Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 6В01717 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет12/32
Дата26.02.2023
өлшемі2,24 Mb.
#170169
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
umkd 2
kalybaeva a oralbaeva n kazirgi kazak tilinin morfemalar zhu
Тұжырымдар 
Жыраулық ӛнер - ӛткір, ӛр, сұлу ӛлең, аруақты бабаларымыздың арманы мен 
ардағы жатқан сиқырлы жыр дүниесі. Сан ғасыр сынынан ӛтіп, халық кӛкірегінде 
жатталып, біздің дәуірімізге жеткен сӛз зергерлері – ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда ӛмір сүрген 
Асан, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет,
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама 
Студент қазақ хандығының құрылу себептерін, сол кезеңдегі тарихи-әлеуметтік 
жағдайды білу қажет. 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.Мағауин М. Ғасырлар бедері. Алматы,1991. 
2. Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті. Зерттеулер. Алматы,1980.
3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-4 том.
4. Жұмалиев Қ. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1967. 
5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы,1992.
6. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы,1973. 
7.Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы,1991. 
8.Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясы. А., 2001 
9.Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 2003 
10.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., 1993 
12.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ.). А., 1998 
12.Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., 1992 
13.ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы. А., 1982 
14.Ӛмірәлиев Қ. ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. А., 1976. 


№2 дәріс 
Тақырыбы
:
Хандық дәуір әдебиетінің даму бағыттары және кӛркемдік-идеялық 
ерекшеліктері 
Мақсаты
:
Жыраулардың әлеуметтік тұлғасы, жыраулар поэзиясының басты 
сарындары, кӛркемдік ерекшеліктері туралы мағлұмат беру. 
1. Жырау және жыршы. Айырмашылығы. 
2. Жыраулар поэзиясындағы басты сарындар. 
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар
: қиса, мадақ ӛлең, толғау, түйдек, шайыр. 
Дәріс мәтіні 
(тезис) 
Жыраулар поэзиясы – қазақтың кӛркемдік ойының аса бір айтулы кезеңі. Бұл 
поэзияның табиғаты мен нысанасынан кӛркемдік ойдың кӛп қасиеттері байқалады. Атап 
айтсақ, қоғамдық-философиялық пікірмен сабақтасып, биіктен кӛрінген кӛркемдік ой 
заманының кӛкейкесті мәселелерін қозғап, азаматтық, қоғамдық-философиялық, тіпті, 
саяси-тарихи ойға ұласады.
Жыраулар мұрасының кӛркемдігі – жырау шығармаларының ӛзіндік ерекшелігі, 
эстетикалық сұлулығы, дүниені, болмысты сипаттап сӛйлетудегі суреттілік, бейнелілік. 
Кӛркемдік келісім жоқ жерде ӛнер шығармасы ӛмір сүрмейді. Кӛркемдік ӛнер 
туындысының сапалық кӛрсеткіші.
Жыраулар поэзиясындағы бейнелі сӛздер жүйесінің, суреттеу, мәнерлеу 
құралдарының, сӛз қолдану шеберлігінің, сӛз саптау ерекшелігінің жаратылысы қызық. 
Поэзияның ішкі астар-қабаттарындағы қайнар кӛздерін ашу, кӛркемдік құбылыстарды 
айқындау, кестелеу тәсілдерінің табиғатын айқындау, сӛздің кӛркемдік, эстетикалық 
қасиеттерін тану, оның бейнелі қолданысын саралау поэзия тілінің тарихы мен теориясын 
зерттеу объектісі.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жырау қиялының байлығы, суреттеу тәсілдерінің кемелдігі 
мен әсемдігі сол дәуірдегі қазақ поэзиясының биік ӛресін, ӛзіндік сипатын танытады.
Жыраулар поэзиясының кӛркемдік кестесінде терең мағыналы сӛздер ұшан-теңіз. 
Жыр тілінің мінсіз сұлулығы, оның байлығы мен тазалығы – жыраулардың басты 
мақсаты, кӛркемдік нысанасы.

Халықтың асыл арманы мен биік мұратын бейнелер озық ой, сұңғыла сӛз ӛлмейді. 


Асыл сӛз азбайды, ескірмейді, не ықылым замандарды кӛктей ӛтіп, әрдайым келешек 
күндермен табысып отырады. Мұндай сипат қазақ ақын, жыраулары шығармашылығына 
да тән. Оларда да ӛз дәуірінің шежіресіндей, абзал ақылшымыздай, жан сарайымыздың 
айнасындай бағалы сӛздер аз емес.
Қазақ халқындағы әдеби ортаның басты-басты ӛкілдерін тексере, талдай келіп, 
жыраулар шығармашылығындағы халықтық озық дәстүрдің дәуірден дәуірге ұласып, 
жаңа мәнмен жаңғыра дамуын байыптап қарағанда бірқатар түйіндеулер жасауға болады. 
Олар: ақын, жыраулардың түр, образ, стиль жӛнінен ауыз әдебиетінен, ӛздеріне дейінгі 
жыраулар мұрасынан, шығыс әдебиеті нұсқаларынан игі әсер, үлгі, ӛнеге алғандығы; 
кӛршілес, қоныстас аймақ сӛз зергерлерімен, туысқан халықтар әдебиетімен байланыста 
дамығандығы. Бұлар күні бүгінге дейін қазіргі халық поэзиясы һәм жазба әдебиет ӛкілдері 
сусындап келе жатқан асыл арналар.
Қазақ халқындағы ерлік жырларының, сол сарындағы ән, күйлердің тууына ертелі-
кешті ӛткен ел ӛміріндегі елеулі оқиғалар негіз болған.
Қазақ әдебиетіндегі жыраулар мұрасындағы озық үлгілерді жаңғырта жырлау 
дәстүрге айналған. Ең басты мотив – ерлік жырларын толғау саналған. 
Кӛші-қонды күндер кешкен жазу-сызуы аз елде ақындықтың ең басты белгісі – 
жырды қолма-қол, табан астынан шығару – импровизация саналған. Ӛз шәкірттеріне 
Қашағанның: «Ақын болсаң, - қолма-қол ағыт» деуі немесе Ақтанның: «мен – бӛгесе-
бӛгет бермейтін Қаратаудың ақпары», Насихаттың: «Арнасы бӛгет бермейтін, ақпалардың 
кӛзімін» деп ақпалық қасиетті қастерлей қараулары да содан. Сондай-ақ, Нұрым мен 
Аралбайдың сауатты бала тұрып, жазып шығармауы да осыған байланысты. Сол секілді 


Қашқынбай: «Қаламды қолға алайын», Аралбай: «Қолыма қалам алып хат жазғанмын», 
Насихат: «Қалам алдым қолыма» дей тұрса да, ежелгі ақын, жыраулық дәстүрмен ауызша 
толғаған.
Жыраулар поэзиясындағы дәстүрлі үлгі, негіздерінің бірі – туған жер, ата қоныспен 
қоштасу, қымбатын жоқтау, қимасын аялау. Туған жермен қоштасу сарыны, қоныс мекен 
жайы сонау ХҮ ғасырдағы Асан жыраудан бар. Осы сарын әсіресе ХҮІІ ғасырға шейінгі 
жыраулар мұрасында басым кӛрінеді. Сонымен қатар бұл сарын Бұхарды алаң кӛңіл 
еткен, онан беріде Дулатты аһ ұрғызып, Мұратты мұңға батырған, Нарманбетті нар 
түйедей шӛктірген зар еді.
Қазақ әдебиетінің қайсыбір кезеңі болмасын – бәрі де белгілі тарихи әлеуметтік 
жағдайларға байланысты дамыды. Ол ӛз кезеңі ұсынған басты мәселелерге үн қосып, 
ӛмірдің ӛзекті сұрақтарына жауап беруге атсалысты. ХҮ-ХҮІІІ ғасырда ӛмір кешкен 
жыраулар шығармашылығы да осы бағытта бой кӛрсетті.
Қазақ халқы да басқа халықтар сияқты поэзияға бай, сӛз ӛнерін ерекше қадірлей 
білген, кӛркем сӛз құдіретін қастерлеп, оған үлкен міндет жүктеп келген ел. Адам 
баласының шыр етіп дүние есігін ашқан шақтан бастап, ең соңғы демі таусылғанға дейінгі 
ӛмір жолы, тіршілік қадамдары түгел дерлік поэзияға қарыздар. Поэзияның адам ӛмірі мен 
тіршілігіндегі рӛлі оның қоғамдық маңызын да белгілейді.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар мен ақындар елдік, ерлік, ӛмір, дін, заман 
хақында толғанған. Олар бағзы шығыс поэзиясы дәстүрімен ӛмірдің ӛтпелілігін жырлап, 
ізгілік пен инабатты дәріптеген. Заманының ойлы перзенті ретінде ӛмірдің сан алуан 
мәселелерін сарапқа салып, гуманистік тұрғыда философиялық-дидактикалық түйін-
тұжырымдар жасап, жер-суды, атамекенді қорғау, ел бірлігін сақтау мәселелерін 
жырлаған. Әр дәуірдің ірі, іргелі оқиғалары, кӛрнекті адамдары тарихи тұрғыда нақты, 
дәлдікпен кӛріне қоймаса да, жыраулардың ӛз басы жағдайлары, жыр жолдарында 
кездесетін адамдармен қарым-қатынасы, олардың сыртқы және ішкі бейнесінің кейбір 
кӛріністері, сол замандағы бірқатар оқиғалар хақындағы деректер анық байқалады. 
Мысалы, Асан жырламаса Жәнібек, Шалкиіз жырламаса Темір, Әзике, Мансұр, Бұқар, 
Үмбетей, Тәтіқара жырламаса, Абылай поэзия жолдарында қалмас еді. Тәтіқараның «Кеме 
тоқыраулы судың бойынан», Бұқардың «Ал, тілімді алмасаң» толғауларынан Абылай 
ӛмірінің кейбір деректерін, Үмбетейдің «Бӛгембай ӛлімін Абылай ханға естіртуінен» 
қалмақ пен қазақ арасындағы шайқас кӛріністерін тани аламыз. Сол сияқты Бұқар 
жыраудағы «қырық сан қара қалмақты», Шал ақындағы «тоқсан баулы айтайын тор 
ӛзбек», «тоқсан баулы ӛзбек айрылыпты, таңбалының моласы деген жерде» сияқты 
деректер тарихтың кӛнеріп, кӛмескі тартқан беттерін айқындауға кӛмектесе түсетіндігі 
даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет