Жұмыстарының сараптамасы 2015-2016 оқу жылындағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының



бет16/28
Дата17.02.2017
өлшемі4,51 Mb.
#9681
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28

7-12 қыркүйек күндер аралығында мектеп бойынша Ұлттық Отбасы күніне орай іс-шаралар өткізілді. Мектеп психологы Нуржанова К.С. 8-11 сынып оқушылар арасында «Менің отбасым» тақырыбына сауалнама жүргізді /12 оқушы/. Бастауыш сыныптарда «Жұлдызды сәт» атты отбасылық музыкалық ұжымдар сайысы ұйымдастырды /17 оқушы/. 5-9 сынып оқушылар арасында Токубаев А.М. «Бақытты сәт, тоқтай тұр» атты отбасылық суретке түсу сайысы өткізілді.

«Ұстаз мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып!» «Ұстаздар» күніне орай салтанатты жиын және концерт өткізілді.

19.10.15 ж – 28.10.15ж аралығында «Ішімдік сусындарын жарнамалауды тоқтату» ұранымен онкүндік ұйымдастырылып өткізілді. Жоспарға сай «Ішімдік сусындарын жарнамалауды тоқтату» ұранымен 19.10.15 ж – 28.10.15ж аралығында өткізілетін онкүндігінің жоспары бекітіліп, таныстырылды. 1-4 сынып оқушылар арасында «Епті, мықты болып өс!» қызықты эстафета ұйымдастырылды/17 оқушы/. 5-9 сынып оқушылар арасында «Салауатты өмір –заман талабы» қабырға газеттер сайысы өткізілді/ 17оқушы, Кусаинова Г.Т./. Курсанова С.М. 5-6 сынып оқушыларына баяндама оқып, слайдтар арқылы көрсетті /7 оқушы/. Мектеп психологы Нуржанова К.С. 1-4 сынып оқушыларымен «Мен өмірді  сүйемін» атты саулнама беріп, брошюралар таратты/17 оқушы/. Барлық сыныптарда «Менің денсаулығым -менің болашағым» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді /1-11сыныптар, 40 оқушы/. 8-11 сынып оқушылар арасында «Волейбол» спорттық сайысы өткізілді/12 оқушы/. Онкүндіктің соңғы күні қорытынды жасалынды. Барлық балалар белсенді қатысты.




«Жастар 2016» спартакиадасында оқушылардың құрама тобы баскетбол ойыннан 2 орын иеленді.

Айына 1 рет күнделіктер тексеріліп, кітаптар тексеру рейді өткізілді. Тазалық, тәртіп туралы әңгімелер жүргізіліп, сыныптар оқу кабинеттерін тазартып жинады.

23қараша - 30 қараша аралығында Мамай орта мектебі бойынша 1 желтоқсан - Тұңғыш Елбасы күніне орай іс-шаралар жоспарланып бекітілді.

Барлық сыныптарда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді /40 оқушы/. 5-8 сынып оқушылар арасында «Тұңғыш Президент күні-тарихи маңызы зор мереке» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді /12 оқушы/. Мектеп кітапханашы «Елін сүйген Елбасы» атты кітаптар көрмесін ұйымдастырды. 11-сыныпта «Нұрсұлтан – ел тірегі, ел намысы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты мазмұнды өтті /5 оқушы/. Іс-шараның соңғы күні «Елбасы күні- елдікке құрмет мерекесі» атты салтанатты жиын ұйымдастырылып өткізілді. Жиын барысында өлең, тақпақтар мен әндер айтылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет