Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 6В01717 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет25/32
Дата26.02.2023
өлшемі2,24 Mb.
#170169
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
umkd 2
kalybaeva a oralbaeva n kazirgi kazak tilinin morfemalar zhu
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-4 том.
2. Сүйіншалиев Х. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1989. 
3. Жұмалиев Қ. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1967. 
4. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы,1992.
5. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы,1973. 
6. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясы. А., 2001 
7. Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 2003 
8. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ.). А., 1998 
9. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы. А., 1982 
10. Ӛмірәлиев Қ. ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. А., 1976. 
№15 дәріс
Тақырыбы
:
Шал ақын 
Мақсаты
:
Шал ақын шығармаларының жаңашылдығын таныту. 
1. Шал ақынның ӛмірі мен шығармашылығы.
2. Шығармаларының зерттелуі, жариялануы. 
3. Ӛлеңдерінің жаңашылдығы. 
4. Шығармаларының тілі, кӛркемдігі. 
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар
: қына, жаланып, насқа, мұрты кебер, ойран 
т.б. 
Дәріс мәтіні 
(тезис) 
Шал поэтикалық сӛздің дәмін, тамырын дәл, анық тауып айтады, шабыт 
дипазонының кеңдігі айшықты, ажарлы табысқа жетелейді. Қазақтың он бір буынды қара 
ӛлеңінің құдіретін Абайдан бұрын танытқан қарт шеберлердің бірі осы Шал. 
Шығармаларының дені он бір буынмен жазылған, жеті-сегіз буын аракідік ұшырайды. 
Әлгі балталаса берілмес берік ұйқас осы Құлекеұлында. «Ӛйткені, он бір буынды ӛлең 
ӛлшемінде бұрыннан белгілі ӛлшемге қосымша кіргізу, ӛзгеріс енгізу арқылы пайда 
болған кейбір ӛрнектегідей жасандылық жоқ. Ол – бӛлекше, дербес сипаты бар, ӛзінің 
бірнеше түрлері, варианттары бар, ырғақтық құрылыс-ӛрнегі мейлінше ширақ және 
жатық, әуезділік, үнділігі жағынан әбден келісті, кең тынысты болып келген, соның 
нәтижесінде аса кең тараған ӛлшем». Шалдың поэзиясы он бір буындық ӛлшемнің 


мүмкіндігін мол пайдаланған. Шал болса сол халықтық поэзияның қолтығынан шыққан 
адам. Теңеу, тұспалдауы, метафора, символ секілді бейнелеу құралдары да соны паш 
етеді. Редифтік рифмалардың ұшырасатындығын да айта кеткен жӛн. Кейде тармақтың 
аяғы ӛзара ұйқасады. Бір мысал келтіре кетелік: «Басеке, мал жануар басқа бітер, Қына 
шӛп секілді ол тасқа бітер. Үйіңнен ит жаланып шықпайтұғын, Ӛзіңдей жатып ішер насқа 
бітер», – дегенде «басқа», «тасқа», «насқа» сӛздері «бітер» етістігімен біте қайнасып, 
әуезді ұйқас жасаған. Кейде «шӛлді біледі», «елді біледі», «жеңуді біледі» деген зат есім 
мен етістіктің тіркестері ӛзара ұйқасады да, келісті ӛрнек құрайды. Қай кезде де ӛңін 
жоғалтпас Шал ақынның фәлсафалық тұжырымдары мен ұтымды ұйқасын былай 
қойғанда, тапқыр теңеулеріне тәнті боласыз. «Ай нұрланар аспанда толған сайын, 
Пенделер үміт етер болған сайын, Ашу-пышақ болғанда, ақыл-таяқ, Сол таяқ кемімей ме 
жонған сайын». Мәнерлі, әсерлі шумақтан ғибадаты кең ой түйесіз. Кәрінің ӛлімін соққан 
дауылдың тынғанына теңесе, жастың ӛлімі сынған бәйтерекпен парапар дейді. «Таудың 
кӛркі – тас» деген баламаларды Шалдан естідік. Кісі мінезіндегі олқы жайларды жіті 
байқап қалып, ӛз байламын ұсынады. Ӛмір тәжірибесін оймақтай сӛзбен тізеді. 
Сабырсыздықтан, санасыздықтан сақтандырады. «Жігіттің мұрты кебер мақтанарда» десе, 
оның немен аяқталатынын жазбай танисыз. Бір жолдың ӛзінде мінез, кескін-келбет тұтас 
кӛрініс береді. Ақын ақылдың кӛзімен кӛп нәрсені ашып кӛрсетеді. Ақ пен қараның 
бітіспес күресінің арасында жүріп Шал ӛзінің шығармашылық нысанасынан ауытқымаған. 
Ӛзі сезіп білгенін, кӛргенін, түйгенін айтқаны басқалар үшін рухани азық еді. Қысқалы, 
ұзынды нақылдарына бірқатар жүк артты. Кейбір шумақтары шешендік сӛздердің 
жүйесіне жақындайды, енді бірқатары кәдімгі ақ ӛлеңмен айтылғандай әсер етеді. Кейінгі 
айтушылары, кӛшірушілері ұйқасқа икемдеуі мүмкін. Сосын кейбір шумақтар Шалдікі 
болмауы мүмкін. Айталық, «Кӛкала кӛл, нар қамыс», «Бұл ӛлім қайда жоқ», «Күні суық 
болғансын түні қайтсін» дегендер халықтікі, не кейінгі қоспалар сияқты. Ақыннан жазба 
нұсқа қалмағаннан кейін оны жамап-жасқаушылар, «жӛндеушілер» табылып қалады. 
Шал белгілі бір зат, құбылыс туралы дәл, анық айта білген. Қаққан қазықтай 
сӛздерін орнынан жылжыту қиын. Жердің салмақты тұсынан ойып алған кен іспеттес. 
«Жігіттің ӛзім білем дегені, – Басына салған ойраны. Ісін кӛпке бергені, – Тастан соққан 
қорғаны. Ӛсек басты болады, Қыздың жасқа толғаны. Жан шошырлық жаман іс, – Ағайын 
ала болғаны». Неден сақтанып, неден аянбау керектігін айнаға түсіргендей айнытпай 
береді. Қазіргі ӛркениетке де бұл керекті ой. Рухани тәжірибе кӛпке ортақ. Ертедегі 
жыршы, жыраулар алауыз, алакӛз болған қатерлі хандарды осындай сӛздермен 
ауыздықтап, тізгін тарттырғаны белгілі. Енді біз мемлекеттер алакӛз болмаса деп тілейміз. 
Мұның ӛзі, Шал ақынның кемеңгерлілікке иек артар сӛздері қай дәуірге де қызмет 
ететіндігіне дәлел болса керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет