Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік бағдарлама негізінде әзірленген


Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған 2012 ж. «___»____№__ Хаттама ОӘК төрағасы ________________ Е.Н.Жұманқұлова 2012 ж. «_____»



бет3/3
Дата26.06.2018
өлшемі295 Kb.
#44385
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3


Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған 2012 ж. «___»____№__ Хаттама

ОӘК төрағасы ________________ Е.Н.Жұманқұлова 2012 ж. «_____»___________


КЕЛІСІЛГЕН

ГП факультет деканы ________ Ж.Т.Сарбалаев 2012ж. «_____»________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________ А.А.Варакута 2012 ж. «_____»_______


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған

2012 ж. «___»______________ №____ Хаттама



1 Пәннің мақсаты

Ұлттық рухани құндылықтарымызды тереңдете меңгерту үшін әлем халықтарының сөз өнері шығармаларын салыстыру, шығармашылық, ғылыми ізденістерге сабақтастыру мұраттары игеріледі.

«Шет елдер әдебиетінің тарихы» пәнін оқыту барысында қазіргі заманғы әдебиеттану ғылымындағы жеке халықтардың әдебиеттерін дүниежүзілік әдеби-мәдени даму аясында қарастыруды басты назарымызға аламыз.

Пәннің міндеті

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

антикалық әдебиет кезеңдеріне тарихи-нақты талдау, тұңғыш әдеби жанрлардың қалыптасуына, даму жолына талдау, көрнекті авторлар шығармашылығының көркемдік шеберлік үлгілерін ашу жөнінде түсініктері болуы;

- антикалық әдебиеттің көркемдігін саралау;



орта ғасырдағы әдебиеттердің жанрлық ерекшеліктерін ;

  • Қайта Өрлеу дәуіріндегі әдебиеттің даму бағыттарын ;

ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. әлем әдебиетінің дамуына шолу жасауды

ХІХ-ХХ ғғ. әлем әдебиетіне шолу жасауды;

  • шетел әдебиетінің классикалық шығармаларының мазмұнын ;

  • шет елдер әдебиетінің даму кезеңдерін, әдеби бағыттарын ;

  • әлем әдебиетінің қалыптасып, дамуындағы жанрлық ерекшеліктерді білуі;

  • жекелеген автордың шығармашылық ерекшеліктерін танытуда икемді болуы;

- шығармалар мазмұнын детальмен дәлелдей білу;

- шығармаларды көркемдік-идеялық тұрғыдан талдай білу;

- образдар жүйесіне талдау жасай білу;

- шығарманың көркемдік ерекшелігін айқындай білу;



- қазақ әдебиеті туындыларымен салыстыру жасауда практикалық машықтарды иемдену қажет;

.

2 Пререквезиттер:



- Қазақ әдебиетінің тарихы

- Қазақ халық ауыз әдебиеті

- Әдебиеттануға кіріспе.


3 Постреквизиттер

- Орыс әдебиеті



- Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті

4 Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары






Тақырып

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәріс-тер

Прак.

Зерт

Студ

жеке

СӨЖ

1

Антикалық әдебиет

1

1










8

2

Орта ғасырдағы араб әдебиеті. Андалусиядағы араб әдебиеті

1

1










8

3

Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет

1

1










8

4

17ғ. Батыс Еуропалық әдебиет

1

1










8

5

18ғ. Батыс Еуропалық әдебиет

1

1










8

6

19ғ. Батыс Еуропалық әдебиет

5

5










10

7

20ғ. Батыс Еуропалық әдебиет

5

5










10




Барлығы:

15

15










60


4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны




1-тақырып. Грек әдебиеті

Әдебиетке дейінгі кезең. Шығыс Жерорта теңізінің маңындағы грек тайпалары, олардың көші-қон (миграция) жағдайларының негізгі кезеңдері. Ауызша сөз өнері, орындаушылары, әдеби-мәдени ескерткіштердегі поэзия улгілері.

Мифтік шығармашылық және мифология. Крит- микендік мәдениет және оның грек мифологиясындағы орны. Құдайлар мен жеңімпаздардың ерліктері жайлы өлеңдер, аңыздар. Аэдтар мен рапсодтар, мәтінге қарым-қатынас, орындаушылық шеберлігі және тыңдаушылар ортасы.

Гомер эпостары. Қаһармандары, жанрлық, көркемдік ерекшеліктері. Троя соғысындағы тарихи, мифологиялық элементтер. Лирика түрлері. Драманың дамуы. «Илиаданың» мазмұны; әскери-батырлық эпопея. Поэма композициясының ерекшеліктері, сюжетті құрайтын екі желі- Ахиллдің қайраты және Зевстің қаһары.

Батырлар мен құдайлар образдары (Ахилл мен Гектор). «Одиссеяның» мазмұны. Ертегілік, шым-шытырық оқиғалы эпопея. Одиссей және оның достары мен жаулары. Поэманың тілі, стилі. Эпопеядағы авторлық позиция. Гомерлік дәстүрді игеру тарихы және оның қазіргі жағдайы. Ауызша шығару дәстүрі және жеке шығармашылық ерекшелік.Құрлықтық Грецияның шығу текке байланысты шежірелік және дидактикалық эпосы.

2-тақырып. Таяу Шығыс пен Орта Азия әдебиеттері
«Құран» - араб әдебиетінің классикалық ұлы ескерткіші. Ислам дінінің пайда болуы. Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) . Құранның 114 сүреден тұратындығы, Құранның ең ұзақ (екінші сүре 286 аят), ең қысқа сүрелері (103,109,110).

«Құран» кітабының ішіндегі тарихи естелік тәрізді оқиғалы көркем әңгімелер. Осы көркем әңгімелердегі Адам Ата мен Хауа анадан бастап, ең соңғы Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) дейінгі адамзат тарихының елеулі оқиғаларының суреттелуі.


Орта ғасырдағы араб әдебиеті (7ғ. соңы мен 12ғ.)
Мұхаммед (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейінгі Халифа деген лауазымдық басқару.

Умайтиадтық сарай ақындары, Хиджалдың махаббат лирикасы. Бәдәуи ақындарының лирикасы. Классикалық араб әдебиетінің гүлденуі.



Андалусиядағы араб әдебиеті

13-15ғғ. араб әдебиеті.Моңғол ханы Хулагу тұсындағы араб мәдениеті.

Аль- Закир ад-дин Бейбарыс сұлтан басқарған мамлюктер мемлекеті тұсындағы араб мәдениеті. Халықтық әдебиеттің шарықтауы.

Осман түріктері жаулап алған кездегі араб әдебиеті.

Софылық поэзияның концепциясы. Софылық поэзиясындағы өзіндік символикалық стиль. Көрнекті өкілдері. Ибн-әл-Фарид (Абу Хафс Умар ибн Али ас-Сағади), оның әнге арналған жырлары.

«Мың бір түн» - араб тілінде жинақталған әлем әдебиетінің үздік үлгісі. «Мың бір түн» - араб, үнді, түркі, парсы халықтарының әр ғасырда туған ертегілер жиынтығы.

Халық романдары(«Сираттар»). Қыпшақ ұланы, Отырар жерінің перзенті сұлтан Бейбарыс туралы аңыздар,қиссалар, әңгімелер.
3-тақырып. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет

Испан әдебиеті
Испаниядағы әдеби дамуды дәуірлеу. Ауызша лиро-эпикалық поэзияның дамуы. Романстар, олардың тақырыптық, пішіндік ерекшеліктері, жазба әдебиетке әсері.

Испан әдебиетіндегі роман жанрының түрлері. Рыцарлық романның генезисі, орта ғасырлық куртуаздық романдармен, италияндық, рыцарлық дастандармен байланыстары.

Сервантестің өмірі мен шығармашылығы. Пасторальдық романы «Галатея». Драматургиясы, сүйіспеншілік- батырлық сюжеттегі новеллалары (Өсиет- өнегелік новеллалары).

«Дон Кихот» романындағы пародиялық астар, стилистикасы.

Лопе де Веганың өмірі мен шығармашылығы. «біздің заманымыздағы комедия жазудың жаңа өнері» трататындағы ұлттық драманың мәселелері.

Траихи драмаларындағы халық пен билеушілер бейнелері, сюжеттік коллизияның сипаты.

«Севильдің жұлдызы» халықтық-батырлық драмасы. «Шалғындағы ит» комедиясы.

Ағылшын әдебиеті
Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетін дәуірлеу. Поэзияның, прозаның, драматургияның дамуы. В. Шекспир (1564-1616) шығармашылығы. Оның шығармашылық кезеңдері. Бірінші кезең. «Сонеттеріндегі» әлемнің мифопоэтикалық суреттері: уақыт пен мәңгілік; петраркизм мен неоплатонизм; Дос пен Қараторы бикеш образдпры; лирикалық кейіпкер бейнесі. Бірінші кезеңдегі драматургия. «Қанды трагедия», «Ричард ІІІ» және Шекспир шығармашылығындағы зұлымдықты суреттеу мәселесі. «Генрих ІV» пьесасындағы шынайы дана билеушіні тәрбиелеу мәселесі. «Венециандық көпес», «Он екінші түн» пьесаларының өзекті мәселелері.«Ромео мен Джульеттағы» трагедиялық қақтығыстардың шешімі.

Шекспир шығармашылығының екінші кезеңіндегі драматургия. «Гамлет», «Отелло», «Король Лир», «Макбет» трагедияларындағы өзекті мәселелер.

Шекспир шығармашылығының үшінші кезеңіндегі драматургия. Трагикомедияларындағы мейірімділік пен зұлымдылық күштерінің қақтығысы және оның шешілуі. Трагикомедияларындағы аңыздық-әпсаналық орта.

Шекспирдің әлемдік драматургиядағы орны және оның мұраларының жаңа дәуір мәдениетіндегі маңызы.


4-тақырып . ХVІІ ғасырдағы батыс еуропалық әдебиет
ХVІІғ. испан әдебиеті
Әдебиеттегі ренессанстық реализм. Ұлттық драма теориясы.Лопе де Веганың шығармашылығы, демократиялық көзқарастары. «Қой қайнары» батырлық драмасы. «Севиль жұлдызы» драмасындағы дворяндыққа қарсылық сыны. Лопе де Вега поэзиясындағы оптимизм. Испан прозасындағы саяси сатира, консептизм. Гонгор және гонгоризм.

Кальдерон шығармашылығы – испан драматургиясындағы барокконың саяси және көркемдік принциптерінң басты билеушісі. Кальдеронның «Өмір деген түс» атты пәлсапалық драмасы. Кальдерон драматургиясының кейіакерлер жүйесі, аллегориялық пернелеу. Пәссапалық пайымдау. Оқиға және кейіпкер. Кейіпкерлер тілі.


ХVІІғ. ғасырдағы француз әдебиеті.

Классицизм - ХVІІғ. француз әдебиетінің ең басты көркемдік-стильдік бағыты, оның тарихи себептері. Француз классицизмі теориясы мен практикасының жалпы еуропалық маңызы. Француз классицизмі тарихының екі кезеңі.

Мольердің «Тартюф», «Дон Жуан», «Сараң» комедиялары.

5-тақырып ХVІІІғ. Батысеуропалық әдебиет

ХVІІІ ғасырдағы ағылшын әдебиеті
Даниель Дефоның «Робинзон Крузо» романы.

Джонатан Свифттің «Гулливердің саяхаттары» памфлеттік-аллегориялық романы.

Сентиментализм бағыты. Сезім мен табиғатқа табыну. Ауыл мен ескі замандық дәстүрлерді дәріптеу. «Тристрам Шендидің өмірі мен пікірлері» психологиялық романының 19ғ. психологиялық романға дайындық болғаны. Бернс – шотландтық ірі ақын. Оның лирикасындағы шаруалар өмірінің суреттелуі. Сатиралық өлеңдері («Екі ит», «Көңілді қайыршылар», «Освальд бикештің өліміне мадақтау»), ода, «Тэм О Шантер» атты күлдіргі поэмасындағы сентименталистердің қабірлік поэзиясын келекелеу.Бернс лирикасының негізгі әуені – Отанға деген махаббат. Азаттық, әлеуметтік теңдік – Бернстің саяси мұраты.

6-тақырып ХІХ –ХХ ғасырлардағы әлем әдебиеті

ХІХ ғ. Батыс Еуропалық шетел әдебиеті

Кіріспе. ХІХ ғ. әдебиетін шартты түрде кезеңдерге бөлу:

1) 1789-1830 жж. романтизм әдісінің қалыптасуы мен әсер-ықпалы;

2) 1830-1871жж. реализм әдісінің қалыптасуы мен үстем бола бастауы;

3) 1848-1871жж. романтизм мен сыншыл реализм әдістерінің белсенді қолданыла бастауы.

Романтизм.Романтизмнің Батысеуропалық және АҚШ әдебиетінде ХІХ ғасырдың басында пайда болуы. Романтизм – шығармашылық әдіс.Суреттеулер шындықтың қиялға негізделіп,қияли шындық арқылы бұрынғы және болашақ уақытты бейнелеу. Романтизм әдісіндегі шығармалардың көркемдік желісіндегі арманшылдық, азаматтық әуен, автор тілінің әсерлі сезімге толы бояуы қанық ойлары.

Романтизм әдісінің көркемдік тұрғыдағы жеңісінің көріністері. Лирикалық жанрлардың дамуы, тарихи роман жанрының тууы, адамдық дербес, өзіне ғана тән қарама-қайшылықты ашу.

Англиядағы романтизм. Дж.Г.Байрон (1788-1824) шығармашылығы - әлемдік әдебиеттегі романтикалық өмір танушылықты бейнелеудің озық үлгісі. Байронның поэтикалық жаңашылдығы. (романтикалық кейіпкер бейнесі, лиро-эпикалық поэма жанры, өлеңдік өлшемдер).Чайль Гарольд бейнесі арқылы еуропалық елдердегі озбыр билеушілерді әшкерелеуі. Байронның лиро-эпикалық романтикалық-бүлікшілік, шығыстық поэмалары. «Корсар», «Гяур». Пәлсапалық драмалық дастандары «Манфред», «Шильон тұтқыны», «Чайль Гарольдтың сапары» шығармаларындағы озбырлыққа қарсылық, бостандық сүйгіш әуендер. Байрон шығармашылығының итальяндық кезеңі. Шығармаларының көп жанрлылығы. Поэма, сатира, драма, өлеңмен жазылған роман. Кайн және Байрондық романтикалық кейіпкердің өсу эволюциясы. «Қола ғасыр» - Байрон шеберлігінің саяси сатирадағы шыңы.

«Дон Жуан» - өлеңмен жазылған роман. Романдағы кейіпкер сомдауда реалистік бағыттың күшеюі, тарихи -әлеуметтік шындықтың кеңдігі, уақыт шындығын бейнелеудегі энциклопедиялық сипат.

Байронның Грециядағы кезі. Оның грек халқының азаттық күресіне қатысуының әсерінен туған лирикалық өлеңдері. («Кефалониидегі күнделіктерден», «Менің отыз алтыдағы күніме»).

Байрон және чартистік поэзия. Байрон және дүние жүзі әдебиеті. Байрон шығармашылығының идеялық-эстетикалық және тарихи маңызы.

В.Скотт (1771-1832). Скотт – тарихи роман жанрын жасаушы. Баяндаудағы екі бағытты композициялық сипат: ұнамды кейіпкердің махаббаттық-романтикалық тарихын сипаттау, әлеуметтік қайшылықтарды, тарихи бейнелерді шыншылдықпен бейнелеу. Жергілікті және тарихи ерекшеліктерді, фольклорлық элементтерді пайдалануы, стильдік ерекшеліктері. Англия мен франция тарихына байланысты «Айвенго» романы.



В.Гюго (1802-1885)- францияның ұлттық ақыны, француз романтизмінің ірі тұлғасы. Ол – ақын, драматург, прозашы. Гюго – француз поэзиясының жаңашылы. Мысалы, «Бур-графтың аңшылығы». «Париждік әулие ананың соборы», «Жергілікті ерекшелік» романындағы әлеуметтік тақырып кейіпкерлері: Клод Фролло, Эсмеральдо. «Шеттетілгендер» романындағы тарихи кеңдік, халық өмірінің панорамасы: еркектің,әйелдің, бүлдіршін тағдырларының жан Бальжан, Фантина, Козетта, Гаврош бейнелері арқылы суреттеуі. «Тоқсан үшінші жыл» романындағы Говэн, Лантенак, Симурден бейнелері.

ХІХ ғасырдағы сыншыл реализм.

Реализмнің қалыптасуындағы қоғамдық, пәлсапалық және эстетикалық алғы шарттар. Жартылыстану ғылымдарының дамуы және олардың материалистік түсініктің қалыптасуы үшін маңызы. Реалистік теориялық құжаттары. О.Бальзак (1799-1850) «Адамдық комедияға кіріспе» және «Бейл туралы этюд». «Гобсек», «Горио атай» повестері мен «Евгения Гранде» романы.

ХІХғ. Реализм және ағартушылық реализмнің дәстүрлерінің айырмашылықтары. Әлеуметтік қалып пен ортаны бейнелеудегі жаңа көзқарас, типтендіру мен даралаудың дамуы, психологиялық талдаудың тереңдетілуі. Прозалық жанрлардың , романның дамуы. Очерк және оның реализмінің қалыптасуындағы орны.




7-тақырып ХХ ғасырдағы әлем әдебиеті
Франция әдебиеті

Сыншыл реализм. Ги де Мопассан (1850-1924). Мопассан- Флобердің шәкірті. Шығармалары: «Тоқаш нан», «Телье орны», «Милон ағатай», «Мадемуазель Фифи», «Томпыш», «Ұсқынсыздардың анасы» новеллалары, «Өмір», «Қымбатты дос» романдары.



Англия әдебиеті

Сыншыл реализм – ағылшын әдебиетіндегі негізгі бағыт. «Неоромантизм», натурализм, эстетизм және т.б. ағымдардың пайда болуы. Оскар Уайльд (эстетизмнің теоретигі), Р.Стивенсон(неоромантизм өкілі), Конан Дойль (детектив жанрын жазушы) шығармашылық ерекшеліктері. Дж.Голсуорси шығармалары. Голсуорсидің «Алманың албырап піскен шағы», «Барлығын жақсы жағынан көру керек», «Акмэ», «Біріншілер мен ақырғылар», т.б. новеллалары.



АҚШ әдебиеті

Сыншыл реализмнің американ әдебиетіндегі ерекшелігі. Спенсер позивитизмнінің сыншыл реалистердің шығармашылығына әсері.

Джек Лондон (1876-1916) әңгімелеріндегі бақыт, өмір үшін күрес тақырыбы. Солтүстікті романтикаландыруы : «Солтүстік әңгімелері», «Темір табан» романындағы революционерлер бейнесі. Лондонның Спенсердің, Ницшенің теорияларымен шұғылдануы, оларды игеруі мен айыптауы. («Мартин Иден», «Теңіз қасқыры» романдары). «Ақ азу» анималистік повесі.

Теодор Драйзер (1817-1946) – американ реалистік әдебиетінің басты тұлғасы. Жазушы, көсемсөзші, қоғамдық қайраткер. Драйзердің «Нәзік реализм» бағытына қарсы күресі. «Керри қарындас» романындағы Американың әлеуметтік тынысының шынайылықпен суреттелуі. Романдағы даралық пен эгоизмді сынаушылық. «Дженни Герхард» романында әйелдің моральдық тазалығын дәріптеуі.Драйзерге Спенсер теориясының және натурализмнің ықпалы. «Талек ықыластардың трилогиясы». Каупервуд бейнесі. «Данышпан» романындағы суреткер трагедиясы. Драйзер реализмнінің өзіндік ерекшеліктері.

Эрнест Хемингуэй (1899-1961). Шығармаларындағы соғысқа қарсылық тақырыбы. «Қош бол, қару жарақ» романы. Испаниядағы антифашистік күрес туралы «Қоңырау кім туралы соғып тұр» романы. Хемингуэй – новеллист («Жаңбыр астындағы мысық», «Килиманджеро қары»). «Шал мен теңіз» повесі. Өмірбаяндық очеркі «Сенімен мәңгі бірге мейрам». Антифашистік романы «Мұхиттағы арал» романындағы шығармашылық тұлға және адамдық парыз. Хэмингуэйдің әлемдік әдебиетке әсері.

4.3 Практикалық сабақтардың мазмұны мен тізімі



1-тақырып

1. Гомер эпостары. Қаһармандары, жанрлық, көркемдік ерекшеліктері. Троя соғысындағы тарихи, мифологиялық элементтер. Лирика түрлері. Драманың дамуы. «Илиаданың» мазмұны; әскери-батырлық эпопея. Поэма композициясының ерекшеліктері, сюжетті құрайтын екі желі- Ахиллдің қайраты және Зевстің қаһары.Агамемнон, Одиссей, Гектор, Ахилл бейнелері. «Одиссей» поэмасындағы Одиссейдің басынан кешкендері.


2-тақырып

1. «Мың бір түн» жинағындағы «Үш алма», «Қызғаншақ туралы хикая», «Саудагер мен дию», «Юнан патша мен Дүбан хакім», «Қасқыр мен түлкі», «Бүркіт пен қарға» туралы әңгімелерге талдау жасау.

3-тақырып

1. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта», «Отелло», «Гамлет» трагедиялары.

2. Сервантестің «Дон Кихот» романы

4-тақырып

1. Мольердің «Сараң» комедиясы


5-тақырып

1. Д.Дефоның «Робинзон Крузо» романы


6-тақырып

1. Гюгоның «Аласталғандар» романындағы Жан Вальжан, Мариус, Козетта бейнелері.

2. О.Бальзактың «Горио атай», «Гобсек» повестері,«Евгения Гранде» , «Шегірен былғары» романдары

3. Дж. Ноэл Горлон Байрон шығармашылығы. Дж.Байронның поэмалары.


7-тақырып

1. Ги де Мопассан новеллалары: «Томпыш», «Құбыжықтардың анасы», «Жалғыздық», «Ожерелье».

2. Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесі

3. Теодор Драйзердің «Керри қарындас» романы

4. Джек Лондонның «Ақ азу» повесі.

5. Голсуорсидің «Алманың албырап піскен шағы», «Барлығын жақсы жағынан көру керек», «Акмэ», «Біріншілер мен ақырғылар», т.б. новеллалары.




4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

15 (1х15)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1х15)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

10

4

Семестрлік тапсырманы орындау

мазмұндау

Семестрлік тапсырманы қорғау

16

5

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

4




Барлығы







60


4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі :

1. Флобердің «Бовари ханым» романы

2. Лафонтен мысалдары

3. Мопассанның новеллалары

4. Бейбарыс туралы мәліметтер

5. «Мың бір түн» ертегілері





Мамандық(тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32





5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының(тарының) жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Шетел әдебиетінің тарихы


Оқу нысаны

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр бойынша бақылау түрлері

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

дит


тер

Аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



Бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ-а

КЖ-с

бар-

лығы


дәр

пр.

зерт

бар

лығы


ОСӨЖ

ОКБ база-сындағы сырттай

2

90

30

60

5


































5

2


90

15


15




60

15

Кафедра меңгерушісі ______ Н.Қ.Жүсіпов 2012ж. «___» ________




Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

  1. Қобланов Ж. Шетел әдебиетінің тарихы. – Алматы, 2011

  2. Антик заман драматургиясы. – Астана, 2009

  3. Мұқажанова Р. Шет елдер әдебиетінің тарихы. – Семей , 2007


Қосымша:

  1. Голсуорси Д.Девондық адам. – Астана, 2011

  2. Гюго В. Аласталғандар. – Астана, 2010

  3. Ги де Мопассан. Томпыш; Өмір. – Астана, 2011

  4. Хемингуэй Э. Қызығы мол сол жылдар. Хикаяттар. – Астана, 2011

  5. Бальзак О. Жергілікті дәрігер. Шегірен былғары. – Астана, 2005

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет