Жұмыссыздық – еңбекке жарамды адамдардың жұмыссыз қалуы, яғни жұмыс істемеуі. Жұмыссыздықтың түрлері: 1 Ағымдық жұмыссыздық


Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыс істемейтіндер саны



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі209,93 Kb.
#94322
1   2   3   4   5
Байланысты:
12 Инфляция және жұмыссыздық
3 лекция 2020
Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыс істемейтіндер саны.
Жұмыссыздар саны / жұмыс күші * 100%

ИНФЛЯЦИЯ
"Инфляция" – “қабару, көтерілу, ісу” деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция және с.с. кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт "көтеріліп", қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соктырады.
Инфляция – бұл ақшаның алтынмен байланысты үзгеннен кейінгі қағаз ақша айналымының ауруы. Мұндай жағдайда айналымда жүрген қағаз ақшаның көлемі ерекше маңызды болады: егерде ол тауар айналымы қажеттілігінен асып кетсе, онда инфляция артық ақша шығарудың нәтижесі ретінде шығады. Шынында, инфляция – нарықтық экономиканың өзіндік ерекшелігі бар қағаз ақшаның «ісігі».
Қазіргі инфляцияға тән ерекшеліктер:
егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса,
казіргі инфляция елдің бүкіл жерін камтиды;
егер бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазіргі
инфляция көп уақытқа созылған кұбылыс;
егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерінен туындаса, қазіргі инфляция
көптеген ақшасыз және т.б. факторларға байланысты болады.
Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Баға өсуі қарқыны көзқарасы тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады:
  • баяу;
  • қарқынды;
  • ұшқыр.

  • Баяу инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10%-дан аздау) өседі. Инфляция 2-3 % болған жағдайда, нарық үшін орынды құбылыс болып табылады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи (жылында 20-дан 200%-ға дейін) өседі. Ұшқыр инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға астрономиялық жылдамдықпен (500-1000%) өседі.

Әр түрлі негіздердің болуында инфляция келесі түрлерге топталады:
1. Инфляция процесінің сипатына қарай ашық және жабық инфляция болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет