ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3219 Мамандық 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»



бет26/38
Дата19.05.2017
өлшемі7,26 Mb.
#16427
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38

Есеп №1

Ш. есімді созылмалы гломерулонефриті бар науқаста жүрек айнуға, үстіртін іш өтуге шағымдар пайда болды. Қарау кезінде: тері жер түсіндей, құрғақ, қышыну белгілері, ауыздан зәр иәсі шығады. Аускультацияда: перикардтың үйкеліс шуы.

Аталған суреттемеге жататын патологиялық процессті атаңыз.

Есеп №2


Науқас Ш., 38 жаста, беті мен қол аяқтарының ісінуіне шағымданады. Анамнезінде созылмалы іріңді бронхит. Қарау кезінде: ісінулер бозғылт,жылы,жылжымалы, басқанда шұңқыр қалмайды.

Аталған суреттемеге жататын патологиялық процессті атаңыз




  1. Тақырыбы №19: Қалқаншабездің гиперфункция және гипофункция синдромы.

  2. Мақсаты: Студенттерге қалқанша безінің гипо- және гиперфункция синдромдарын анықтауды үйрету.

  3. Тапсырма:

- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)

- сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру

  • тест тапсырмаларын шешу

  • өздігінен 2 ситуациялық есеп және тақырып бойынша және 5 тест құрастыру.

  1. Орындау түрі:

- презентация

- интеллект-карта

- «кейс-стади»

- буклеттер, реферат

- постерлік баяндама

- тақырып бойынша эссе

- кластерлер

- тақырып бойынша глоссарий



  1. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері (тапсырманы орындау талаптары):

1.Презентация – өз бетінше орындалуы керек, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және кемінде 5 әдебиет көзі болуы керек. Слайдтар мазмұнды және көркемді болуы керек. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша тереңірек білімін демонстрациялауы қажет, талқылау кезінде сұрақтарға жауап бергенде қателіктер жібермеуі керек. Слайдтардың мазмұны толық және көркем, тақырып бойынша өз ойымен интегрирленген мәлімет болуы керек.

2.Интеллект карта, кейс-стади және буклет жинақы орындалған және белгіленген уақытында өткізілген болуы керек.

Өз бетінше кемінде 5 әдебиет қолданылуы керек. Сызбалар, кестелер және суреттер болуы керек.

3.Студенттердің жеке сұхбатының жазбасы және, немесе дәрігердің пациентпен сұхбатының видеоаудио таспасын таңдау.

4.Меңгерген тәжірибелік дағдылары жазылған күнделік арнау

5.Әр тақырып бойынша өзінің индивидуалды ой қатынасын суреттеу

6.Рөлдік ойындар қою

Терапия бакалавриат кафедрасында 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»мамандығы бойынша ҚР МЖМБС 3.08.389-2006 негізінде өңделген




1

Презентация тақырыбы


Өте жақсы


Презентация –өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және 5 әдебиет бар. Слайдтар мазмұнды және көркемді. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша тереңірек білімін демонстрациялады, талқылауда сұрақтарға жауап бергенде қателіктер жібермеді.







Жақсы


Презентация – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және 5 әдебиет бар. Слайдтар мазмұнды және көркемді. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша жақсы білімін демонстрациялады. Сұрақтарға жауап бергенде өзі қайта түзеген тиянақты емес қателіктер жіберді.







Қанағатта-нарлық


Презентация –өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және 5 әдебиет бар. Слайдтар мазмұнды емес. Қорғау кезінде автор сұрақтарға жауап бергенде тиянақты қателіктер жіберді.







Қанағаттанар-лықсыз


Презентация –өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және 5 әдебиет бар. Слайдтар мазмұнды емес. Қорғау кезінде автор сұрақтарға жауап бергенде қатаң қателіктер жіберді. Өзінің құралдарын пайымдай алмайды.

2

Интеллект карталар, кейс-стади және буклеттер дайындау және қорғау

Өте жақсы


Интеллект карта, кейс-стади және буклет – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, кемінде 5 әдебиет қолданған. Тақырыпқа сай сызбалар, кестелер және суреттер келтірілген. Қорғау кезінде материалды оқымай айтып берді. Қойылған барлық сұрақтарға сенімді және қателіксіз жауап берді.







Жақсы


Интеллект карта, кейс-стади және буклет – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, кемінде 5 әдебиет қолданған. Тақырыпқа сай сызбалар, кестелер және суреттер келтірілген. Қорғау кезінде материалды оқымай айтып берді. Қойылған барлық сұрақтарға жауап бергенде тиянақты емес қателіктер жіберді.







Қанағаттанар-лық


Интеллект карта, кейс-стади және буклет – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, кемінде 5 әдебиет қолданған. Тақырыпқа сай сызбалар, кестелер және суреттер келтірілген. Қорғау кезінде тақырыпты оқыды. Қойылған сұрақтарға жауап бергенде тиянақты қателіктер жіберді.







Қанағаттанар-лықсыз


Интеллект карта, кейс-стади және буклет – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, кемінде 5 әдебиет қолданған. Тақырыпқа сай сызбалар, кестелер және суреттер келтірілген. Қорғау кезінде тақырыпты оқып берді. Қойылған сұрақтарға қатаң қателіктер жіберді, өзінің құралдарын пайымдай алмады.

3

Тестілік тапсырмаларды орындау

Өте жақсы


Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Белгіленген уақытында тапсырылған. Тесттің мазмұны негізді, сұрақ анық қойылған. Жауап нұсқалары біртипті және адекватты. Жауап алгоритмі бар. Дұрыс жауаптар анық белгіленген.







Жақсы


Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Белгіленген уақытында тапсырылған. Тесттің мазмұны негізді, сұрақ анық қойылған. Жауап нұсқалары біртипті және адекватты. Жауап алгоритмі бар.

Дұрыс жауаптардың барлығы анық белгіленген.









Қанағаттанар-лық


Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Белгіленген уақытында тапсырылған. Тесттің мазмұны негізді, сұрақ анық қойылған. Жауап нұсқалары біртипті емес. Жауап алгоритмі бар.

Дұрыс жауаптардың барлығы анық белгіленбеген.









Қанағаттанар-лықсыз


Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Белгіленген уақытында тапсырылған. Тесттің мазмұны негізсіз, сұрақ анық қойылмаған. Жауап нұсқалары біртипті емес. Жауап алгоритмі жоқ.

Дұрыс жауаптардың 50% қате жауап берген.





  1. Тапсыру мерзімі: 9-апта

  2. Әдебиет:

  3. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.):

Сұрақтар:

1. Қалқанша безінің гипофункциясымен сипатталтын ауру қалай аталады?

2. Қалқанша безінің гиперфункциясымен сипатталтын ауру қалай аталады?

3. Гипотиреоздың негізгі белгілетін атаңыз.

4. Тиреотоксикоздың негізгі белгілетін атаңыз.

Тесттер:

1. Тиреотропты гормон қалыпты жағдайда неге тең?

а) 0,25-5,2 мкМЕ/мл;

б) 0,35-5,8 мкМЕ/мл;

в) 0,45-6,2 мкМЕ/мл.

2. СТГ мөлшерінің артуы ... тән.

а) гипофизарлы нанизмге

б) Иценко-Кушинг синдромына

в) гигантизмге

3. СТГ мөлшерінің төмендеуі ... тән.

а) гипофизарлы нанизмге

б) Аддисон ауруына

в) гипотиреозға

4. ТТГ мөлшерінің артуы ... алып келеді.

а) гипотиреозға

б) гипертиреозға

в) акромегалияға

5. АКТГ деңгейі қалыпты жағдайда:

а) < 13,2 пмоль/л;

б) < 14,2 пмоль/л;

в) < 15,4 пмоль/л.

6. АКТГ гиперөнімділігі ... алып келеді

а) гигантизмге

б) Иценко-Кушинг синдромына

в) бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігіне

7. АКТГ өндірілуінің төмендеуі ... алып келеді.

а) гипофизарлы нанизмге

б) Иценко-Кушинг синдромына

в) бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігіне

г) Аддисон ауруына

8. Т4 қалыпты деңгейі:

а) 40-140 нмоль/л;

б) 60-160 нмоль/л;

в) 80-180 нмоль/л.

9. Т3 қалыпты деңгейі:

а) 1,2-2,8 нмоль/л;

б) 1,4-3,2 нмоль/л;

в) 2,2-4,2 нмоль/л.

10. ТТГ қалыпты деңгейі:

а) 0,17-4,05 нмоль/л;

б) 0,18-4,18 нмоль/л;

в) 0,19-5,18 нмоль/л.


Есептер:

Есеп № 1

Науқас Ж., 28 жаста айқын жүрек қағуына, тершеңдікке, дене салмағының тқмендеуіне, ұйқысыздыққа, тітіркенгіштікке, жылағыштыққа шағымданады. Анамнезінде жиі стрестік жағдайлар, пациенттің анасы қалқанша безінің ауруымен ота жасатқан.

Объективті: жүдеу, facies basedovica, тері жамылғысы ыстық, бархат тәрізді, алақан гипергидрозы байқалады. Қарағанда мойында – «жуан мойын» симптомы. Грефе, Мебиус, Краус симптомдары оң мәнді.

1. Қандай ауру туралы мәселе қозғалуда?

2. facies basedovica сипаттаңыз?

3. Осы пациентте қалқанша безінің ұлғаю деңгейі қандай?

4. Аталған көз симптомдарына сипаттама беріңіз?

5. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша әдістер қажет?


Есеп № 2

Науқас Ш., 58 жаста, басының ауыруына, бас айналуына, көрудің нашарлауына шағымданады. Соңғы жылдары сыртқы көрінісінің өзгергенін байқады: беті дөрекілеуленген, астыңғы жағы үлкейген, алдыңғы тістерінің арасында саңылаулар пайда болған. Осы айтылған уақыттарда аяғы 2 размерге ұлғайған.

1. Мүмкін болатын диагноз?

2. Осы патологияда қандай гормонның бөлінуі бұзылады?

3. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша әдістері қажет?

4. Алдыңғы тістердің арасындағы саңылау қалай аталады?

5. Сіз жүрек, бауыр перкуссиясында не анықтай аласыз?



  1. Тақырыбы №20: Аралық бақылау (коллоквиум). «Эндокриндік жүйені зерттеудің лабораториялық-аспаптық әдістері және оның маңызы (УДЗ, гормондық бағыттар, т.б.)».

  2. Мақсаты: Студенттерге эндокринді жүйелер аурулары кезіндегі науқастарды зерттеу тәсілдерін, симптомдарын және гипергликемия, гипогликемия, қалқанша бездің қызметінің жоғарылауы және төмендеуі синдромдарын анықтауды үйрету, диагностика тәсілдерін үйрету. Өткен тақырыптар бойынша білімді бекіту және аралық бақылау жүргізу.

  3. Тапсырма:

- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)

- сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру

  • тест тапсырмаларын шешу

  • өздігінен 2 ситуациялық есеп және тақырып бойынша және 5 тест құрастыру.

4) Орындау түрі: Тәжірибелік дағдылау, тесттер

  1. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері (тапсырманы орындау талаптары):

Аралық бақылау


Тапсыру түрі

Бағалау

Бағалау критерилері

Тестілеу/ауызша сұрау

Өте жақсы

5 – бағаға сәйкес

90-100%


Студент жауап беру кезінде ешқандай қателіктер жібермеген кезде қойылады. Оқылып жатқан пәнге бағытталған теориялар, концепциялар және бағыттарға бағытталған және оларға критикалық баға бергенде, басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолданады. Тест тапсырмалары бойынша 86-100% дұрыс жауабы болғанда қойылады.



Жақсы

4 – бағаға сәйкес 75-89%;



Студент жауап беру кезінде дөрекі қателіктер жібермеген кезде, не болмашы қателікті жіберіп, оны өзі жөндеген кезінде, қойылады, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелендірген кезде қойылады. Тест тапсырмалары бойынша 75-85% дұрыс жауабы болғанда қойылады.



Қанағаттанарлық

3 – бағаға сәйкес 50-74%



Студент жауап беру кезінде болмашы қателікті жіберген кезінде қойылады, тек қана оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттермен шектелген кезде, бағдарламалық материалдарды жүйелендірген кезде үлкен қиындықтарға жолыққанда қойылады. Тест тапсырмалары бойынша 50-74% дұрыс жауабы болғанда қойылады.



Қанағаттанарлықсыз

2– бағаға сәйкес 0-49%



Студент жауап беру кезінде дөрекі қателіктер жіберген кезінде, негізгі оқу әдебиеттермен жұмыс жасамағанда; пәннің ғылыми терминологиясын қолдана алмайды, дөрекі стилистикалық және логикалық қателіктермен жауап береді. Тест тапсырмалары бойынша 50-дан аз дұрыс жауабы болғанда қойылады.

Тапсыру түрі

Бағалау

Бағалау критерилері

Тәжірибелік дағдылау

Өте жақсы

5 – бағаға сәйкес

90-100%


Тәжірибелік дағдыларды дұрыс жасағанда, құрал және қазіргі заманға физиологиялық зерттеу әдістері туралы терең білімін көрсеткенде қойылады. Тәжірибелік жұмысы бойынша толық есебін көрсеткенде бағаланады.

Жақсы

4 – бағаға сәйкес 75-89%;



Тәжірибелік дағдыларды дұрыс жасағанда, құрал және қазіргі заманға физиологиялық зерттеу әдістері туралы жақсы білімін көрсеткенде қойылады. Тәжірибелік жұмысы бойынша есебінде болмашы қателіктер жібергенде бағаланады.

Қанағаттанарлық

3 – бағаға сәйкес 50-74%



Тәжірибелік дағдыларды дұрыс жасағанда, оқытушының көмегіне жүгінгенде қойылады. Тәжірибелік жұмысы бойынша есебінде болмашы қателіктер жібергенде бағаланады.

Қанағаттанарлықсыз

2– бағаға сәйкес 0-49%



Тәжірибелік дағдыларды әлсіз жасағанда, уақтылы жасамағанда қойылады. Тәжірибелік жұмысы бойынша есебінде дөрекі қателіктер жібергенде бағаланады.




  1. Тапсыру мерзімі: 10-апта

  2. Әдебиет:

  3. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.):

Аралық бақылау: (Тәжірибелік дағдылар, тесттер).

Тәжірибелік дағдылар:

  1. Іштің беткейлік пальпациясын жүргізу

  2. Іштің терең пальпациясын жүргізу

  3. Іштің беткейлік және терең пальпациясын жүргізу диагностикасына баға беру

  4. Асқорыту жүйесінің аурулары кезіндегі аспаптық тексеру әдісіне талдау жүргізу ( ФГДС; колоноскопия, морфологиялық тексеру, ішперде қуысы ағзаларын УДЗ мәліметтерін талдау).

  5. Асқорыту жүйеснің аурулары кезіндегі науқастарды негізгі аспаптық тексеру әдістерін бағалау.

  6. Несеп шығару жүйесінің инструментальды және лабораторлы зерттеу әдістеріне және олардың маңыздылғына баға беру: УЗИ, рентгенологиялық әдіс (урография, цистография), компьютерлі томография, биоптатты морфологиялық зерттеу.

  7. Несеп шығару жүйесінің потологиясы кезіндегі басты инструментальды зерттеу әдістерін: УЗИ, рентгенологиялық әдіс (урография, цистография), компьютерлі томография, биоптатты морфологиялық зерттеу.

  8. Несеп анализдерінің қорытындысына талдау жүргізу. (жалпы, Зимницки ә бойыншадіс, Нечипоренко)

  9. Басты аспапаптық зерттеу әдістері қорытындыларына талдау жүргізу.

  10. Қант диабеті бар науқастарды зерттеу.

  11. Гипергликемия, гипогликемия симптомдары мен синдромдарын анықтау

  12. Қалқанша безі аурулары гипертиреоз, гипотиреоз кезіндегі науқастарды зерттеу.

  13. Қалқанша бездің қызметінің жоғарылауы және төмендеуі синдромдары мен симптомдарын


Тесттер:

1. Жедел жайылмалы гломерунефриттің ең жиі кездесетін қоздырушысын көрсетіңіз:

а) пневмококктар

б) стафилококктар

в) А тобындағы гемолитикалық стрептококк

г) вирустар

д) микоплазмалық инфекция

2. Жедел гломерулонефрит дамуына маңызы төмен мысалды атаңыз:

а)бактериальды инфекция

б) вирустар

в) салқын әсері

г) ішімдік, интоксикациясы

д) вакцинация

3. Жедел гломерулонефрит белгісін көрсетіңіз:

а) қызу көтерілуі, лейкоцитурия, бактерийурия, дизурия

б) гематурия, протеинурия, цилиндрурия, ісіктер, гипертония

в) гипертония, гематурия, гипертермия

г) жас адамдардағы қауіпті гипертония, зәр тұнбасында өзгеріс жоқ

4. Жедел гломерулофритке сәйкес келмейтін белгіні көрсетіңіз:

а) гематурия, гипертония, ісіктер

б) олигуриямен қатар зәр синдромы

в) ауру синдромы және зәрдегі өзгерістер

г) жеке дара зәрдегі өзгерістер

д) селестивті протеинурия

5. Жедел гломерулофрит асқынуына жататыны:

а) бүйректік эклампсия

б) жедел сол қарыншалық жетіспеушілік

в) жедел бүйрек жетіспешілігі

г) барлық аталғандар

д) дұрыс жауап берілмеген

6. Жедел гломерулофрит асқынуларының негізгі механизмі:

а) гиперволемия

б) жүректің айдау функциясының төмендеуі

в) шүмақ фильтрациясы төмендеуі

г) түтікшелер реабсорбциясы төмендеуі

д) гипернатриемия

7. Жедел гломерулофрит асқынуы бола алмайтын мысалды табыңыз:

а) бүйректік эклампсия

б) жедел бүйрек жетіспеушілігі

в) созылмалы гломерулонефрит

г) бүйрек инфартісі

д) ісіктер қосылуы

8. Нефриттерге тән емес белгіні көрсетіңіз:

а) нефротикалық синдром

б) бүйрек мөлшерлері қалыпты

в) артериальды гипертония

г) гиперпротеинемия

д) ісіктік синдром

9. Бүйректік эклампсия белгілерін көрсетіңіз:

а) артериальды гипертония, жүрек айну, құсу

б) массивті протеиурия, ісіктер, олигурия

в) ісіктер, гипертония,лейкоцитурия

г) гипертензия, тахикардия пароксизмі, дененің құрыстауы, естен тану

д) өкпе шемені, қан қақыру, тұншығу

10.Келтірілген белгілердің қайсысы гломерулонфритке тән емес?

а) жастық шақ

б) бүйрек мөлшерлерінің бірқалыпты азаюы

в) бүйректер зақымдануының ассимитриялылығы

г) жеке дара зәр синдромы

д) гипертензия, жүрек жетіспеушілігі дамуы



11. Қалқанша безі гиперфункциясына тән науқас шағымдары:

  1. әлсіздік, адинамия, сүйектердің ауруы

  2. ұйқышылдық, тоңғақтық, ұмытшақтық

  3. бас ауруы, жүрек соғуы, ісіктер

  4. полидипсия, полиурия, булемия, жүдеу

  5. ашушаңдық, жүрек соғуының жиілеуі, тершеңдік, жүдеу

12. Қалқанша безінің гипофункциясына тән белгі:

  1. ашушаңдық, жүрек соғуының жиілеуі, тершеңдік, жүдеу

  2. бас ауруы, жүрек соғуы, ісіктер

  3. ұйқышылдық, тоңғақтық, ұмытшақтық

  4. полидипсия, полиурия, булемия, жүдеу

  5. әлсіздік, адинамия, сүйектердің ауруы

13. Қантты диабетке тән науқас шақымдары:

  1. ұйқышылдық, тоңғақтық, ұмытшақтық

  2. бас ауруы, жүрек соғуы, ісіктер

  3. полидипсия, полиурия, булемия, жүдеу

  4. ашушаңдық, жүрек соғуының жиілеуі, тершеңдік, жүдеу

  5. әлсіздік, адинамия, сүйектердің ауруы

14.Қалқанша безі гипофункциясына тән науқастың сыртқы түрі белгілері:

  1. терінің түлеуі, сарғыш бозғыл тартуы, қыртыстының көбеюі, салқындылығы, құрғақтығы

  2. науқас төмен қарағанда, жоғарғы қабақтың нұрлы қабықтан қалыс қалуы

  3. көз конвергенциясының бұзылуы: көзге жақын тұрған затты тақағанда бір көздің ауытқып кетуі

  4. көздің жыпылықтауыныңсиреуі

  5. көз жанарының жылтырлығы, көздің кең ашылып, сыртқа шығыңқы тұруы /бадырақ көз/

15.Тиреотоксикоз асқынуына... жатпайды.

  1. офтальмопатия дамуы

  2. бауыр закымдалуы

  3. тиреотоксикалық криздер

  4. психоздар қосылуы

  5. жүрек зақымдануы

16. Қалыпты жағдайда бір тәулікте j131 – дің қалқанша безге жиналу деңгейі:

  1. 30 – 35 %

  2. 10 -15 %

  3. 20 – 29 %

  4. 15 – 18 %

  5. 35 – 40 %

17. Гипотиреоз симптомына ...жатпайды.

  1. брадикардия

  2. жай, баяу сөйлеу

  3. тахикардия

  4. тері жамылғысының құрғақтығы

  5. психоздар

18.Гипотиреоз даму себебіне ... жатпайды.

  1. май алмасудын бузылуы

  2. организмге йод жетіспеушілігі

  3. субтотальді тиреоидэктомия

  4. тиреоидты гормондар түзілуінің жетіспеушілігі

  5. қалқанша без гипоплазиясы

19.Жасырын дамитын қантты диабеттің басты белгісі:

  1. нәрестелердің туғандағы ірілігі \салмағы 4,5 кг жоғары\

  2. семіздік

  3. глюкозаға төзімділіктің жоғарлауы

  4. генетикалық бейімділік

  5. шолдеу

20. Глюкозооксидантты әдіспен анықтағанда дені сау адам қанындағы қант деңгейі:

  1. 5,6-7,5 ммоль\л

  2. 3,3-5,5 ммоль\л

  3. 4,4-6,0 ммоль\л

  4. 2,2-3,2 ммоль\л

  5. 6,0-8,0 ммоль\л


Каталог: kafedra -> terap bak
kafedra -> Учебно-методический комплекс по дисциплине «культурология» Для направления 521400
kafedra -> Побічна дія ліків
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Пән коды: tkn мамандық : «Дәрігерлік емдеу ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
terap bak -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
terap bak -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет