Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет39/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   108

§ 28. ЭМАЛЬМЕН БЕЙНЕЛЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дайын бұйымдарға қарапайым суреттер мен жазуларды трафаретсіз және клише әдісімен түрлі-түсті эмальдермен салу. Суреттер композициясын жасау және трафареттер мен клишеге арналған сырлауларды таңдау. Қарапайым суреттерді салуға арналған трафареттерді дайындау және жасау.

Білуге тиіс: трафареттерді жасау тәсілдері; суреттердің негізгі композициясы; әртүрлі түсті және реңкті эмальды жасау үшін бейорганикалық суреттерді таңдау тәсілдері; суреттерді клише әдісімен салу тәсілдері.

§ 29. ЭМАЛЬМЕН БЕЙНЕЛЕУШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дайын бұйымдарға күрделі суреттер мен каллиграфиялық жазуларды трафаретсіз жоғары дәрежелі тазалықпен және дәлдікпен фотография және шелкография әдісімен салу. Шығарылатын бұйымдар ассортиментіне қатысты барлық суреттерді дайындау. Күрделі суреттерді салуға арналған трафареттерді дайындау және жасау.

Білуге тиіс: суреттерді фотография және шелкография әдісімен салу тәсілдері; бейнелеу мен сырлау жасау негіздері; эмаль мен сырлаудың қасиеттері; толтыру материалдары мен құралдарының түрлері мен қасиеттері; коллоид ерітінділердің қасиеттері.

§ 30. ЭМАЛЬДАУ КЕЗІНДЕ БҰЙЫМДАРДЫ ОРНАТУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарды бұрма механизмдерге орнату, оларды бұру және бұйымға құрғақ эмаль жағу кезінде оларды әртүрлі жағдайларда ұстау. Бұрма механизмді майлау. Жұмыс орнын тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты, оның маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты; бұйымдарды бұру тәсілдері; бұрма механизмді басқару тәсілдері.

§ 31. ФРИТТЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары фриттеушінің басшылығымен фритті пісіру. Ыдысты жұмысқа дайындау. Шикіқұрамды таразылау, пешке тасымалдау және ыдысқа себу. Шикіқұрамды пешке салу. Фритті пештен алу, ұнтақтау, оларды қоймаға жинау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты; шикіқұрамды жасау кезінде қолданылатын материалдар мен химикаттардың номенклатурасы және олардың мақсаты.

§ 32. ФРИТТЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фритті пісіру. Пісірудің белгіленген режимін сақтау. Фритті пісірудің даярлығын айқындау. Сырлаулар мен пигменттерді құндақ электр пештерінде пісіру. Пештердің жұмыс режимі мен фриттеу процессін бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; фритті пісіруге арналған шикіқұрамның рецептурасы; фриттердің әртүрлі түрлерінің қасиеттері мен олардың мақсаты; пісірудің температуралық режимі; сырлауларды фриттеу және пигменттерді күйдіру технологиясы; сырлаулар, пигменттер мен қолданылатын химикаттардың техникалық шарттары; фритті пісірудің даярлығын және фриттің сапасын айқындау әдістері.

§ 33. ЭМАЛЬДАУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сұйық эмальмен қапталатын бұйымдардың жиектерінен эмаль ағындарын тазалау. Бұйымдарды жұмыс орнына жеткізу. Бұйымдарды кептіруге ауыстыру. Бұйымдарды пештің конвейері немесе кептіргішке орнату. Бұйымдардың таңбалау.

Білуге тиіс: бұйымдардың ассортименті; сұйық эмальмен қапталатын бұйымдарды ауыстыру және орнату ережесі; бұйымдарды таңбалау ережесі.

§ 34. ЭМАЛЬДАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сұйық эмальды бұйымның жиектеріне жағу. Қарапайым пішінді бұйымдарға астар және жабын эмальды батырып алу, үстінен құю және бүріккішпен бүрку әдістерімен жағу. Бұйымдарға қарапайым сәндік қабаттарды жағу. Шойын және болат бұйымдарды жуу, тазалау, сылау және оларға шыланқұрам жағу.

Білуге тиіс: эмальдердің түсі бойынша номенклатурасы; шыланқұраммен қапталатын бұйымдардың бетіне қойылатын техникалық талаптар; шыланқұрамның консистенциясы; анағұрлым кең тараған арнайы құрылғылар мен құралдардың мақсаты және қолданылу шарттары.

Жұмыс үлгілері

Бұйымның жиектеріне эмаль жағу:

1. Бидондар.

2. Табақтар.

3. Құмыралар.

4. Шелектер.

5. Болат кастрюльдер.

6. Кофе қайнатқыштар.

7. Кружкалар.

8. Құмыралар.

9. Шараша.

10. Ас үй жиынтығы.

11. Үй тоңазытқышына арналған ыдыс.

12. Шаралар.

13. Шайнектер.

Астарлық және жабын эмальды жағу:

1. Бирка.

2. Ілмектер.

3. Тұрмыстық ілмектер.

4. Вагондарға арналған орын нөмірлері.

5. Шәйнектердің тұтқалары.

6. Қоқысқа арналған күрекше.

7. Кестелер.

8. Жәшіктер.

§ 35. ЭМАЛЬДАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа пішінді бұйымдарға астар және жабын эмальды батырып алу, үстінен құю және бүріккішпен бүрку әдістерімен жағу. Күйдірілмеген бұйымдарға сәндік эмаль жағу. Шыланқұрамды толтыру және оны жұмыс жағдайына жеткізу. Жабдықты баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау тәсілдері; эмальмен қапталатын бұйымдардың бетіне қойылатын техникалық шарттар; шыланқұрамның құрамына кіретін материалдар; күрделілігі орташа пішінді әртүрлі бұйымдарға арналған шыланқұрам ұнтағының консистенциясы, тығыздығы мен майдалылығы; арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы.

Жұмыс үлгілері

Астарлық және жабын эмальды жағу:

1. Түбектер.

2. Қаз етіне арналған ыдыс.

3. Кеме арматурасы мен құбырлардың қарапайым бөлшектері.

4. Кепсерлер.

5. Кастрюльдер.

6. Кружкалар.

7. Шарашалар.

8. Газ плиталар.

9. Қарапайым пішінді медициналық ыдыс.

10. Жерге қойылатын сифондар.

11. Маршруттық вагондардың кестесі.

13. Сатылар.

14. Кедергі түтіктері.

15. Үйрек етіне арналған ыдыс.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   108




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет