Жұмыс бағдарламасы «Жылуэнергетикада және жылутехнологияда энергияны үнемдеу»



бет12/12
Дата24.04.2017
өлшемі1,78 Mb.
#14670
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Дәріс 9


(1 сағат)
Тақырып. Жылу сораптар.
Дәріс сабақтың мазмұны

1. Жылу сораптар.

2. Қазіргі уақыттағы жылу сораптардың қолдануы

3. Жылулық сорап қондырғыларының негізгі маңыздылықтары

4. ЖСҚ пайдалану.
Біріншілікті энергияның (тұтынушы отын) шығынын ақырғы тұтынушыға энергияны беруді жоғарылатыу немесе төмендетусіз оның түрленуінің рационалды әдісі есебінен төмендетуга талпыну – қазіргі заманғы жылутехниканың басты тенденциясы. Бұл ғимараттардың және өндірістік объектілерді жылумен қамтамасыз ету жүйелеріне жатады.

Төмен температуралық жылу күйінде соңғы энергия түрінде бере отырып (су 100оС төмен немесе ауа 50 оС төмен), бұл жүйелер жану өнімдерін 1500 оС – ға дейін қыздырылатын қазандықтардағы жоғары сапалы отынды қыздыру үшін немесе электр энергияны падаланады.

Республиканың энергобалансында энергоресурстардың үштен бірі ұқоғамдық инфраструктураға келеді /2/.

Жеке үйлер мен коттедждерді жылуландырудың дәстүрлі жолы – бұл әр түрлі модификациядағы қазандықтар. Сонымен қатар ақырғы жылдар жылуландыру мен сумен қамтамтудың басқа альтернативалық жүйелері қолданыла бастады. Бірақ осы уақытқа дейін Қазақстанның құрылыс рыногында тұрарлық альтернативалық техника және жылу және сумен қамтудың технологиясы пайдаланылмайды. Бұл «жылу сораптары», яғни жылулық жабдықтар, су қоймаларының, жер бедерінің, екінші жылу ресурстың энергиясын пайдалану үшін жасалған.

Мұндай жабдықтар тұтынушының қажеттіліктеріне байланысты әр түрлі конфигурацияларда көрсетілген, жеке үйлер мен коттедждер үшін, сонымен қатар ірі қоғамдық – әлеуметтік ғимараттар үшін де пайдаланылады.

Жылу сораптарын қолданатын жылуландыру қондырғылары жылу алу процессінің тиімділігін айтарлықтай жоғарылатуы мүмкін.

Жылу сорапты қондырғылар (ЖСҚ), аз қайнайтын жұмысшы заттарындағы жылудинамикалық циклды жүзеге асыра отырып жаңаратын төмен потенциалды жылу энергиясын қошаған ортаданқамтып алады, жылумен қамтуға қажетті деңгейге дейін оның потенциалын көтереді, отынды тура жағу кезіндегіге қарағанда 1,5 – 2,5 есе біріншілікті энергияны шығындайды. Жылу сорапты қондырғыларын қолдану – бұл жаңармайтын энергоресурстарды қорғап қалу және қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар атмосфераға СО2 (парниктік газ) шығарылуының азаюы.

Қазіргі уақытта көптеп жылу сораптарын қолдану мен өндіру АҚШ-та, Жапонияда, Герамнияда, Францияда, Швецияда, Данияда, Канадада, Ресейде және т.б. мемлекеттерде жүзеге асырылуда. Шетелдік көп мамандар осы жылу сораптарының кейінгіде көптеп пайдаланылып қоймай, сонымен қатар жылумен қамтамасыз етудің төмен температуралық жүйелерде негізгі орын алады деп есептейді.

Кез келген мемлекеттегі жылу сораптарының өндірісі бірінші кезекте өзінің ішкі рыногының қажеттілігін қанағаттандыру үшін негізделген.

Германияда сулы, сонымен қатар ауалы жылыту жүйелерінде және ауаның желдету жүйелерінде пайдаланылатын бірнеше мыңдаған ЖСҚ пайдалануда. Электр жетекті жылу сораптары басты орында. Сонымен қатар дизелдьік және газдық қозғалтқыштардан әкелінетін жүздеген жоғары қуатты ЖСҚ пайдаланылады. Жылудың қайнар көзі ретінде ауа (сыртқы және сорылмалы), грунт, су және т.б. қолданылады. Ірі жылу қондырғылары негізінен жылумен қамтудың центрленген жүйелерінде жұмыс істейді. 4 МВт дейінгі бірлікті жылу қуатты оншақты абсорбционды жылу сораптары жасалған.

Қазіргі кезде Германияда барлық дамыған мемлекеттер арасындағы бюджеттен ең кең мөлшерде өкіметтік датация бөлінеді: жылу сорптарының пайдаланылуына жіберілген 1 кВт жылу қуаты үшін 300 марка төленеді. Сонымен бірге центрленген және жеке жылумен қамту үшін газ тәрізді және сұйвқ отынды үнемді жекеленген қазандықтарды өндіруден Герамния әлемде бірінші орындардың бірін алуда. Жылу сораптары бойынша Берлиндегі Агенстваныңмәліметтері бойынша 1997 жылы әлемде 90 милион жылу сораптары орнатылған.

90 жылдардың басында АҚШ – та жылу сораптарының 6 млн.-нан астамы пайдалансыта болған, олардың ішіндегі жартысынан көбі тұрғын үй коммуналды секторда орнатылған. Жылу қондырғыларынң 50 – ден сатам фирмалар шығарады, коттедж типтес жаңа салынып жатқан үйлердің 30 % ЖСҚ – мен қамтылады.

Жапонияда әр жылда 500 мың дана шығарады. АҚШ, Жапонияда және басқа да мемлекетерде жазғы ауа желдету мен жылуландыру үшін жасалған, ауа – ауалы реверсивті жылу сорапты қондырғылар кең тараған, осы уақытта Еуропада су – сулы және су – ауалы жылу сорапты қондырғылар пайдаланылуда.

Швецияда және басқа да скандинавиялық мемлекеттерде арзан электр энергияның болуы және тұғындық аудандар мен ірі өндірістік объектілерді центрленген жылумен қамту жүйелерін кеңінен пайдалану ірі ЖСҚ – жың дамуына әкеледі.

Финляндияда, Швецияда және Норвегияда ЖСҚ – ны пайдалану пайызы 30 % құрайды. Ең жақсы мысал Стокгольмдегі 320 МВт қуатты жылу сорапты станция жатады. +2оС дейін суытылатын +4оС температуралы Балтық теңізінің суы жылу қайнар көзі ретінде пайдаланылады. Жазда температура жоғарылайды, ал сонымен бірге станция тиімділігі де станция теңіз жағалауындағы 6 баржада орналастырылған.

Нидерландыда, Данияда және осы аймақтың басқа мемлекеттерінде отынның қол жеткізілетін түрі газ болып табылады, сондықтан газ қозғалтқыштарынан және абсорбционды жетекті жылу сораптары тез жетілуде.

Швейцарияда бірінші жылу сорапты қондырғылар 30 жылдарда салынған. Қазір он мыңдаған ЖСҚ – лар пайдаланылуда, негізінен, кіші жылу қуаттылар.

Центрленген жылумен қамту жүйелерінде жұмыс істеуге арналған ірі қондырғылар салынған. Олардыың ең ірісі болып Лозанне қаласындағы электр жетекті 7,0 МВт жылу қуатты қондырғы табылады. Швейцариялық энергия үнемдеудің ұлттық бағдарламасы алдыңғы үш жылда жылу сораптарымен жылу өндіруді үш есе көтеру қарастырылады. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін қомақты қаражат бөлінуде.

Жылу қуаттылықтары бойынша жұмыс сітеп тұрған жылу сораптардың құрылысы әр мемлекетте әр түрлі. Егер Жапония үшін жылу сорабының орташа қуаты 10 кВт аспаса, онда Швецияда ол 100 кВт жуық.

«Ресейдің дәстүрлі емес энергетикасын дамыту» Ресей Федерациясының Минторэнерго бағдарламасы тұрғындық – коммуналдық секторда ЖСҚ пайдалану, сонымен қатар центрленген жылумен қамьамасыз ету жүйелерінде де пайдалануды қарастырады. Энергоүнемдеудің аймақтық бағдарламалары шеңберінде және жылумен қамтудың дәстүрлі жүйелерін жылу сорапты қондырғылармен алмастыру жұмыстары жүзеге асады (Новосибирск ауданы, Нижегородск ауданы, Норильск, Нюренгри, Якутия, Дивногорск) орташа бір жылдық жылу қуаттарын енгізу 100 МВт жуық болады. Осымен Ресейде жылу сорапты қондырғыларды пайдаланып, оларды тарату жүзеге аспақшы.

Қазақстан Республикаында бүгінгі таңда Yellow Pages – Қазақстанның тауарлар және қызмет көрсетудің индустриялық – коммерциялық сөздіктің мәліметі бойынша жылу сорапты қондырғыларды шығаратын фирмалар жоқ.

KOMPASS сөздігінің мәліметі бойынша республикада ғимаратты жылумен қамту үшін жылу сораптарын орнатылуы жүзеге асады, сонымен қатар бірнеше ұйымадар ЖСҚ бойынша жобалық жұмыстар жасауа.

«Энергия және ресурс үнемдеуші жабдықтар және технологиялар» атты тоғыз Қазақстандық халықаралық көрменің (1998 – 2006 ж.ж.) арнайы каталогтарында ЖСҚ туралы мәліметтер жоқ.

АИЭС және ВКТУ – да ЖСҚ – ды пайдалану бойынша енгізулік және ғылыми – зертеулік жұмыстар жүргізіледі.

Қазіргі уақытта жылу сораптарының әлемдік паркінің жылулық қуаты, минималды бағалау бойынша, 250 мың МВт құрайды, жылдық бір жылдық өндірілуі – 1 млрд. Гкал, бұл 80 млн. т.у.т. көлемге дейінгі органикалық отынды сырып тастауға сәйкес келеді.

Әлемдік тәжірибе шарасыз энергетикалық және экологиялық мәселелер жылу сораптарын кеңінен қолдану қажеттілігін көрсетеді.

Әлемдік энегетикалық кеңестің болжамы бойынша 2020 жылға таман дамыған мемлекеттерде жылумен қамтудың (коммуналды және өндірістік) 75 % жылу сораптары көмегімен жүзеге асады.

1976 жылы МИРЭС жылу сораптары бойынша халықаралық комитет құрды және негізгі түсініктер қабылданды.

Пайдаланылатын жылу тасымалдағыш пен жылудың қайнар көзіне байланысты жылу сораптары және жылуландыратын жылу сорапты жүйелері келесідей түрде бөлінеді: ауа – ауа, ауа – су, су – ауа, су – су, грунт – ауа, грунт – су.

ЖСҚ – дың негізгі маңыздылығы – пайдаланылатын энергия (электрлік, жылулық) түріне байланысты әмбебаптығы.

ЖСҚ – ң тағы бір ерекшелігі – қуаттылықтың кең диапазоны (үлестен мың киловатқа дейін), кез келген жылу көзінің қуатынан асып кетеді, сонымен қатар кіші және орташа ЖЭО қуатынан да асып кетеді.

ЖСҚ –ны пайдалану энергяиның жаңаратын қайнар көзін (күн, жел, биоэнергия) пайдаланатын басқа технологиялармен бірге бірлесетін аралас сызбанұсқаларда қолайлы, ол бірлескен жүйелердің параметрлерін жақсартуға және жоғары үнемдік көрсеткіштерге жету үшін қажет.

Осы ерекшеліктер бар әлемде және дамыған мемлекеттерде ЖСҚ – ын кеңінен қолдануға және көптеп таралуына мүмкіндік береді.

Жылумен қамтудың жылу сорабын органикалық немесе локальды пайдалану туралыемес, ал осы мақсаттар үшін органикалық отынды тура жағудан бас тарту туралы шарт қойылып отыр.

Жылу сорапты қондырғылардың негізі жылудың төмен потенциалды қайнар көздерін пайдалану болып табылады, мысалы, қоршаған орта, грунттық, артезиандық, термалды сулардың жылуын, өзен, теңіз, көл сулары, ауа сонымен қатар өндірістік салалардан алынатын технологиялық жылу (өндіріс және тазаланған тұрмыстық қалдықтар, технологиялық циклдердің суы, су және жылумен қамту жүйелері, түтіндік газдарды және кез келген басқа тасталынды жылу ағындарын тазалау кезінде алынатын жылу).

ЖС – ң жұмысының принципі қоршаған орта жылуының төмен температуралық қайнар көздерінен алынған жылуды жұмыс заттарының фазалық айналысы есебінен жоғары температуралық жылу тұтынуға беруге негізделген (трансформация).

Бассейндерді жылыту, ыстық сумен қамтуға, жылытуға кеткен шығындарды төмендету солтүстігінде суық қысты және ыстық жазды Қазақстан жағдайында бүгінгі күнде маңызды болып отыр. Жылумен қамту үшін энергияның дәстүрлі қайнар көздерін пайдалану қомақты қаржыны қажет етеді. Электр тасығыштардың бағасының жоғарылауы және лоларды әкелуге кететін үлкен шығындар үнемдеу туралы ойландырады.

Сонымен қатар, жылумен қамтамасыз етудің дәстүрлі қайнар көздерінің негізгі кемшілігі оның төмен энергетикалық және экономикалықтиімділігі (әсіресе кіші қазандықтарда). Осы мәселенің оңай және үнемді шешімі – ЖСҚ.


Өздік бақылау сұрақтары

1. Жылу сораптар дегеніміз не?

2. Қазіргі уақыттағы жылу сораптардың қолдануы туралы не білесің.

3. Жылулық сорап қондырғыларының негізгі маңыздылықтарын ата.

4. ЖСҚ қалай пайдаланады?
Қолданылған оқулықтар

1. В.М. Фокин «Основы энергосбережения и энергоаудита» М.: «Изда-

тельство Машиностроение-1», 2006. -б 256.

2. Ю.В. Копытов «Экономия энергии в промышленности: Справочное пособие для инженерно-технических работников» -М.: Энергоатомиздат, 1983. –б 208.

3. О.Л. Данилова «Энергносбережение в теплоэнергетике и теплотехнологиях» -М., «МЭИ», -б. 188.


Дәріс 10


(1 сағат)
Тақырып. Жылу насостарын өнеркәсіпте пайдалану.
Дәріс сабақтың мазмұны

1. Жылу насостарын өнеркәсіпте пайдалану.

2. Кептіру процесі.

3. Дистиляция және булану процесстері.

4. «Сұйық - сұйық» түрдегі жылуалмастырғыштар.
Өнеркәсіпте ЖС - ын пайдалану стационарлық энергетикада, өндірістің техникалық процесстерінде де пайдалану болып табылады. Өнеркәсіпте ЖС – ын пайдалану 30 жылдан астам уақыт бойы ұсынылып келеді. Кейбір ұсыныстар тасталмалы жылудың пайдалану прлцесстерімен қатар жүзеге асырылып келген және бұрыннан бері пайдалануда. Падалану масштабына қатысты қалған күдіктер тез сатылып кету жүйелерінің пайдалануымен қалмады.

ЖС – ты циклдын басты мақсаты суытылу болып табылған көптеген қолдану салалары бар. Кез келген сутылу жүйесі сыртқы ортаның температурасын жоғары етіп конденсатор жылуын тастауы қажет. Әдетте бұл жылу градирняда немесе сулы немесе ауалы суыту көмегімен тасталады. Оны жылу беру, суды алдын – ала қыздыру және т.б. үшін пайдланауға болады. Бұл жылу салыстырмалы төмен потенциалды болғандықтан, оны конденсатор жанында орналасқан объектілерде ғана пайдлануға болады, мысалы, қоймаларды және фабрикалық ғимараттарда жылуды қайта түзу үшін келетін конденсаторларды ауыстыру салыстырмалы арзанға түседі және капитал салымын тез қайтарып алуға болады. Қайта түзілу коэффициенті мұнда қыздыру шарттары бойынша оптимизациялауға болмайды, өйткені, қондырғының негізгі тағайындалуы – ол суыту. Бірақ бұл маңызды емес, өйткені қыздыру кіші қосымша шығындар кезінде де болады.

Кептіру процессіндегі ЖС – ң мүмкіншіліктері мынадай: буландырғыш ылғалды тастамалы ауаының жылу ағынын жұтады, сонымен бірге оны суытады. Суыту ылғалдың бір бөлігін конденсациялайды, соның арқасында ауа кептіріледі, содан соң ЖС –ң конденсаторында қыздырылады. Көптеген кептіргіштерде, әсіресе суды ғана буландырғыш үшін, ЖС «газ - газ» тастағыш жылуды қайта түзудің жүйесіне жақсы қосымша болуы мүмкін және бұның үнемділігі ақталған. Бұл қосымшаларда жылу сораптың әр түрлі айырықша түрлері болуы мүмкін. Кептіргіштер үшін қыздыруға арналған жылутасымалдағыш ретінде қыздырылған буды пайдаланумен рекомпрессионды цикл ұсынылған.

Дистиляция және булану процесстерінде үшінші түрдегі жылу сорабы қолданылады, ол будың механикалық рекомпрессиясына негізделген. Бұл жағдайда бу ағыны компрессор арқылы өтеді, содан соң буландырғыштың сұйықпен бірге ыдыста орналасқан жылуалмастырғыш арқылы өтеді.

Тастамалы сұйық ағындарының жылуының қайта түзілуі – қарапайым жылу сорапты цикл бойынша жұмыс істейтін дизель немесе газмоторлы жетекпен, сонымен қатар компрессордың электржетегімен жылу сорапты кеңінен қолданатын аудан. 10оС және 60оС температура аралығында сұйық тастауы бар өндіріс орындары көп.

Жоғары температуралы газ қалдықтарынан айырмашылық, төмен потенциалды жылу қарапайым жылуалмастырғыштарды пайдалану арқылы қолданылмайды.

«сұйық - сұйық» түрдегі жылуалмастырғыштардың арасында сыйымды және тиімді болып пластинкалылар шықты, олардың регенерация коэффициенті 90% жетеді. Бірақ онда түзілген жылу көп жағдайда температурасы жоғары емес, ал жоғары температуралы тасталмалы газ ағынды айналмалы жылуалмастырғыш температураны көп деңгейге түсірмей жылуды түзеді. Жазықты жылу алмастырғыш пен ЖС – ты бірге пайдаланудың тиімді жағын табуға болады, онда олардың бірге жұмысы қайнар көздің температура және жылу қабылдағыштың айырмашылығын азайту жолымен ҚТК –ін арттырады. Бірге жұмыс істеу нәтижесінде жылудың бір бөлігін жылуалмастырғыш арқылы бағыттап, жылу сораптың өлшемдерін азайтуға болады.

Қосымшалар ауданы қайнар көздің және жылу ағыны сипаттамаларына тәуелді. Өнеркәсіпте – бұл жылу беру мақсатындағы жылудың қайта түзілулі тоңазытқышты қондырғылар, тастамалы ылғалды ауа немесе басқа да газдар және тастамалы сұйық. Тастамалы сұыйқ газдар қарапайым жылуалмастырғыштар көмегімен жақсы қолданылады.

Қоршаған ортадан алынған жылу көздерін де пайдалануға болады, бірақ, өнеркәсіпте оны пайдалану инженерлік көз қарастан үнемді емес және қолайлы емес. Жылудың қажет етілетін потенциалының артуы соншалықты жоғары, осы кезде тек ҚТК – ін кіші шамаға ғана көтеруге болады. Жылу көзі ретінде тоңазытқыш қондырғысын пайдалану кезінде ҚТК – інің төмен шамасыман де келісуге болады, өйткені бұл жағдайда компрессорлық агрегаттың негізгі тағайындалуы суыту болып табылады, және оны тек қыздыруда жұмыс істейтін табиғи су немесе ауа негізіндеіг жылу сораппен салыстыруға болмайды.
Өздік бақылау сұрақтары

1. Жылу насостарын өнеркәсіпте пайдалануға қалай юолады?.

2. Кептіру процессіндегі ЖС-ның жұмысы.

3. Дистиляция және булану процесстері туралы айтып бер.

4. «Сұйық - сұйық» түрдегі жылуалмастырғыштар дегеніміз не.


Қолданылған оқулықтар

1. В.М. Фокин «Основы энергосбережения и энергоаудита» М.: «Изда-

тельство Машиностроение-1», 2006. -б 256.

2. Ю.В. Копытов «Экономия энергии в промышленности: Справочное пособие для инженерно-технических работников» -М.: Энергоатомиздат, 1983. –б 208.

3. О.Л. Данилова «Энергносбережение в теплоэнергетике и теплотехнологиях» -М., «МЭИ», -б. 188.


Дәріс 11


(1 сағат)
Тақырып. Энергияны үнемдеудегі энергия аудиті. Энергия аудитінің түрлері және міндеті.
Дәріс сабақтың мазмұны

1. Энергоаудиттің негізгі тапсырамлары

2. Энегоресурстарды тұтынушыларды зерттеу түрлері.



3. Энергетикалық тексерістер

4. Экспресс – тексеру



5. Энергия аудитінің міндеті.
Жоғарыда атап айтылғандай, қазіргі уақытта заңмен ұсынылып бекітілген терминнің болмау кезінде екі түсінік бар: энергетикалық зерттеулер және энергоаудит. Біріншісі, мынандай жағдайға сәйкес келеді: мұнда жұмыс энергоресурстардың барлық түрлерін тарату мен қолдану, өндіріс жағдайын техникалық тексеру және рационалды емес энергия шығынын төмендету, энергоресурстарға төленетін қаржы шығыны жайлы энергоресурстарды тиімді пайдалану ұсыныстар мемлекеттік қадағалау органдарының нұсқауымен жүреді. Екіншісі – ерікті, кәсіпорынның ынтасымен өткізілетін, энергетикалық тексеру. Сондықтан келесі кезекте тек бір терминді қолданамыз, ол – энергоаудит.

Энергоаудиттің негізгі тапсырамларынан мыналарды атауға болады:



  • кәсіпорындарда энергия тұтыну мен энергия пайдаланудың фактілі жағдайын орнату;

  • энергия тұтынудың рационалды өлшемдерін, энергияны транспарттау және өндіру кезінде анықтау, сонымен қатар өндірістік процестер мен қондырғыларда;

  • пайда болу себебін анықтау, шығын мәнін және ЖЭР (жылу энергетика ресурстары) –да үнем резервтары;

  • ЖЭР-ды қолданудың тиімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстары жетілдіру.

Алға қойған тапсырмаларды шешу тереңдігі және осыған қажет ақпарат көлемі өткізіп жатқан энегоаудит деңгейіне тәуелді.

Энегоресурстарды тұтынушыларды зерттеу түрлері.

Энегия үнемдеудің дұрыс және нормативті базалары энергия пайдаланылатын қондырғыларды және жалпы кәсіпорындарды әр түрлі тексерулер жүргізуді қарастырады.

Энергетика және индустрия министрлігімен бекітілген, энергетикалық қондырғыларды пайдаланудағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мекеменің энергетикалық тексерудің 6 түрі қарастырылады:



  • жұмыс істер алдындағы және пайдалануға беру алдындағы;

  • бірлікті;

  • периодтық;

  • кезектен тыс;

  • локальды;

  • ПОП экспресс – зертеулер.

Осы ережелерге сәйкес отынды және энергия пайдаланушы құрал -жабдықтарды іске қосар алдында және пайдалануға берер алдында, Қазақстанның аймақтық органдары мемлекеттік стандартқа және энерготиімділік көрсеткіштері бойынша СНПИ талаптарына және монтаждау талаптарына сәйкес келетіндігін тексері үшін құрал – жабдықты алдын – ала тексереді.

Энергоресурстарды пайдаланудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін энергетикалық тексерулерге бірнеше тексерулер жатады.

Осымен, біріншілікті тексеру кезінде ЖЭР пайдаланудың тиімділігінің бағалауы жүргізіледі (жабдық жұмысының тиімділігі тексеріледі, ЖЭР пайдаланылу жағдайының есебі, оны пайдалану бойынша есеп беру, отын және энергиямен қамтуға кеткен шығынды есептеу).

Периодтық тексеру барысында бұрынғы берілген ұсыныстардың орындалуы тексеріледі, ЖЭР - ң тұтыну динамикасы бағаланады және олардың тауарды өндірудегі меншікті шығындары бағаланады (энергосыйымдылық, өндірісітің жалпы материалдық шығындарындағы ЖЭР - ң құны).

Кезектен тыс тексеру Қазақстанның энергобақылауының аймақтық органынының бастауымен жүргізіледі, егер оларда ЖЭР-ды пайдалану тиімділігінің күрт төмендеуі жөнінже жаңаша белгілері пайда болса, энергоаудиторлардың жүргізген тексеріс нәтижесінде күдік тудырса, сонымен қатар отты – энергетикалық ресурсты тұтынумен байланысты тұтынушының ЖЭР-ң мемлекеттік билік органдарына жеңілдік алуға барған жағдайда.

Локальды және экспресс тексерулері көлемі мен мерзіміне байланысты шектеулі сипатқа ие. Сонымен қоса ЖЭР-ң бір түрінің тұтынуы бойынша (электр мен жылу энергиялары; қатты, сұйық және газ тәріздес отын; екінші энергоресурстардың және агрегаттардың белгілі бір тобы бойынша жеке агрегат), немесе жекелей тиімділік көрсеткіші бойынша тиімділігінің бағалануы жүргізіледі.

Біріншілікті, периодьы, кезектен тыс локальды және экспресс тексерістерін Қазақстанның энергобақылау мен энергоаудиторлары жүзеге асыруға құқылы.

Шет елдерде энергетикалық тексерістердің методологиясы 6 этаптан тұрады:



  • энергоресурстардың интегралды тұтынуы мен олардың қаржылай шығындарымен алдын-ала танысу;

  • түрлі энергетикалық баланстарды құру (жалпы мекеме, жекелей цехтар, технологиялармен, энергоресурстармен және т.б.);

  • энергосыйымды тұтынушыларды детальды тексеру және энергоүнемдеудің негізгі бағыттарының негізделуі;

  • энегоүнемдеуші үлгілерді жасау;

  • энергоүнемдеуші жобалар мекмелері үшін тиімді зерттеу;

  • жүргізілген энергоаудит бойынша есеп жасау.

Энергетикалық тексерулердің жүргізу тәжірибесі, олардың міндеттері: өнеркәсіптегі энергия тұтынудың нақты жағдайын бағалау, отын – энергетикалық ресурстардың шығын мағынасын анықтау; өндірістік процестерде және қондырғыларда энерготұтынудың рационалдық өлшемдерін анықтау, отын және энергия үнемдеуін бағалау мен айқындау; отын энергетикалық ресурстарын шығындарын төмендетуге бағытталған жоба – жоспарларын жасау, осы жағдайлар энергетикалық тексерулерді 3 түрге бөліп көрсетеді:

  • алдын – ала энергоаудит;

  • бірінші деңгейдегі энергоаудит;

  • энерготехнологиялық жүйелерді тереңдете тексеру және өндірістік жалпылай тексеру.

Бірақ энергоаудиттің екі түрге бөлінуі мақсатқа лайықты болып табылады: экспресс – тексеру және тереңдетілген тексеріс (нақты айтақанда энергоаудит). Соңғысы өндірістің энергетикалық паспортын құрауды да ойластырады.

Экспресс – тексеру

Бұл энергоаудиттің түрі үндіріс туралы оның технологиялары, энергетикалық шаруашылығы, энегия тұтянушы жүйелер және сол көлемдегі қондырғылар туралыбастапқы статистикалық есеп ақпаратын алу болып табылады, бұл энергоаудиторларға энергия сақтау потенциалының көлемі мен бары туралы энергия тасығыштарға қаржылай шығынды түсіру мүмкіндігі туралы өндіріс орындарына энергия үнемдеудің негізгі бағыттарын беогілеуге дәлелді нәтиже жасауға мүмкіндік береді.

Экспресс- - тексерумен танысу кезеңі кәсіпорвнмен танысудан тұрады (кәсіпорын құрылымы мен генпланы, энергия үнемдеудің, технологияның энергоресурстады есептеу жүйелерінің принципиалды сызбанұсқасы, энергиямен қамту және технологиялық қондырғылар жағдайын визуалды қарау). Осы кезеңнің нәтижесі бойынша энергоаудиторларға мыналар мәлім болады: энергоаудиторлардың әр түрлі кәсіпорын қызматімен арақатынас формасын, кәсіпорын туралы, оның энергия шаруашылығы туралы, бастапқы мәліметтер, кәсіпорының қаржылай шығындарындағы энергоресурстарға шығын үлесі.

Соңғысы, осы кезеңдеэнергоаудитті жүргізудің қажетті деңгеййіне баға беруге мүмкіндік береді. Егер энергоресурстарға кететін қаржылай шығындар үшін кәсіпорынның жалпы шығындарында 10% -дан төмен болса, онда кәсіпорынның энергия тұтыну экспресс – анализі ары қарай жұмыс істеу үшін жеткілікті. Энергоресурстарға шығын үлесі 15% - ға дейін өссе, тек экспресс – тексеру жүргізу жеткіліксіз, бірақ тереңдетілген энергоаудит жүргізу қажет, өйткені энергоаудиторлармен жүргізген ұсыныстар кәсіпорынға энергоресурс шығындарын 3 - 4% түсіруге мүмкіндік береді. 15% - дан артық шығын үлесі кезінде энергоаудитті тез арада жүргізу керек, өйткені оның нәтижесінен шығатын болжамалы қаржылық пайда анықталады.

Ерекше орынды өндіріс кәсіпорындағы заңмен бекітілген энергетикалық паспортизаця алады. Төменде көрсетілгендей бұл жағдайда тереңдетілген энергоаудит қана қажет.

Экспресс – тексерумен танысу кезеңі (статистикалық есеп берудің және техникалық документацияның мәліметтерін оқып білу және алу) толығырақ ақпараттар жиынтығынан тұрады:


  • негізгі және қосымша өнімнің шығарылуына болжамдар және шығарылымдар номенклатурасы және олардың айлық көлемдері туралы;

  • энергоресурстар және олардың кейінгі екі – үш жылдағы динамикасына қаржылай төлем мен терифтары туралы;

  • энергиямен қамтитын ұйыммен келісімдер туралы;

  • толығымен кәсіпорын бойынша және жеке цехтер (өндіріс орындары) бойынша энергоресурстардың барлық түрін айлық тұтыну туралы;

  • энергияның өзінің қайнар көзі туралы (қазандық, ЖЭО, автономдылар және т.б.), конденсатты жинау (сбор) және қайтару, бу- және жылумен қамту жүйелері туралы;

  • маңыздырақ отын-, жылу-, электртұтынушы құрылғылар (өнімділік, пайдаланылатын энергиятасығыштар, олардың параметрлері, эксплуатациялық мәлімет және т.б.) туралы;

  • энергоресурстарды (трансформаторлар, РОУ, РУ, жылу сораптры және т.б.) трансформациялау бойынша қондырғылар туралы;

  • суды бөліп беру және ауа-, суық-, жылумен қамту жүйелері туралы.

Ережеге сай, статистикалық есеп беру мәліметтер жиынтығын соңғы 1,5 – 2 жылда өткізу керек.

Мәоіметтерді жинау кезінде энергоаудиторлар өздері ойлап тапқан сұраныс парақтарын пайдаланады. Энергоаудиторлармен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына кәсіпорынның басшылығы жауапты. Энергоаудиторлардың міндеті – таңдалмалы бақылаумен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын бағалау.

Құжаттардан алынған барлық ақпарат энергия пайдалану тиімділігінің анализі үшін негізгі материал болып табылады. Анализ тәсілі жеке объектіге немесе толығымен кәсіпорыға қолданылады. Энергия тиімділігінің анализінің нақты әдісі, кәсіпорынның тармақты керек- жарақтарына және типіне, зерттеліп жатқан процесс пен құрал – жабдық түріне тәуелді.

Ақпараттан алынған анализ энергияның мағыналы өнімділікті емес шығынын әкелетін, энергиятасымалдағыштарды тарату мен өнімділіктің жүйесін, энергия тұтынушылардың, технологияның, энергиятасығыштардың мағыналы приоритеттерін шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шығарылатын өнімге энергия тұтынудың қатынасы болып табылатын, объектілер мен энергоресурстардың жеке түрлері бойынша фактілі салыстыттрмалы энергия тұтыну есептеліп шығарылады (вычисляется).

Фактілі салыстырмалы энергия тұтынуды базалық цифрлармен салыстыру жолымен әр бір объекті бойынша энергияны пайдаланудың энергиятиімділігі туралы қорытынды жасалады. Базалық цифрлар экспертті бағалардың немесе процесстерді фихикалық модельдеудің, отандық пен шет елдік туыстық кәсіпорындардың немесе осы кәсіпорынның алдыңғы көрсеткіштерінің салалы нормаларына негізделуі мүмкін.

Энергоаудиторлардың жұмысының нәтижесі кәсіпорынға өндірістің энергия үнемдеуінің көрнекті фактілі көрінісін алуға, энергия үнемдеу потенциалының экспертті бағасын және энергия үнемдеудің негізгі бағыттарын алуға мүмкіндік береді.

Тереңдетілген энергоаудит

Осы дәрежедегі энергоаудит энергия үнемдеу потенциалының дәл бағасын, тек бағыттарды ойлап шығаруды ғана емес, сонымен қатар рационалды қолдану бойынша техникалық шешімдер мен энергия үнемдеуді, кәсіпорындарда энергия үнемдеуді іске асырудың комплексті ұзақ уақытты жобасын дайындауға арналған алғы шартты жасауды болжайды.

Тереңдетілген энергоаудит бастапқы кезеңде жоғарыда қарастырылған экспресс – тексеру бойынша барлық жұмыстардан тұрады. Кәсіпорынның қызметкерлері беруге тиіс бастапқы ақпарат ретінде кеңейтілген ақпарат қызмет етеді: кәсіпорынмен шығарылған негізгі және қосымша өнім туралы, энергиталық паспорттың болуы, энегроресурстарды үнемдеу бойынша ұйымдастырушылық – техникалық шаралардың болуы туралы; шығарылатын өнімге ЖЭР – ң салыстырмалы шығындары туралы; энергоресурстарға кететін қаржылай шығындар, тарифтер және энергия тұтыну (электр энергиясы, жылу энергиясы, отын, су, қысылған ауа, қысылған азот, суық) туралы; энергиямен қамтудың қайнар көзі және энергия тасығыштардың параметрлері (ГПП, ТП, ЖЭО, қазандық, компрессионды және тоңазытқышты қондырғылар) туралы кәсіпорынның коммуникациясы туралы; кәсіпорынға, құрылысқа, ғимаратқа жылу беру жүйесі туралы; ыстық және суық сумен қамту жүйесі туралы, душ тәріздес тор мен су бөлетін крандардың саны туралы; құйылмалы – сорылатын желдеткіш туралы; технологиялық жылу тұтынушы, отын тұтынушы жабдықтар туралы; СЭР – ң (ВЭР) қайнар көздері туралы; конденсаттың қайтару және жинау жүйесі туралы; тоңазытқышты, компрессорлы жабдық туралы; қолданылу бағыты бойынша электр қондырғысының орнатылған қуаты туралы; жарықтандыру жүйесі, ғимараттағы электр қабылдағыш, құрылыс және т.с.с. туралы.

Осы деңгейде, энергия пайдаланудың тиімділігін бағалауға қажет, бірақ құжаттардан алуға келмейтін немесе олардың дұрыстығына күмән келтіретін жетіспейтін ақпаратты толтыру үшін инструменталды зерттеуді қолданады.

Иинструменталды тексеруді жүргізу үшін стационарлы немесе арнайы портативті аспаптар қолданылу тиіс. Өлшеуді жүргізу кезінде қолда бар кәсіпорынның энергоресурстарының есеп түйіндерін коммерциялық та, техникалық түрде максмалды пайдаланған дұрыс. Инструменталды зерттеу жүргізу кезінде кәсіпорын жүйелерге немесе объектілерге бөлінеді, бұлар мүмкіндігінше комплексті зерттеуге жатады.

Екінші деңгейлі энергоаудиттың мақсаттарын жүзеге асыру үшін энергоресурстардың барлық түрлерін фактілі энергия пайдалану жағдайына санды және сапалы баға беру керек және есептеу жолымен энергоресурстарды есепті - нормативті тұтынуын анықтау.

Жиналған ақпарат кәсіпорынның энергия тұтынуы мен энериямен қамтудың принципиалды сызбанұсқасын құрастыруға мүмкіндік береді, бұл сызбанұсқада кәсіпорынның тек өзінің энергия шығны бейнеленбейді, сонымен қатар кәсіпорынның балансында тұрған да тұрмаған да қатардан тыс тұтынушылардың да барлығы көрсетілген.

Энергия тұтынудың фактілі жағдайына, энергоресурстар шығынының мәні мен себептерін айқындауға, қондырғылар мен өндірістік процесстерде энергоресурстарды рационалды тұтынуды анықтауға баға беру үшін өнеркәсіптік кәсіпорынның энергобалансын құрайды.

Ары қарай жылдық және айлық фактілі энергия тұтынуды операция жасай отырып, толығымен кәсіпорынға және оның жеке объектілері (цехтар, технологиялар) үшін әр бір энергия тасығыштың мағыналылығын орнатады.

Экспресс – тексеру кезеңіндегі сияқты қолдану бағыттары бойынша (технологя, анықтау, желдету, ыстық сумен қамту, жалпы зауыттық шығындар және т.б.) кәсіпорынның энергетикалы балансын бөлшектеу, ендігі уақытты әр бір бағыт бойынша энергоресурстарды пайдаланудың тиімділігіне тереңірек анализ өткізуге мүмкіндік береді. Әр бір энергия тасығышты пайдалану бағыты бойынша бөлшектеу пайдалы болып табылады. Айлық баланстар мезгілдік тербелісін көрсетеді, бұл ережеге сай, жылу беруге тұтынуды технологиялық және басқа жалпы зауыттық шығындардан бөлуге көмектеседі.

Тереңдетілген энергоаудит біріншіден, тек фактілі энергия тұтынуды орнатумен сипатталмайды, сонымен қатар, кәсіпорынның барлық технологиялық тізбегі бойынша энергияның нормаланған шығынын есепке ала отырып қажетті энергия тұтынудың есептік бағасы жүргізіледі. Соңғысы нормадан жоғары шығындардың көлемін, олардың себептерін орантуға және оларды азайтуға арналған шараларды белгілеуге мүмкіндік береді.

Осындай тапсырманы шешу үшін жылулық және электрлік энергияның, қазандықты – пешті отын бойынша нормаланған энергобалансты құрады. Мұндай баланстаррды құрудың ерекшеліктері төменде қарастырылған.

Тереңдетілген энергоаудиттің екінші сипатты ерекшелігі энергия тасығыштарды (бумен қамту жүйелері,жылумен қамту, конденсатты қайтару мен жинау, сығылған газдар мен суықты тарату мен өндіру жүйелері және т.б.) тарату және өндірістің жеке жүйелерінің анализі мен толығырақ қарстыру болып табылады.

Тереңдетілген энергоаудиттің үшінші сипатты ерекшелігі энергия үнемдеудің бағыттарын ғана ойлап табу емес, сонымен қатар оларды жүзеге асыратын техникалық шешімдері болып табылады.

Энергия үнемдеу ұсыныстары (шаралар) неігізінде, анализ кезеңінде айқындалған энергоресурстарды тиімсіз пайдаланатын объектілерге энергия үнемдеудің типтік әдістерін қолану жолымен өңделеді.

Ұсыныстарды өңдеу және баяндау кезінде қысқаша қолда бар жайды көсетеді, болжамды жетілдірудің және үнемді алу принципінің техникалық мәнін анықтайды, ақшалай және физикалық түрдегі потенциалды жылдық үнемділігін есептеп шығарады, болжамалы ұсыныстың жалпы экономикалық эффектісін бағалайды.

Экономикалық эффектіні бағалау үшін өзін – өзі ақтаудың (окупаемость) қарапайым мерзімін қолдану жеткілікті. Энергия үнемдеу жобасын қосымша қаржыландыру болған кезде жобаның экономикалық тиімділігін бағалаудың қиын әдісін қолдануға рұсат беріледі.

Өздік бақылау сұрақтары

1. Энергоаудиттің негізгі тапсырамлары қандай?

2. Энегоресурстарды тұтынушыларды зерттеу түрлерін ата.



3. Энергетикалық тексерістер қандай болады?

4. Экспресс – тексеру дегеніміз не?



5. Энергия аудитінің міндеті қандай?.
Қолданылған оқулықтар

1. В.М. Фокин «Основы энергосбережения и энергоаудита» М.: «Изда-

тельство Машиностроение-1», 2006. -б 256.

2. Ю.В. Копытов «Экономия энергии в промышленности: Справочное пособие для инженерно-технических работников» -М.: Энергоатомиздат, 1983. –б 208.

3. О.Л. Данилова «Энергносбережение в теплоэнергетике и теплотехнологиях» -М., «МЭИ», -б. 188.

Дәріс 12


(1 сағат)
Тақырып. Энергияны үнемдеудегі энергия аудиті. Өнеркәсіп кәсіпорындарының энергия аудитінің әдістемесі.
Дәріс сабақтың мазмұны

1. Энергоаудит тапсырамлары мен энегоресурстарды тұтынушыларды зерттеу түрлері.

2. Тереңдетілген энергоаудит

3. Екінші деңгейлі энергоаудит

4. Энергоаудиттің нормативті базасы

Қазіргі уақытта заңмен ұсынылып бекітілген терминнің болмау кезінде екі түсінік бар: энергетикалық зерттеулер және энергоаудит. Біріншісі, мынандай жағдайға сәйкес келеді: мұнда жұмыс энергоресурстардың барлық түрлерін тарату мен қолдану, өндіріс жағдайын техникалық тексеру және рационалды емес энергия шығынын төмендету, энергоресурстарға төленетін қаржы шығыны жайлы энергоресурстарды тиімді пайдалану ұсыныстар мемлекеттік қадағалау органдарының нұсқауымен жүреді. Екіншісі – ерікті, кәсіпорынның ынтасымен өткізілетін, энергетикалық тексеру. Сондықтан келесі кезекте тек бір терминді қолданамыз, ол – энергоаудит.

Энергоаудиттің негізгі тапсырамларынан мыналарды атауға болады:



  • кәсіпорындарда энергия тұтыну мен энергия пайдаланудың фактілі жағдайын орнату;

  • энергия тұтынудың рационалды өлшемдерін, энергияны транспарттау және өндіру кезінде анықтау, сонымен қатар өндірістік процестер мен қондырғыларда;

  • пайда болу себебін анықтау, шығын мәнін және ЖЭР (жылу энергетика ресурстары) –да үнем резервтары;

  • ЖЭР-ды қолданудың тиімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстары жетілдіру.

Алға қойған тапсырмаларды шешу тереңдігі және осыған қажет ақпарат көлемі өткізіп жатқан энегоаудит деңгейіне тәуелді.

Энегоресурстарды тұтынушыларды зерттеу түрлері.

Энегия үнемдеудің дұрыс және нормативті базалары энергия пайдаланылатын қондырғыларды және жалпы кәсіпорындарды әр түрлі тексерулер жүргізуді қарастырады.

Энергетика және индустрия министрлігімен бекітілген, энергетикалық қондырғыларды пайдаланудағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мекеменің энергетикалық тексерудің 6 түрі қарастырылады:



  • жұмыс істер алдындағы және пайдалануға беру алдындағы;

  • бірлікті;

  • периодтық;

  • кезектен тыс;

  • локальды;

  • ПОП экспресс – зертеулер.

Осы ережелерге сәйкес отынды және энергия пайдаланушы құрал -жабдықтарды іске қосар алдында және пайдалануға берер алдында, Қазақстанның аймақтық органдары мемлекеттік стандартқа және энерготиімділік көрсеткіштері бойынша СНПИ талаптарына және монтаждау талаптарына сәйкес келетіндігін тексері үшін құрал – жабдықты алдын – ала тексереді.

Энергоресурстарды пайдаланудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін энергетикалық тексерулерге бірнеше тексерулер жатады.

Осымен, біріншілікті тексеру кезінде ЖЭР пайдаланудың тиімділігінің бағалауы жүргізіледі (жабдық жұмысының тиімділігі тексеріледі, ЖЭР пайдаланылу жағдайының есебі, оны пайдалану бойынша есеп беру, отын және энергиямен қамтуға кеткен шығынды есептеу).

Периодтық тексеру барысында бұрынғы берілген ұсыныстардың орындалуы тексеріледі, ЖЭР - ң тұтыну динамикасы бағаланады және олардың тауарды өндірудегі меншікті шығындары бағаланады (энергосыйымдылық, өндірісітің жалпы материалдық шығындарындағы ЖЭР - ң құны).

Кезектен тыс тексеру Қазақстанның энергобақылауының аймақтық органынының бастауымен жүргізіледі, егер оларда ЖЭР-ды пайдалану тиімділігінің күрт төмендеуі жөнінже жаңаша белгілері пайда болса, энергоаудиторлардың жүргізген тексеріс нәтижесінде күдік тудырса, сонымен қатар отты – энергетикалық ресурсты тұтынумен байланысты тұтынушының ЖЭР-ң мемлекеттік билік органдарына жеңілдік алуға барған жағдайда.

Локальды және экспресс тексерулері көлемі мен мерзіміне байланысты шектеулі сипатқа ие. Сонымен қоса ЖЭР-ң бір түрінің тұтынуы бойынша (электр мен жылу энергиялары; қатты, сұйық және газ тәріздес отын; екінші энергоресурстардың және агрегаттардың белгілі бір тобы бойынша жеке агрегат), немесе жекелей тиімділік көрсеткіші бойынша тиімділігінің бағалануы жүргізіледі.

Біріншілікті, периодты, кезектен тыс локальды және экспресс тексерістерін Қазақстанның энергобақылау мен энергоаудиторлары жүзеге асыруға құқылы.

Шет елдерде энергетикалық тесерістердің методологиясы 6 этаптан тұрады:



  • энергоресурстардың интегралды тұтынуы мен олардың қаржылай шығындарымен алдын-ала танысу;

  • түрлі энергетикалық баланстарды құру (жалпы мекеме, жекелей цехтар, технологиялармен, энергоресурстармен және т.б.);

  • энергосыйымды тұтынушыларды детальды тексеру және энергоүнемдеудің негізгі бағыттарының негізделуі;

  • энегоүнемдеуші үлгілерді жасау;

  • энергоүнемдеуші жобалар мекмелері үшін тиімді зерттеу;

  • жүргізілген энергоаудит бойынша есеп жасау.

Энергетикалық тексерулердің жүргізу тәжірибесі, олардың міндеттері: өнеркәсіптегі энергия тұтынудың нақты жағдайын бағалау, отын – энергетикалық ресурстардың шығын мағынасын анықтау; өндірістік процестерде және қондырғыларда энерготұтынудың рационалдық өлшемдерін анықтау, отын және энергия үнемдеуін бағалау мен айқындау; отын энергетикалық ресурстарын шығындарын төмендетуге бағытталған жоба – жоспарларын жасау, осы жағдайлар энергетикалық тексерулерді 3 түрге бөліп көрсетеді:

  • алдын – ала энергоаудит;

  • бірінші деңгейдегі энергоаудит;

  • энерготехнологиялық жүйелерді тереңдете тексеру және өндірістік жалпылай тексеру.

Бірақ энергоаудиттің екі түрге бөлінуі мақсатқа лайықты болып табылады: экспресс – тексеру және тереңдетілген тексеріс (нақты айтақанда энергоаудит). Соңғысы өндірістің энергетикалық паспортын құрауды да ойластырады.

Экспресс – тексеру

Бұл энергоаудиттің түрі үндіріс туралы оның технологиялары, энергетикалық шаруашылығы, энегия тұтянушы жүйелер және сол көлемдегі қондырғылар туралыбастапқы статистикалық есеп ақпаратын алу болып табылады, бұл энергоаудиторларға энергия сақтау потенциалының көлемі мен бары туралы энергия тасығыштарға қаржылай шығынды түсіру мүмкіндігі туралы өндіріс орындарына энергия үнемдеудің негізгі бағыттарын беогілеуге дәлелді нәтиже жасауға мүмкіндік береді.

Экспресс- - тексерумен танысу кезеңі кәсіпорвнмен танысудан тұрады (кәсіпорын құрылымы мен генпланы, энергия үнемдеудің, технологияның энергоресурстады есептеу жүйелерінің принципиалды сызбанұсқасы, энергиямен қамту және технологиялық қондырғылар жағдайын визуалды қарау). Осы кезеңнің нәтижесі бойынша энергоаудиторларға мыналар мәлім болады: энергоаудиторлардың әр түрлі кәсіпорын қызматімен арақатынас формасын, кәсіпорын туралы, оның энергия шаруашылығы туралы, бастапқы мәліметтер, кәсіпорының қаржылай шығындарындағы энергоресурстарға шығын үлесі.

Соңғысы, осы кезеңдеэнергоаудитті жүргізудің қажетті деңгеййіне баға беруге мүмкіндік береді. Егер энергоресурстарға кететін қаржылай шығындар үшін кәсіпорынның жалпы шығындарында 10% -дан төмен болса, онда кәсіпорынның энергия тұтыну экспресс – анализі ары қарай жұмыс істеу үшін жеткілікті. Энергоресурстарға шығын үлесі 15% - ға дейін өссе, тек экспресс – тексеру жүргізу жеткіліксіз, бірақ тереңдетілген энергоаудит жүргізу қажет, өйткені энергоаудиторлармен жүргізген ұсыныстар кәсіпорынға энергоресурс шығындарын 3 - 4% түсіруге мүмкіндік береді. 15% - дан артық шығын үлесі кезінде энергоаудитті тез арада жүргізу керек, өйткені оның нәтижесінен шығатын болжамалы қаржылық пайда анықталады.

Ерекше орынды өндіріс кәсіпорындағы заңмен бекітілген энергетикалық паспортизаця алады. Төменде көрсетілгендей бұл жағдайда тереңдетілген энергоаудит қана қажет.

Экспресс – тексерумен танысу кезеңі (статистикалық есеп берудің және техникалық документацияның мәліметтерін оқып білу және алу) толығырақ ақпараттар жиынтығынан тұрады:


  • негізгі және қосымша өнімнің шығарылуына болжамдар және шығарылымдар номенклатурасы және олардың айлық көлемдері туралы;

  • энергоресурстар және олардың кейінгі екі – үш жылдағы динамикасына қаржылай төлем мен терифтары туралы;

  • энергиямен қамтитын ұйыммен келісімдер туралы;

  • толығымен кәсіпорын бойынша және жеке цехтер (өндіріс орындары) бойынша энергоресурстардың барлық түрін айлық тұтыну туралы;

  • энергияның өзінің қайнар көзі туралы (қазандық, ЖЭО, автономдылар және т.б.), конденсатты жинау (сбор) және қайтару, бу- және жылумен қамту жүйелері туралы;

  • маңыздырақ отын-, жылу-, электртұтынушы құрылғылар (өнімділік, пайдаланылатын энергиятасығыштар, олардың параметрлері, эксплуатациялық мәлімет және т.б.) туралы;

  • энергоресурстарды (трансформаторлар, РОУ, РУ, жылу сораптры және т.б.) трансформациялау бойынша қондырғылар туралы;

  • суды бөліп беру және ауа-, суық-, жылумен қамту жүйелері туралы.

Ережеге сай, статистикалық есеп беру мәліметтер жиынтығын соңғы 1,5 – 2 жылда өткізу керек.

Мәоіметтерді жинау кезінде энергоаудиторлар өздері ойлап тапқан сұраныс парақтарын пайдаланады. Энергоаудиторлармен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына кәсіпорынның басшылығы жауапты. Энергоаудиторлардың міндеті – таңдалмалы бақылаумен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын бағалау.

Құжаттардан алынған барлық ақпарат энергия пайдалану тиімділігінің анализі үшін негізгі материал болып табылады. Анализ тәсілі жеке объектіге немесе толығымен кәсіпорыға қолданылады. Энергия тиімділігінің анализінің нақты әдісі, кәсіпорынның тармақты керек- жарақтарына және типіне, зерттеліп жатқан процесс пен құрал – жабдық түріне тәуелді.

Ақпараттан алынған анализ энергияның мағыналы өнімділікті емес шығынын әкелетін, энергиятасымалдағыштарды тарату мен өнімділіктің жүйесін, энергия тұтынушылардың, технологияның, энергиятасығыштардың мағыналы приоритеттерін шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шығарылатын өнімге энергия тұтынудың қатынасы болып табылатын, объектілер мен энергоресурстардың жеке түрлері бойынша фактілі салыстыттрмалы энергия тұтыну есептеліп шығарылады (вычисляется).

Фактілі салыстырмалы энергия тұтынуды базалық цифрлармен салыстыру жолымен әр бір объекті бойынша энергияны пайдаланудың энергиятиімділігі туралы қорытынды жасалады. Базалық цифрлар экспертті бағалардың немесе процесстерді фихикалық модельдеудің, отандық пен шет елдік туыстық кәсіпорындардың немесе осы кәсіпорынның алдыңғы көрсеткіштерінің салалы нормаларына негізделуі мүмкін.

Энергоаудиторлардың жұмысының нәтижесі кәсіпорынға өндірістің энергия үнемдеуінің көрнекті фактілі көрінісін алуға, энергия үнемдеу потенциалының экспертті бағасын және энергия үнемдеудің негізгі бағыттарын алуға мүмкіндік береді.

Тереңдетілген энергоаудит

Осы дәрежедегі энергоаудит энергия үнемдеу потенциалының дәл бағасын, тек бағыттарды ойлап шығаруды ғана емес, сонымен қатар рационалды қолдану бойынша техникалық шешімдер мен энергия үнемдеуді, кәсіпорындарда энергия үнемдеуді іске асырудың комплексті ұзақ уақытты жобасын дайындауға арналған алғы шартты жасауды болжайды.

Тереңдетілген энергоаудит бастапқы кезеңде жоғарыда қарастырылған экспресс – тексеру бойынша барлық жұмыстардан тұрады. Кәсіпорынның қызметкерлері беруге тиіс бастапқы ақпарат ретінде кеңейтілген ақпарат қызмет етеді: кәсіпорынмен шығарылған негізгі және қосымша өнім туралы, энергиталық паспорттың болуы, энегроресурстарды үнемдеу бойынша ұйымдастырушылық – техникалық шаралардың болуы туралы; шығарылатын өнімге ЖЭР – ң салыстырмалы шығындары туралы; энергоресурстарға кететін қаржылай шығындар, тарифтер және энергия тұтыну (электр энергиясы, жылу энергиясы, отын, су, қысылған ауа, қысылған азот, суық) туралы; энергиямен қамтудың қайнар көзі және энергия тасығыштардың параметрлері (ГПП, ТП, ЖЭО, қазандық, компрессионды және тоңазытқышты қондырғылар) туралы кәсіпорынның коммуникациясы туралы; кәсіпорынға, құрылысқа, ғимаратқа жылу беру жүйесі туралы; ыстық және суық сумен қамту жүйесі туралы, душ тәріздес тор мен су бөлетін крандардың саны туралы; құйылмалы – сорылатын желдеткіш туралы; технологиялық жылу тұтынушы, отын тұтынушы жабдықтар туралы; СЭР – ң (ВЭР) қайнар көздері туралы; конденсаттың қайтару және жинау жүйесі туралы; тоңазытқышты, компрессорлы жабдық туралы; қолданылу бағыты бойынша электр қондырғысының орнатылған қуаты туралы; жарықтандыру жүйесі, ғимараттағы электр қабылдағыш, құрылыс және т.с.с. туралы.

Осы деңгейде, энергия пайдаланудың тиімділігін бағалауға қажет, бірақ құжаттардан алуға келмейтін немесе олардың дұрыстығына күмән келтіретін жетіспейтін ақпаратты толтыру үшін инструменталды зерттеуді қолданады.

Иинструменталды тексеруді жүргізу үшін стационарлы немесе арнайы портативті аспаптар қолданылу тиіс. Өлшеуді жүргізу кезінде қолда бар кәсіпорынның энергоресурстарының есеп түйіндерін коммерциялық та, техникалық түрде максмалды пайдаланған дұрыс. Инструменталды зерттеу жүргізу кезінде кәсіпорын жүйелерге немесе объектілерге бөлінеді, бұлар мүмкіндігінше комплексті зерттеуге жатады.

Екінші деңгейлі энергоаудиттың мақсаттарын жүзеге асыру үшін энергоресурстардың барлық түрлерін фактілі энергия пайдалану жағдайына санды және сапалы баға беру керек және есептеу жолымен энергоресурстарды есепті - нормативті тұтынуын анықтау.

Жиналған ақпарат кәсіпорынның энергия тұтынуы мен энериямен қамтудың принципиалды сызбанұсқасын құрастыруға мүмкіндік береді, бұл сызбанұсқада кәсіпорынның тек өзінің энергия шығны бейнеленбейді, сонымен қатар кәсіпорынның балансында тұрған да тұрмаған да қатардан тыс тұтынушылардың да барлығы көрсетілген.

Энергия тұтынудың фактілі жағдайына, энергоресурстар шығынының мәні мен себептерін айқындауға, қондырғылар мен өндірістік процесстерде энергоресурстарды рационалды тұтынуды анықтауға баға беру үшін өнеркәсіптік кәсіпорынның энергобалансын құрайды.

Ары қарай жылдық және айлық фактілі энергия тұтынуды операция жасай отырып, толығымен кәсіпорынға және оның жеке объектілері (цехтар, технологиялар) үшін әр бір энергия тасығыштың мағыналылығын орнатады.

Экспресс – тексеру кезеңіндегі сияқты қолдану бағыттары бойынша (технологя, анықтау, желдету, ыстық сумен қамту, жалпы зауыттық шығындар және т.б.) кәсіпорынның энергетикалы балансын бөлшектеу, ендігі уақытты әр бір бағыт бойынша энергоресурстарды пайдаланудың тиімділігіне тереңірек анализ өткізуге мүмкіндік береді. Әр бір энергия тасығышты пайдалану бағыты бойынша бөлшектеу пайдалы болып табылады. Айлық баланстар мезгілдік тербелісін көрсетеді, бұл ережеге сай, жылу беруге тұтынуды технологиялық және басқа жалпы зауыттық шығындардан бөлуге көмектеседі.

Тереңдетілген энергоаудит біріншіден, тек фактілі энергия тұтынуды орнатумен сипатталмайды, сонымен қатар, кәсіпорынның барлық технологиялық тізбегі бойынша энергияның нормаланған шығынын есепке ала отырып қажетті энергия тұтынудың есептік бағасы жүргізіледі. Соңғысы нормадан жоғары шығындардың көлемін, олардың себептерін орантуға және оларды азайтуға арналған шараларды белгілеуге мүмкіндік береді.

Осындай тапсырманы шешу үшін жылулық және электрлік энергияның, қазандықты – пешті отын бойынша нормаланған энергобалансты құрады. Мұндай баланстаррды құрудың ерекшеліктері төменде қарастырылған.

Тереңдетілген энергоаудиттің екінші сипатты ерекшелігі энергия тасығыштарды (бумен қамту жүйелері,жылумен қамту, конденсатты қайтару мен жинау, сығылған газдар мен суықты тарату мен өндіру жүйелері және т.б.) тарату және өндірістің жеке жүйелерінің анализі мен толығырақ қарстыру болып табылады.

Тереңдетілген энергоаудиттің үшінші сипатты ерекшелігі энергия үнемдеудің бағыттарын ғана ойлап табу емес, сонымен қатар оларды жүзеге асыратын техникалық шешімдері болып табылады.

Энергия үнемдеу ұсыныстары (шаралар) неігізінде, анализ кезеңінде айқындалған энергоресурстарды тиімсіз пайдаланатын объектілерге энергия үнемдеудің типтік әдістерін қолану жолымен өңделеді.

Ұсыныстарды өңдеу және баяндау кезінде қысқаша қолда бар жайды көсетеді, болжамды жетілдірудің және үнемді алу принципінің техникалық мәнін анықтайды, ақшалай және физикалық түрдегі потенциалды жылдық үнемділігін есептеп шығарады, болжамалы ұсыныстың жалпы экономикалық эффектісін бағалайды.

Экономикалық эффектіні бағалау үшін өзін – өзі ақтаудың (окупаемость) қарапайым мерзімін қолдану жеткілікті. Энергия үнемдеу жобасын қосымша қаржыландыру болған кезде жобаның экономикалық тиімділігін бағалаудың қиын әдісін қолдануға рұсат беріледі.

Энергоаудиттің нормативті базасы

Әр түрлі деңгейлі энергия үнемдеу бағдарламасын практикалы түрде жүзеге асыру кезінде энергоаудит мәні объективті өседі және бұл тенденция алдағы жақын болашағымызда сақталады.

Энергоаудит, шаруашылық және экономикалық қызметтің бір бөлігі ретінде, салыстырмалы түрде жаңа және жас болып табылады.

Нормативті – құқылы база

«Энергия үнемдеу туралы» Заң энрегоаудиторлар үшін нормативті – құқылы актілердің бірі болып табылады. Энергетикалық зерттеулер энергетикалық ресурстарды тиімді қолдануды бағалау және отын – және энергиямен қамтуға тұтынуға шығынды төмендету мақсатында жүргізіледі. Міндетті энергетикалық тексерістен өтуге, жеке меншік формасы мен ұйымдық – құқықтық формасына тәуелсіз, ұйымдар жатады, егер олардың энергетикалық ресурстарды жылдық тұтынуы шартты отынның алты мың тоннадан астамын немесе моторлы отынның бір мың тоннадан астамын құраса. Егер жылдық энергетикалық ресурстарды тұтынуы (ұйымның) шартты отынның алты мың тоннадан азын құраса, ұйымды энергетикалық тексеру, энергетикалық ресурстарды тиімді қолдану бойынша жұмыстың координациясына жауапты ҚР - ң субъектілерінің атқарушы өкіметі органдарының шешімі бойынша өткізіледі.

Нормативті - техникалық база

Энергоаудитті жүргізудің нормативті – техникалық документациясы энергия үнемдеудің нормативтті базасын құраушы бөлігі болып табылады. Нормативті – әдістемелік қамту мыналардын тұрады:



  • мемлекет аралық (ГОСТ), мемлекеттік (ГОСТ Р), салалық (ОСТ) дәрежелердегі энергия үнемдеу облысындағы нормативті құжаттар;

  • техникалық регламенттер, ережелер, басшылықтар және мемлекеттік өкіметтің атқарушы органдарымен қабылданған энергия үнемдеу бойынша басқа да нормативті құжаттар;

  • энергия үнемдеу жобаларының экономикалық тиімділігін негіздейтін және энергия тасығышыты үнемдейтін есептеулер бойынша әдістемелік құжаттар;

  • ұсыныстардың түпдеректері сілтеме түрінде немесе толығымен баяндалған әдістемелік құжаттар, біріншілікті ЖЭР – дың шығынын төмендету және қолданылу тиімділігін жоғарылату есебінде энергия үемдеудің модельдері, алгоритмдері, сызбанұсқалары, тәсілдері, әдістері, екіншілікті ЖЭР – ды қолдану;

  • сақтау және тұтынуға, тасымалдауға, қайта өңдеуге, өндіруге, шығару сатыларында ЖЭР – ды есепке алу кезіндегі қадағалу және метрологиялық бақылауға, өлшеулердің бірліктерін қамтамасыз етуге, өлшеу әдістерінің дәлдігіне талаптарды реттейтін әдістемелік құжаттар;

Негізгі нормативті – техникалық документациялар энергоаудит үшін маңызды жәйттарды реттейді:

  • энергетикалық ресурстарды жүргізу ережелері, ЖЭР – ң (ГОСТ Р 51380-99) өнеркәсіптік тұтынушысының энергетикалық паспортының құрамы;

  • энергоресурстарды тұтынушылардың энергобалансын есептеу әдістері (ГОСТ Р 51379); ЖЭР – ды (ГОСТ 51380) пайдаланудың тиімділігінің көрсеткішін топтастыру және номенклатуралық құрамын;

  • энергия үгемдеудің (ГОСТ Р 51380) талаптары бойынша объектілерді сертификациялау және сынаудың әдістері;

  • жылу режимдерінің тиімділігін есептеу әдістері, жылуоқшаулағышқа, температураны ұстап тұру бақылауына,ғимараттың паспортизациялануы бойынша жалпы энергобалансына талаптар;

  • отынды және энергияны шығындау нормативтері, оларды анықтау әдістері,; өнімді дайындау және оны пайдалану кезіндегі энергия мен отынның шығынын төмендету бағытындағы анализдар мен есептеу тәсілдері;

энергия үнемдеуді метрологиялық қамтамасыз етуге талаптар;
Өздік бақылау сұрақтары

1. Энергоаудит тапсырамлары мен энегоресурстарды тұтынушыларды зерттеу түрлері туралы айтып бер..

2. Тереңдетілген энергоаудит дегеніміз не?

3. Екінші деңгейлі энергоаудит мақсаттары.

4. Энергоаудиттің нормативті базасы қандай?


Қолданылған оқулықтар

1. В.М. Фокин «Основы энергосбережения и энергоаудита» М.: «Изда-

тельство Машиностроение-1», 2006. -б 256.

2. Ю.В. Копытов «Экономия энергии в промышленности: Справочное пособие для инженерно-технических работников» -М.: Энергоатомиздат, 1983. –б 208.

3. О.Л. Данилова «Энергносбережение в теплоэнергетике и теплотехнологиях» -М., «МЭИ», -б. 188.


Дәріс 13


(1 сағат)
Тақырып. Энергияны үнемдеудегі энергия аудиті. Жылу технологиялық қондырғының аудиті.
Дәріс сабақтың мазмұны

1. кәсіпорындағы энергия тасығышы.

2. Жылу технологиялық қондырғының модернизациясы

3. Қондырғының тез моральды тозуы.

4. Қондырғылар мен жүйелерде технологиялық қолайлы жағдайлар.

5. Қондырғылардың эксплуатациялық қолайлы жағдайлар

Сығылған ауа – кез келген өнеркәсіптік кәсіпорында ең көп тараған энергия тасығыш, ал СВС ең бір энергосыйымды тұтынушы болып табылады.

Сонымен қатар, ауаны қысу – тиімділігі аз процесс. Өнеркәсіптік компрессорларда 80 – 90% тұтынылатын қуаттың жылу түрінде бөлініп, оны әкету кезінде жоғалады. Барлық орталықтандырылған өндіріс жүйесі бойынша энергия тұтынудың және сығылған ауаны таратудың анализі тұтынушылар сығылған ауамен компрессорға әкелінетін энергияның 10% -дан көбін пайдаланбайтынын көрсетеді.

СВС құрылым жағынан (3.14 - сурет) компрессорлық станиядан (1 - 6), сығылған ауаны тұтынушыларға (7) жіберетін құбырлы және баллонды транспорттан және сығылған ауаны (8) тұтынушылардан тұрады.

Идеалды жылутехникалық жүйелеу – бұл қалдықсыз технологиының принциптерінң толық және бір уақытта жүзеге асуына негізделген қондырғы, ол мыналармен [29] сипатталады:



  • бастапқы шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, материалдың барлық компоненттерінің (құраушылары) толығымен тауарлық алынуы;

  • ЖЭР үнемді және жоғары тиімді қолданылуы;

  • су, ауа, конденсаттың өнеркәсіптік пайдаланылуына тұйық циклдардың қолданылуы;

  • адам үшін қолайлы өндірістік жағдай;

  • қоршаған ортаға қауіпсіз болуы;

Жұмыс істеп тұрған қондырғылардың энергетикалық модернизациялануының тиімді бағытын таңдау технологиялықкамераның қоршауы арқылы Qо.с жылу ағынының осы камерадағы тазартылып жатқан материалмен жұтылған жылу ағынына Qм қатынасы, яғни Qо.с/ Qм қатынасты көрсеткіш. Отын үнемдеуі мен ПӘК – ін арттырудың ең жоғары нәтижеге тек Qо.с/ Qм бір уақытта терең төмендеуі кезінде және кететін газдардың жылуының толық регенерациясы кезінде ғана қол жеткізуге болады.ъ

Қазіргі уақытта жаңа технологиялар мен олардың жеке процестерін жылутехникалық және жобалық безендірілуіне, энергетикалық қамтамасыз ету бойынша ғылыми – зерттеу жұмыстарын дамытуға, жаңа прогресстік жылутехникалық процесстер мен қалдықсыз технология бойынша ғылыми – зерттеулік жұмыстарды дамытуға бағыталған ғылыми – ұйымдастырушылық жұмыстарға көп маңыздылыққа ие болып жатыр.

Жалпы жаңашыл талаптар маңызды ғылыми – методологиялық, технологиялық, эксплуатациялық, эеологиялық және ғылыми техникалық жағдайларға байланысты қойылуы мүмкін, олар келесі көрсетілгендермен қамтамасыз етуге бағытталған:


  • жаңа техникалық шешімдердің олардың тез моральды тозуынан жоғары беріктілігі;

  • технологиялық қолайлығы – берілген технологиялық процестің өтуіне жақсы жағдай жасау;

  • жоғары энегияэкономикалық көрсеткіштер және өндіріс пен табиғаттың жалпы төмен ұстанымдары;

Мұндай қарқынмен кез келген жаңа жылу технологиялық қондырғылар немесе жүйелер жұмыс істеп тұрған ірі жүйелермен бәсекеге түсе алады және бірлікті қуаттылық базасын өсіруде жаңа көрсеткіштерге жетеді.

  1. Тез моральды тозудан жаңа жылутехнологиялық қондырғыларды сатайтын жоғары беріктілікті қамтамасыз ететін жағдайлар келесідей:

• қондырғының перспективалы және жоғары меншікті өнімділігі;

• қондырғылардың (жүйе) жеке зоналарының (камера) жұмыс істеу жағдайларын жақсартатын жылутехникалық принциптердің жаңа технологиялық шешімдері, сонымен қатар олардың дәстүрлі және жаңа энергия көздерінде ары қарай жұмыс істеуіне мүмкіншілік жасау;

• берілген қондырғыда (немесе жүйеде) көп технологиялық процестің жүзеге асуына жағдай жасау, бұл олардың жеке сәтсіздікке ұшараулары кезінде жаңа шешімдер мен идеялардың болуына мүмкіндік береді.


  1. Қондырғылар мен жүйелерде технологиялық қолайлы жағдайлар жасалуын қамтамасыз ететін негізгі шаралар, олар мыналар:

• жылутехнологиялық процестің температурасының жоғары деңгейіне жету жәнеоларды реттеуге кең диапазонмен қамту, бұл көптехнологиялық процесстің физико – химиялық дәрежесінен өткізуге жақсы жағдайлар жасайды;

дайын өнімнің жоғары термиялық, физикалық және химиялық бірқалыптылығына жету және осы бірқалыптылық түрлерін анықтайтын процесстерді басқару қаражатының болуы, бұл алдын ала технологиялық процестің сапалы аяқталуын қамтамасыз етеді;

• дайын өнімде берілген бастапты материалдардың, жартылай фабрикаттардың, шихтардың компоненттерін ұстаудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ету, бұл жылу техникалық процестің бір нұсқасының қолайлығын анықтауағы шешуші фактор болып табылады.


  1. Жылутехнологиялық қондырғы мен жүйенің қызмет етуінің сәйкесінше эксплуатациялық қолайлы жағдай жасауын қамтамасыз ететін, негізгі шаралар келесідей:

• жақсы автоматизация мен механизацияның аралас сызбанұсқасына және басқару мен өндірістің ірі төбелік сызығын құрудың прогрессивті сызбанұсқасына жол ашатын технологиялық процесстің үзіліссіздігі;

• өңделетін материалдың салыстырмалы аз массасы, бір уақытта жылу технологиялық қондырғының жұмысшы камерасында орналасқан, бұл оның анықталатын параметрлерінің өзгеруіне өте жоғары сезімталдығын, іске қосу мен тоқталатын периодтың ұзақтығын төмендетеді және қондырғының, жүйенің технологиялық аймақтарын «жууға» кететін материал шығынын азайтуды қамтамасыз етеді;

• қондырғының технологиялық аймақтарының органикалықбірлесуі, олардың арасындағы техникалық және жылутехникалық қиын транспорттың өтулерсіз, сонымен қатар технологиялық аймақтар мен жылутехникалық элементтердің органикалық бірлесуі, бұл соңында қондырғының (жүйенің) кішілігіне сонымен қатар олардың жұмыс істеу сенімділігіне әкеледі;


  1. Технологиялық қондырғының жоғары энергоэкономикалық көрсеткішін және өндіріс пен табиғаттың кіші жалпы ұстауларына жетуін қамтамасыз ететін негізгі шаралар, олар:

  • бастапқы материалдардың жартылайфабрикаттардың, шикізаттардың олардың минималды алдын ала дайындалуы кезіндегі қайта дайындаудың тиімділігі, бұл көп жағдайларды олардың шығынын территориясының ластануын, дайындалу операцияларына кететін шығындарды төмендетеді;

  • қондырғылар мен жүйелердің жұмысшы аймағындағы технологиялық шикізат пен өнімдердің аз шығыны;

  • технологиялық қондырғы мен жүйелердің ұзақ және үздіксіз жұмыс істеу компаниясы (корпорация);

  • қоршаулардың, әсіресе технологиялық камера аймақтың жоғары температурасыныңжоғары дылулық герметикалылығы;

  • отын шығынының төмен деңгеймен қамтамасыз ету үшін қондырғылардың технологиялық аймақтарының жылулық қалдықтарын терең регенеративті қолданысты ұйымдастыру және қажетті жағдайларда отынның (энергия) шығынын төмендетудің қосымша жанама жолдары жүзеге асатын терең сыртқы жылу пайдалануды ұйымдастыру мүмкіншілігі.

Олар үшін жаңа технологиялық процесстер мен құрал – жабдықтарды жасау кезінде берілген параметрлерге жаңа үлгілердің режимдік сипаттамалары мен негізгі құрылысты сипаттамаларын алдын ала есептеу жүргізу кезінде қиындықтарға кездескенде аффиндық физикалық модельдер әдісі үлкен тәжірибелік қызығушылықты тудырады.

Аффиндық қайта түзілу (латынның affinis - туысқан, жақын деген сөзінен) – бағытталған координат осьтерінде қозғалыс және гомотетияларды араластыра отырып жазықтық немесе кеңістіктік түзілуі.

Гомотетия (гректің homos – тең, ортақ, бірдей және гректің thetos - орналасқан) – жазықтықтың нмесе кеңістіктің түзілуі.

Аффиндық физикалық моельдер нақты емес немесе физикалық модельдерге қатаң ұқсас бірнеше немесе бір жүзеге аспаған маңызды талаптардың бар болуымен сипатталады, мысалы, жылу жүктемелері, сыртқы ортаға кететін жылу шығындарына қатысты жанама үлгі модельдер ұқсастығы және геометриялыққа қатысты үлгі модельдер ұқса емес. Аффиндық физикалық модельдер әдісі тәжірибелік – есептеу әдісі сияқты жеке параметрлерді болжауға мүмкіндік береді:



  1. эксперименталдық стендтерден, ұшқыштыққондырғылардан жобаланатын өнеркәсіптік агрегаттар мен қондырғыларға өту және шектелген жобалық – есептік мүмкіншіліктер жағдайындағы тәжірибелік құрылғылар негізіндегі өнеркәсіптік қондырғылар параметрлерінжобалау.

  2. Шектелген жобалық – есептік мүмкіншіліктер жағдайыдағы жұмыс істеп тұрған, бірақ қуаттылығы аз негізіндегі ірі жобаланатын өнеркәсіптік қондырғылар, агрегаттардың жаңа, қуаттылғы жоғары сол технологиялық тағайындалудағы агрегаттарға сенімді және қажеттілікті негізделе өту.

  3. Жұмыс істеп тұрған бір қондырғыны немесе жалпы бірлікті тәжірибе жүргізу нгізіндегі жұмыс істеп тұрған қондырғылардың параметрлерін болжау.

Аффиндық физикалық модельдер әдісі зерттеліп жатқан объектінің прцесстерінің математикалық сипатталуын және содан кейінгі ұқсастық теория әдісі анализін қарастырады. Бірақ бұл кезде есептелетін есптерді операциясының құрамы мен жүйелігі дәстүрлі физикалық (тура) модельдеу әдісінен айырмашылығы бар. Аффиндық модельдер әдісі, осыған ұқсас модельдер әдісі сияқты, осы модельге ұқсас, үлгіге ұқсау (сандар) біртекті инвариантының теңдіктері бойынша зерттеу мәліметтерін қайта есептейді. Бірақ, шартты түрде аталатын бұл үлгі, жалпы жағдайда, модель сияқты аффиндық қатарда болжанатын үлгіге қатынасты болады және шындыққа сай емес есептеу параметрлері болуы мүмкін.

Сондықтан аффиндық модельдер әдісі бар әдіс есептеулері негізіндегі шартты үлгінің есептеулерін түзетуді қажет етед бұл болжанатын үлгінің жұмысының қаратстыратын шарттарына сәйкес оның жек көрсеткіштерінің жүргізу үшін (мысалы, қоршаған ортаға шығындалу нәтижесіндегі қондырғының жылулық балансын түзету). Есептік түзеуден кейін түзетілетін және шарттық үлгіде процесстердің ұйымдасуының салыстырмалы мөлшерлік бағалауы жүргізіледі, бұл түзетілген үлгі шарттарында берілген өнімділікті жүзеге асыркдың принципиалдық мүмкіндігін құрады. Мұндай мүмкіндікті құрған кезде түзетілген үлгі көрсеткіштері болжанатын үлгі параметрлерін бағалауға негіз болады.



Өздік бақылау сұрақтары

1. Кәсіпорындағы энергия тасығышы не болып табылады?

2. Жылу технологиялық қондырғының модернизациясы не үшін қажет?

3. Қондырғының тез моральды тозуы неден болады?

4. Қондырғылар мен жүйелерде технологиялық қолайлы жағдайларды ата.

5. Қондырғылардың эксплуатациялық қолайлы жағдайларды ата.



Қолданылған оқулықтар

1. В.М. Фокин «Основы энергосбережения и энергоаудита» М.: «Изда-

тельство Машиностроение-1», 2006. -б 256.

2. Ю.В. Копытов «Экономия энергии в промышленности: Справочное пособие для инженерно-технических работников» -М.: Энергоатомиздат, 1983. –б 208.

3. О.Л. Данилова «Энергносбережение в теплоэнергетике и теплотехнологиях» -М., «МЭИ», -б. 188.



3 ПРАКТИКАЛЫҚ және зертханалық сабақтар




Практикалық сабақ 1, 2, 3


(3 сағат)
Тақырып. Жылуоқшаулағыш материалдың қалыңдығын анықтау.
Сабақтың мақсаты. Жылуоқшаулағыш материалдарды зерттеу, негізгі параметрлерін анықтау.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.

Есептер варианттары бойынша орындалады. Есептерді оқытушы береді.




Практикалық сабақ 4, 5, 6


(3 сағат)



Тақырып. Энергияны баяу үнемдеу әдістері және құралдары. Жылуоқшаулағыштарды және жылу тасмалдағыш түрлерін есептеу.
Сабақтың мақсаты. Энергияны баяу үнемдеу әдістерін және құралдарын зерттеп білу. Жылуоқшаулағыштарды және жылу тасмалдағыш түрлерін есептей білу және формулалармен танысу.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Есептер варианттары бойынша орындалады. Есептерді оқытушы береді.


Практикалық сабақ 10, 11, 12


(3 сағат)



Тақырып. Энергияны екпінді үнемдеу әдістері және құралдары. Энергия тасығыштар шығынын тіркеуші және бақылаушы аспаптарды және бақылаушы аспаптарды және әдістерді, энергетикалық шығындарды есептеу.
Сабақтың мақсаты. Энергияны екпінді үнемдеу әдістері және құралдарын зерттеп білу. Есептеуді жүргізе білу.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Есептер варианттары бойынша орындалады. Есептерді оқытушы береді.


Практикалық сабақ 13, 14, 15


(3 сағат)



Тақырып. Өндірістік кәсіпорынның отын-энергетикалық балансы. Өндірістік кәсіпорынның отын-энергетикалық балансын құрастыру және оны талдау.
Сабақтың мақсаты. Отын-энергетикалық балансын анықтау, құрастыру және зерттеу.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Есептер варианттары бойынша орындалады. Есептерді оқытушы береді.

Практикалық сабақ 16, 17, 18

(3 сағат)
Тақырып. Жылу сораптарының жылулық есебін жүргізу.
Сабақтың мақсаты. Жылу сораптарының жылулық есебін жүргізе білу, анықтауға арналған формуламен танысу. Формуладағы негізгі параметрлердің өлшем бірлігі қандай болатынын білу.
Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген.
Есептер варианттары бойынша орындалады. Есептерді оқытушы береді.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет