Жұмыс бағдарламасы «Тәрбие жұмысының әдістемесі»



бет2/4
Дата12.10.2020
өлшемі40,41 Kb.
#66199
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4
1. Жалпы жағдайлар
1.1 Оқытушы және пән туралы қысқаша мағлұматтар

Оқытушының аты-жөні – Карипбаева Ш.Т. аға оқытушы

Кафедра – Педагогика

Байланыс жүйелері – тел., №2 оқу корпусы, 414-кабинет

Пәннің өтілу орны – 417 аудитория

Пән атауы – Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

Кредит саны -2

1.2 Жұмыстық –оқыту жоспарынан ақпарат (1-кесте).

1-кесте. Оқу жоспарынан ақпарат


Курс

Семестр

Кредит

Дәріс

Практика

лық жұмыс



СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі


4

7

2

15

15

45

45

90

Емтихан



1.3 Пәннің қысқаша мазмұны

Мектеп алдындағы тұрған міндеттер, әр тарихи кезеңде, үлкен өзгерістерге ұшырайды. Бүгінгі Қазақстан мектебінің негізгі міндеттерінің бірі – прогресті және өркениетті даму дәуіріне аяқ басу. Бұл үрдіс жастар тәрбиесімен тығыз байланысты. Сондықтан әр ұстаздың міндеті – тәрбие ісінің шеберлігін меңгеру, оның түрлері мен әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру. Тәрбие жұмысының нәтижесіне қанағаттану, оқушылармен қарым-қатынас, кәсіби жетістік, ұстаздың шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты.



«Тәрбие жұмысының әдістемесі» курсының мақсаты – сынып жетекшісі қызметін жүзеге асыру мен ұйымдастыруда тәрбиенің дәстүрлі және қазіргі жаңа технологиялары бойынша болашақ мұғалімдердің теориялық білімді меңгеруі болып табылады.

«Тәрбие жұымысының әдістемесі» курсының негізгі міндеттері:

- мектептің тұтас педагогикалық үрдісіндегі сынып жетекші іс-әрекетінің ерекшелігі жайында студенттерді теориялық және практикалық біліммен қамтамасыз ету;

- мектептің тұтас педагогикалық үрдісіндегі тәрбие жұмысын басқаруды, тәрбиенің қазіргі жаңа технологияларын қолдануды,ұйымдастыру, жоспарлау дағдысы мен тәжірибелік біліктілікті қалыптастыру;

- студенттерді өзіндік шығармашылық мүмкіндіктерін көтеруге ынталандыру;

- студенттерді саналы түрде педагогикалық шеберлікке мақсаттандыру;

- педагогикалық білімін, біліктілігін, дағдысын тереңдету;



«Тәрбие жұмысының әдістемесі» курсын оқыту барысында студент келесі білімдерді меңгеруі керек:

● тәрбие жұмысының мақсаты, міндеті, мәні туралы;

● мектеп қоғамының тәрбие жүйесі туралы;

● сынып жетекші іс-әрекетінің бағыттары мен жүйесі туралы;

● балалар ұйымының ерекшелігі туралы;

● тәрбие жұмысының технологиясы мен ұжымдық шығармашылық ісі туралы;

● оқушылардың тәрбие деңгейінің диагностикасы туралы.

«Тәрбие жұмысының әдістемесі» курсын оқыту барысында студентте келесі біліктілік пен дағдылар қалыптасуы керек:

● сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау;

● тәрбие іс-шараларын ұйымдастыру;

● оқушылар ұжымын қалыптастыру мен оны диагностикалау;

● ұжымдық шығармашылық іс технологиясы мен жаңа тәрбие технологияларын пайдалану;

● қиын балалармен жұмыс және диагностикалау;

● ата-аналармен және мектептен тыс ұжымдармен қарым-қатынас;

● оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру;

● ата-аналар жиналысын даярлау және өткізу;

● дарынды балалармен жұмыс;

● мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы.

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқытудан бұрын студенттерде тұтас педагогикалық үрдістегі оқушы тұлғасын қалыптастырудың, тәрбиелеудің, дамытудың теориялық - әдіснамалық негізін қалайтын келесі педагогикалық пәндер оқытылады: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогика», «Этнопедагогика», «Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы».

Студенттердің «Тәрбие жұмысының әдістемесі» пәнін жетік меңгеруі бұдан кейінгі педагогикалық және әдістемелік пәндерді, сонымен қатар педагогикалық практиканы табысты өткізудің негізі болып табылады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет