Жұмыс бағдарламасы «Жылуэнергетикада және жылутехнологияда энергияны үнемдеу»



бет9/12
Дата24.04.2017
өлшемі1,78 Mb.
#14670
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Дәріс 8


(2 сағат)
Тақырып. Екінші энергетикалық ресурстарды қолдану
Дәріс сабақтың мазмұны

1. Энергоүнемдеу мақсатында конденсат жинау

2. Гидрокедергісі бар конденсат

3. Конденсат әкеткіштер

4. Болашағы бар екінші ретті энергоқордың көздері

5. Екінші энергетикалық ресурстардың типтері.

Конденсатты жинау жүйелері кәсіпорындарды жылумен қамту жүйесінің функционалды элементтері болып табылады. Конденсатта «ұшқын» будың болуы себенінен утилизациялық жылуалмастырғыштарда, бу – сорғалау компрессорларда және т.с.с. бу – конденсат қоспасының артық энергетикалық потенциалын қолдануға болады. Конденсатты жинау және қолдану жүйесіне конденсат әкеткіштер, конденсат өткізгіштер, конденсат бактары, насостар, утилизациялық жылуалмастырғыштар, тиекті (запорная) және өлшегіш арматура, жылуды бақылау приборлары жатады. Конденсатты жинау жүйелері оның толық қайтып келуін қамтамасыз етуі керек, себебі ол қазандарды қоректендіруде ең жақсы су болып табылады. Барлық рекуперативті бу тұтынатын аппараттардағы конденсатты жинайды. Орталықтанған жылу көздерінен буды алатын кәсіпорындар екіжақты келісіммен анықталатые мөлшердегі конденсатты қайтарып беруге міндетті. Басқа мекемелерге буды жіберетін кәсіпорындар келісім жағдайларына байланысты олардан конденсат қабылдап алулары керек. Энергоүнемдеу мақсатында конденсат жинаудың ашық жүйелерін эксплуатациялауға жол берілмейді, себебі «ұшқын» бумен және екінші ретті қайнау буымен жылу жоғалады. Бу – конденсат қоспасының Д қатысты жылу шығындары мына формуламен анықталады:


Д ,
мұндағы hПКС – бу – конденсат қоспасының энтальпиясы, кДж/кг;

СВ – судың меншікті жылусыйымдылығы (4,19 кДж/кг*град).

«Ұшқын» және екінші ретті қайнау буымен конденсат массасы жоғалады, оның қатысты шығындары мына формуладан табылады:
Т
мұндағы 2500 кДж/кг – атмосфералық қысымдағы бу пайда болуының жылуы.

Конденсат жинаудың ашық жүйелерін қолдану бу – конденсат қоспасының 40 % жылуын және конденсат массасының 10 % болатын шығындарына әкеледі. Барлық бу тұтынатын реауперативті аппараттардан кейін будың өтіп кетуінен сақтайтын конденсат әкеткіштер орналастырылуы керек. Конденсат әкеткіштер конденсаттың есептік шығыны мен қысымы бойынша таңдалады. Конденсаттың есептік шығыны будың орташа сағаттық шығынның төртеселенген мәніне тең деп алынады.

Бу тұтынатын аппараттардың будың тұрақты параметрлерінде және жұмыс режимдерінде және жоғары емес бу қысымында (3 ата дейін) гидроқақпағы және гидрокедергісі (бағаналы шайбалар) бар конденсат әкеткіштерді қолдану жөн.

Гидроқақпақ биіктігі (h) конденсат әкеткішке дейінгі (Р') және кейінгі (Р") қысымдар айырымына пропорционал:

h  10(Р' – Р"), м,

мұндағы Р', Р" – конденсат әкеткішке дейінгі және кейінгі қысымдар, ата.

Гидрокедергісі бар конденсат әкеткіштер бағаналы шайбаның саңылау диаметріне сай таңдалады, ол мына формуламен анықталады:
d  ()0,25, м,
мұндағы mр – конденсаттың есептік шығыны, кг/сағ.

Шайба саңылауының диаметрін сонымен қатар номограмма бойынша табуға болады (5.3 – сурет, қысым айырымы (Р' – Р") және конденсаттың есептік шығыны бойынша)



Сурет-7. Гидрокедергісі бар конденсат әкеткіштің шайба саңылауының диаметрін анықтауға арналған номограмма


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет