеліктері қандай?

4. Отбасы дамуы қандай кезеңдерден өтеді?

5. Отбасы -әлеуметтендірудің басты институты.

Негізгі әдебиет: №1,6,8,9,10, 17.

Қос. әдеб.: №1,2,3,4.



Әдістемелік нұсқаулар:

Бұл тақырыпты оқудың мақсатын және қажеттілігін анықтау, адамның өмірінде отбасының рөліне зейінін аудару, қазіргі отбасының проблемаларына, отбасының даму кезеңдерін және отбасының әлеуметтендіру қызметін айқындау керек.

Тәрбиелік институт ретінде отбасылық тәрбиенің мәселелері бойынша болашақ мамандар үшін, теориялық білімдердің және практикалық іскерліктердің жетілулерінің қажеттілігін түсіну. Отбасы -әлеуметтендірудің басты институты ретінде, өскелең ұрпақты түрлі рөлдерді игерудің алғашқы буыны екенін дәлелдей білулері керек.

СӨЖ № 2


  1. Ағартушылар мен классик педагогтардың шығармаларынан К.Д.Ушинскийдің, А.С.Макаренконың, В.Л.Сухомлинскийдің, А.Құнанбаевтың отбасы мен адам өмірі жайлы пікірлерін жазу.

  2. А.Құнанбаевтың 10-шы қара сөзін конспектілеу.

  3. Оқу залындағы барлық әдебиеттермен және пән бойынша ақпарат басылымдарымен танысу.

Әдістемелік нұсқаулар:

Отбасының адам өміріндегі орнын анықтау үшін ойшыл-ғұламалардың отбасы туралы идеяларымен танысып, мәнін ашу, өз ойын білдіру. А.Құнанбаев 10-қара сөзінде отбасындағы баланы қалай тәрбиелеу керек екені туралы пікір алысу. Отбасындағы бала тәрбиесі туралы өз ойын айту. Абайдың қара сөздерінің осы күнде мәні бар ма? Деген сұрақтарға жауап беру. Я.А. Коменский бала тәрбиесінде қандай мәселеге баса назар аударды? В.А. Сухомлинский отбасы тәрбиесінің мәні неде деді?т.б.



Әдебиеттер:К.Д.Ушинский, Л.С Макаренко, Я.А. Коменский, В.А. Сухомлинский, А. Құнанбаев шығармалары.

3 СБӨОЖ

2. Тақырып. Отбасының шығу тарихы. Отбасы тарихының қоғамның дамуымен тығыз байланысы.

Мақсаты:

Қазіргі отбасының проблемаларын анықтау, қоғамның әртүрлі кезеңдерінде отбасының даму ерекшеліктерін түсіну. Қазақстанда отбасының даму жолдарын анықтау. Практикалық сабақтың тақырыбына байланысты басты түсініктерді білу: отбасы, неке, отбасылық тәрбие, қоғамдық тәрбие, моногамия , экзогамия, полигамия, полиандрия және т.б



Жоспар:

1. Қазіргі отбасының проблемалары.

2. Отбасы мен қоғамның әртүрлі даму кезеңіндегі өзара әрекеттесуі.

3. Қазіргі қазақстандық отбасыларының проблемалары.

4. Педагогикалық жағдайяаттарды шешу.

Әдістемелік нұсқаулар:

Қазақстанда отбасының даму ерекшеліктеріне назар аударып, тарихтың әртүрлі кезеңдеріндегі қоғам өміріндегі өзгерістердің отбасының дамуына тигізген әсерін бақылау қажет. Отбасын зерттеген ғалымдардың еңбектерімен танысу, тақырыпқа байланысты түсініктерді: отбасы, неке, отбасылық тәрбие, экзогамия, полигамия, полигиния, полиандрия, моногамия және т.б. ұғымдардың мәнін түсіну .Ұғымдарды есте жақсы сақтау үшін кроссворд құру, сөйлемдерді аяқтау.


ОБСӨЖ

3-тақырып: Қазақ отбасының дамуы, қалыптасуы.



Мақсаты: Қазақ халқының некелік-отбасы ерекшеліктерін ашу.

Жоспар:

1. Қазақ отбасыының даму тарихы.

2. Өз ата-тегін білудің қажеттілігі .

3. Өмірлік жағдайлардан мысалдар келтіру.

Негізгі әдебиеттер:№ 1, 6, 14, 17.

Қосымша әдебиет:№1, 7.



Әдістемелік нұсқаулар:

Х.Арғынбаевтың «Қазақ отбасы» кітабінан негізгі кезеңдеріне байланысты коніспекті жасау.

№14 Г.Е.Тайжановтың «Қазақтар» әдебиетін оқу. Қазақ халқының некелік-отбасы қарым-қатынасының ерекшеліктерін ашу. М Әуезовтың «Абай жолы» романынан мысалдар келтіру. Әмеңгерлік, левират, сорорат сөздеріне түсініктеме беру қажет. Есте жақсы сақтау үшін өз ата-тегің туралы кесте сызу, негізгі ұғымдарға байланысты кроссворд құру.

СӨЖ №2 (2 сағат)

Әдістемелік нұсқау:

Сабақ тақырыбы жайлы әдебиеттер тізімін жасау. Журналдардан 2-3 жағдаят көшіріп алу. Көркем әдебиеттерден мысалдар келтіру.

4- тақырып. Отбасының негізгі функциялары.

Мақсаты: Отбасы функциялары, отбасы қажеттіліктерінің байланысын білу. Отбасының негізгі функцияларың мәнінің ашып және олардың жіктелуін (класификациясы) білу.

Жоспар:


  1. Отбасы функциялары. Отбасы функцияларын зерттеуге байланысты көзқарастар.

  2. Отбасының спецификалық және спецификалық емес функциялары.

  3. Отбасы функцияларына сипаттама және олардың жіктелуі туралы көзқарастар.

ОБСӨЖ (2 сағат).

Отбасының экономикалық және тәрбиелік функциялары.

№5 сызбаны қолдана отырып, отбасының экономикалық функциясына сипаттама бер, отбасының экономикалық функциясын сипаттамасы туралы әдеб.№4,17.68 беттерден оқуға болады.

Отбасылық тәрбие қалай жүзеге асады? Өмірден мысалдар келтіру қажет.

СӨЖ (3 сағат).

Отбасы функциялары туралы әлеуметтік т.б. журналдардан статистикалық мәліметтер жазып алу керек. Сіздің отбасыңызда бос уақытты қалай ұйымдастырылатыны жайында әңгіме жазыңыз. «Отбасының негізгі функциялары» атты тақырыпта кесте сыз. Қазіргі отбасының әртүрлі функцияларының жүзеге асуы туралы мысалдар келтіру және соған сай қорытынды жасау.



Әдістемелік нұсқаулар:

№1,4,13,17 әдебиеттерді оқу. Отбасы функциялары өзара бір-бірімен тығыз байланысты екенін және бірін-бірі толықтырып отыратынын дәлелдеңіз. Отбасындағы спецификалық және спецификалық емес функциялардың ерекшеліктерін біліп іске асу жолдарына байланысты мысалдар келтіру. Кесте бойынша жұмыс жүргізе біліп, сөйлемдерді аяқтау, жағдаяттар шығарып саралау.

5 тақырып. Отбасы типтерінің құрылымы және түрлері.

Семинар (1сағат)


  1. Отбасы типтері және құрылымы жайлы түсініктер.

  2. Отбасының әртүрлі критерилерге байланысты типтері.

  3. Отбасының әртүрлі типтеріне сипаттама.

СӨЖ (3сағат)

1.Жағдайсыз отбасы түрлері.

2. Жағдайсыз отбасыларына сипаттама.


  1. Жағдайсыз отбасыларының жіктелуі (классфикациясы).

  2. Жағдайсыз отбасына психологиялық – педагогикалық көмек.

СӨЖ (3 сағат)

Келесі сұрақтарға жазбаша жауап бер.



  1. Неліктен нуклеарлық және толық емес отбасылар саны көбеюде?

  2. Отбасының типтері қоғам дамуына тәуелді ме? Мысалдар келтіріңіз.

  3. Отбасыңыздағы бос уақытты қалай өткізесіздер?

  4. Педагог-психолог маманына отбасы типтерін білу не үшін қажет?

Әдістемелік нұсқаулар:

(Ю.Азаров) өзара қатынас түріне қарай отбасы типінің классификациясымен танысу қажет. Кіршіксіз, жағымсыз, жағымсыз-қоздырғыш, үйлесімді, ыдыраушы, толық емес отбасыларына сипаттама беріңіз. Отбасын классификациялауда басқа келісімділікті анықтау, мысалы, құрамына қарай, тұру мекеніне қарай және т.б. Педагог-психолог маманына отбасы типтерін білу не үшін қажет екенін анықтау.



Семинар (1 сағат)

6 тақырып : Тақырыбы: Отбасының әлеуметтік және заңнамалық негіздері.



Мақсаты: Болашақ педагог-психологтарға отбасының әлеуметтік-заңнамалық негізін білу, отбасы және оқушылармен жұмыс жасауда қажет екенін түсіндіру.

1. ҚР негізгі заңнамалық құжаттарында неке және отбасы мәселелерінің көрініс алуы .

2. ҚР заңдарында және БҰҰ Конвенциясында бала құқығы .

3. Отбасына мемлекеттік көмек көрсету түрлері.

4. ҚР әйел-аналарға әлеуметтік көмек.

Негізгі әдебиеттер:

1. ҚР Конституциясы., Алматы, 1995ж.

2. Неке және отбасы заңы, Алматы, 2001.

3. ҚР бала құқығы заңы. // Егеменді Қазақстан, шілде, 2002.

4. Н.А.Назарбаевтың жолдауы 2006,2007,2008,2009ж.

5. Отбасы типіндегі балалар ауылы және бозбалалар үйі,13 желтоқсан, 2000ж, ҚР заңы.

Қосымша әдебиеттер:

№1, 3, 4.

Казакова А.В. Проблемы улучшения социального обеспечения женщин-матерей в РК // Хабаршы-Вестник №3 (28), 2003.



ОБСӨЖ (2 сағат)

  1. «Әрбіреуі әрбірін үйретеді» деген әдісті қолдану арқылы «Отбасы және неке» заңының баптарын саралау.

  2. Келесі сұрақтарға жауап беру:

Отбасында , мемлекетте, мектепте баланың құқығы толық қорғала ма?

Отбасына мемлекет тарапынан қандай көмек түрлері көрсетіледі?

Отбасына мемлекеттік саясатының приоритеттік бағыттары қандай?

Мүгедек балаларға қандай көмек көрсетіледі?

Жетім балаларға қандай көмек көрсетіледі?

Қазіргі кезде аналарға қандай көмек көрсету көзделіп отыр? Н.А.Назарбаевтың жолдауынан мысалдар келтіру қажет.



СӨЖ (3 сағат)

Қазақстан Республикасының отбасы және неке туралы заңының, балалар құқығы туралы заңының негізгі бағытттарынан конспекті жасау.



Әдістемелік нұсқаулар:

Осы тақырыпты меңгеру барысында, мемлекеттік саясаттың приоритеттік бағыттарына, отбасы және балаларды қорғау заңына басты назар аударуы қажет. Болашақ мамандықты меңгеру барысында жоғарыда аталған құжаттардың мазмұнын түсініп білудің: отбасы, бала құқығы туралы консультация беру, ата -аналармен ағартушылық жұмыс жүргізу, олардың құқығын қорғау барысында білудің қажеттілігін ұғыну. Ол үшін жоғарыда тақырыптарға байланысты әдебиеттермен танысып, конспекті жасау қажет.


7 тақырып: Отбасындағы тәрбиенің әдістері және прициптері.

Семинар (1 с

1. ағ.) Отбасы тәрбиесіндегі әртүрлі жағдайлардың бала тәртібіне әсері. Тәрбие принциптеріне сипаттама.

2. Тәрбие принциптері бұзылуына байланысты түрлі жағдайлардың көрініс алуы.

3. Отбасында тәрбиелеу әдістері және механизмдері жайлы түсінік.

4.Отбасы тәрбиесінде түрлі тиімді әдістерді таңдап пайдалану.

ОБСӨЖ (2 сағ.) Отбасында тәрбиелеу әдістері.

1. Отбасында тәрбиелеу әдістеріне сипаттама.

2. Ата-аналарға тәрбие әдістерін қолдануға байланысты психологтың кеңес беру жолдары.

3.Педагогикалық жағдаяттады шешу, саралау.



СӨЖ (3 сағ.)

«Мектеп психологы» журналынан педагогикалық жағдаяттарды тауып, оқушыларды тәрбиелеуде отбасы және отбасындағы өзара қатынас мәселесі бойынша, қолданудың дұрыс немесе дұрыс емес екенін атап көрсету.



Әдістемелік нұсқаулар:

Педагог-психологқа тәрбие принциптерін және оларды тәрбие әдістерін қолдануда іске асу жолдарын білу қажет.

Тақырыпты өту барысында тәрбие әдістері мен тәсілдері арасындағы байланысқа көңіл аудару. Отбасы тәрбиесінде басты орынды үлгі -өнеге, талап қою, үйрету, этикалық әңгіме әдістерін қолданудың тиімділігін білу маңызды.

8.Тақырып.Отбасы тәрбие потенциалына әсер етуші факторлар.



Семинар (1 сағ.)

1. Отбасындағы тәрбие потенциалы туралы түсінік.

2. Отбасындағы дұрыс тәрбие беру жағдайы.

3. Отбасындағы дұрыс тәрбиеге әсер етуші факторлар.



ОБСӨЖ (2 сағ.)

  1. Отбасындағы дұрыс емес тәрбиеге әсер етуші факторлар.

  2. Отбасында балаға тәрбие берудегі жіберілген қателіктер.

  3. Отбасындағы дұрыс емес тәрбие берудің себептері.

  4. Отбасына психологиялық -педагогикалық көмек.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет