Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н -1-38-2021 ба спа



бет1/6
Дата01.02.2022
өлшемі374 Kb.
#130361
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Химия


Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус)


Н 2-1-38-2021

1 баспа05.01.2021








Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті




БЕКІТЕМІН

Технологиялық факультетінің деканы


________________Аймен А.Т.

«_____» ____________20___ г.





ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (СИЛЛАБУС)
ХИМИЯ 1
Білім беру бағдарламасы 6В05113 – «Тамақ биотехнология», «6В07214-Тамақ және инженеринг өңдеу өндірістерінің технологиясы» «6В07215-Тамақ өнімдерінің технологиясы»
Кредит саны (ECTS): 5

Семестр: 1

Пререквизиттер: Математика, физика, химия

Постреквизиттер: Аналикалық химия

Оқытушының(лардың) аты-жөні

Нурлыбаева Айша Нурлыбаевна e-mail: rustem_ergali@mail.ru



Оқыту форматы: қашықтық оқыту
Оқу жұмыс бағдарламасын (силлабусты) дайындауға жауапты кафедра «Химия және ХТ»

Ескерту: Құрметті студент! Пәнді оқу аяқталғаннан кейін, пәннің мазмұны және оқыту сапасы жөнінде пікір жазуыңызды өтінемін. Ол үшін емтихан сессиясы кезінде толық қол жетімді www.portal.tarsu.kz сайтында орналасқан «Пәнді студенттердің бағалауы» атты on-lineанкетаны толтыру керек.

Пәннің мазмұнының, бақылау сұрақтарының сапасы жөнінде және тағы басқа да ұсыныстарыңызды еркін түрде баяндауыңызға болады.

Сіздің пікіріңіз пәннің сапасын жоғарылата түсу үшін маңызды екенін есіңізге саламыз.

**Силлабуста көрсетілмеген талаптардың заңды күші жоқ екенін университет ескертеді.



Тараз, 2021

Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) Ғылыми кеңесте бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалған (Хаттама№_____ «______» _____________202___ж.).



Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Химия» пәні аралас форматта оқытылады. Пән бойынша 52 сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: 12 лекция, 25 зертханалық және 15 оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ).

Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімдіжәне ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттіңішкіережелерінесәйкескелуікерек.

Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып,әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.

Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі.4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады.

Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (АБ 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (АБ 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.

Лекция тақырыптары бойынша коллоквиум өткізіледі. Практикалық сабақтар кезінде дәптерде орындалатын жеке есептеу - үй тапсырмалары беріледі. Пән бойынша 2 студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ) қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің 3-ші аптасында беріледі.

Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір лекцияның оқу материалы «Лекция №_» тарауында орналасқан. Содан кейін студент зертханалық сабаққа кіріседі. Оның материалы «Зертханалық сабақ №_» тарауында орналасқан. Теориялық немесе зертханалық сабақтарды игеру бойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, ОБӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. ОБӨЖ сабағы (ОБӨЖ сабақ кестесі бойынша) аптасына өткізіледі.

Пән бойынша барлық практикалық сабактар 1-15 апталар ішінде университеттің оқу корпусында дәстүрлі түрде өткізіледі. Университеттің аумағында сабаққа қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда студент оқытушыға хабар беріп, оқуын Google Classroom бойынша жалғастыруына болады.


1

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Химия бакалаврының базалық және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптасыру процесінде бейорганикалық химия курсының үлесін қамтамасыз ету. Студенттердің бойында бейорганикалық заттардың құрамы, құрылысы және қасиеттері туралы түсінікті; тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш және қышқылды-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсінуді; элементтер атомдарының құрылысы мен қасиеттерін, валенттік мүмкіндіктері мен типтік қосылыстарын жүйелі түрде сипаттау дағдысын қалыптастыру

2

Сағат саны

Лекция - 18 сағат

Зертханалық сабақтар- 37,5 сағат

Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ)- 94,5 сағат (соның ішінде ОБӨЖ (22,5 сағат)

Барлығы - 150 сағат



3

Оқыту нәтижесі

Қазіргі заманғы химияның негізгі ұғымдарын, атом құрылысы және химиялық байланыстар теориясының негіздерін, химиялық реакциялар жүруінің негізгі заңдылықтарын, электролиттік диссоциация теориясын, күрделі қосылыстардағы химиялық байланыстар теориясының негізгі ережелерін, элементтер мен олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін білу.

Химиядағы нақты есептеу және эксперименттік есептерді шешу үшін химияның негізгі түсініктері мен заңдылықтарын қолдана білу және термодинамикалық мәліметтер негізінде болатын химиялық реакциялардың ықтималдығын болжай білу.

Негізгі химиялық тәжірибелер жүргізу дағдыларына ие болу.


4

Білімін бағалау

Зертханалық жұмыстарды орындау және қорғау 25·1 балл=25 балл.

Студенттің өзіндік жұмысы 2·5 балл=10 балл

Бақылау сұрақтары – 4·5 балл=20 балл

Белсенділік 5 балл

Барлығы – 60 балл.


5

Қорытынды бақылау

тест

6

Техникалық талаптар (қажет болса)

Ерекше талаптар жоқ

7

Ресурстар мен дереккөздер / негізгі жәнеқосымшаәдебиеттертізімі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет