Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Электрлік шпильдер, шпиль жетегінің механизмдері – құрастыру



бет73/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   108

81. Электрлік шпильдер, шпиль жетегінің механизмдері – құрастыру.

82. Шыңдағаннан кейінгі қуыс бұрғы – 120 мм ұзындыққа +/- параллельдік шегінде бағыттайтын сығымдау.

83. Эксцентриктер – компараторда кестесін шешіп, шыңдағаннан кейін түпкілікті слесарлық өңдеу.

84. Домна пештерінің электрпушкалары – бөлшектеу, құрастыру.

§ 91. МЕХАНИКАЛЫҚ ҚҰРАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ СЛЕСАРЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және тәжірибелік, бірегей машиналарды, станоктарды, агрегаттар мен аппараттарды техникалық шарттарға сәйкес құрастыру, реттеу, сынау және тапсыру. Пайдалану диаграммасы мен сипаттамасын шешіп олардың құрастырылуының дұрыстығын тексеру. Кез келген газдар мен сұйықтық қолданылатын жоғары қысымдағы құбыржолдарды монтаждау. Табылған ақауларды жою. Тісті іліністерді, эксцентриктер мен өзге же қиғаш сызықтарды есептеу және оларды тексеру. Геометриялық фигуралардың түзілуі. Жиналатын және сыналатын машинаның паспортын ресімдеуге қатысу.

Білуге тиіс: күрделі машиналардың, станоктардың, агрегаттар мен аппараттардың конструкциясы, жұмыс принципі; статикалық және динамикалық сынау тәсілдері; жасалатын машиналарды, аспаптар мен басқа да жабдықтарды баптау және реттеу тәсілдері; эксцентриктер мен өзге де қиғаш және тісті іліністерді есептеу принципі мен тексеру тәсілдері; күрделі фигураларды есептеу және түзу әдістері; жасалатын машинаға паспорттарды толтыру ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Механикалық орталықтандыру аппараттары, автошлагбаумдардың механизмдері, жол қалағыштардың осьтік редукторлары – құрастыру және реттеу.

2. Бірегей (арнайы тапсырыс бойынша) нөмірленген аппараттар – құрастыру және реттеу.

3. Іштен жанатын қозғалтқыш цилиндрлерінің блоктары – осьтік желісін тексере отырып, поршеньді, мысқал және тарату біліктерін орнату.

4. Іштен жанатын машиналар мен қозғалтқыштардың иінді біліктері – қалау, ортасын дәлдеу және реттей отырып тексеру.

5. Ірі кемелерге арналған түрлі үлгідегі бу машиналардың иінді біліктері – шпонды жырашықты қиыстыру, 0,03 мм-ге дейінгі дәлдікпен мотыльді мойындарды калибрлеу.

6. Рольгангтердің трансмиссиялық біліктері – құрастыру.

7. Газтурбиналық құрылғылар – реттеу.

8. 147 кВт (2000 л.с.)–дан жоғары қуаттағы іштен жанатын қозғалтқыштар – құрастыру, реттеу, баптау.

9. ІІ және ІІІ қысымдық деңгейдегі екіжақты тұтас сыналы ысырмалар – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру.

10. Тәрелкелік серіппелі сильфонды қашықтықтан басқару клапандары – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру.

11. Домалақ емес тісті дөңгелектер – слесарлық өңдеу, төлкемен құрастыру, шыңдағаннан кейін түпкілікті өңдеу, орнату.

12. Бу машиналары параллельді бағаналар және іштен жанатын қозғалтқыштар – орнату, ортасын дәлдеу, тексеру және реттеу.

13. 400 кгс/см қысымда газ беретін компрессорлық автоматты станциялар – сынау стендіне орнату, (жылу, май аппаратурасын, іске қосу, клапандар, датчиктер мен т.б. жүйесі) монтаждау, жүйедегі ақауларды анықтау және оларды жою, барлық сипаттамасын есептеу, тапсырыс берушіге тапсыру.

14. Сегіз қырлы компрессорлар – жасау және құрастыру.

15. Коноидтер – айлабұйымға орнату, компараторда кесте бойынша әдіптің көлемін есептей отырып түпкілікті өңдеу.

16. Рульді сервомотордың кронштейндері – құрастыру.

17. Агрегат станоктардан тұратын автоматты желілер - құрастыру, баптау, сынау, тапсыру.

18. 600 мм-ден жоғары пісірілетін білік диаметрімен ірі кеме біліктерінің желілері –стендіге орнату, тексеру, саңылауларды өрістету, болттарды қиыстыру, құрастыру, тапсыру.

19. Жұмыс, бағыттайтын, соплолық күректер – техникалық шарттар немесе сызбалар бойынша өтпелерін сақтай отырып, бекітетін жерлерін тығыздықпен қиыстыру.

20. 20 МН асатын күштегі көлденең соғатын машиналар – жалпы құрастыру.

21. Бу машиналары – түпкілікті құрастыру, сынау және тапсыру.

22. Рульді гидравликалық машиналар мен ауыспалы өнімділік сорғылары – құрастыру, монтаждау, сынау, тапсыру.

23. Бас кемелік механизмдер – пайдалануға тапсыру.

24. Ажырату муфталары – жанамалы бөлшектерді есептеу және реттеу.

25. Турбиналардың біріктіретін муфталары (ТВД, ТСД; ТНД) – іліністерін қиыстыру.

26. Турбина ернеушелері, бу қалқандар, диафрагмалар – турбина корпусына қиыстыру.

27. Бағдарламалық басқарылатын электровакуумды жабдықтар (құрылғылар) – құрастыру, реттеу, сынау.

28. Автоматты, сильфонды, қорғағыш кеме арматураларының тәжірибелік және экспериментальды басты үлгілері – тәжірибелік құрастыру, комиссияның қатысуымен сынау, конструкцияларды түпкілікті кейпіне жеткізу.

29. Диаметрі 200 мм-ден асатын төсемсіз жалғамалы кеме арматурасының тығыздағыш корпустары мен қақпақтарының беті – тығыздағыш бетін ысқылау және жетілдіру.

30. Бансирлі қосарланған жүйелі тірек кеме мойынтіректері – түпкілікті құрастыру, сынау, тапсыру.

31. 100 МН жоғары гидравликалық сығымдағыштар – құрастыру.

32. Дифференциальды іліністермен, тісті іліністерін есептейтін күрделі аспаптар – құрастыру, механикалық және электрлік реттеу, сынау және тапсыру.

33. Екі дәрежеден асатын планетарлы және глобоидті редукторлар – құрастыру.

34. Металл өңдеу прецизионды станоктар – құрастыру, дәлдігін түпкілікті тексеру, сынау және тапсыру.

35. Гидрокопирлейтін құрылғылы бірегей металл өңдейтін станоктар – құрастыру, реттеу, сынау және тапсыру.

36. Температуралы реттегіштердің есептегіштері, пісіру құрылғыларының үстелдері, пісіру құрылғыларының қалпақтары, вакуумды датчиктер, координатографтардың үстелдері, қатты тәсім өндірісіне арналған құрылғылардың тораптары – құрастыру және баптау.

37. Мартен цехтардың құятын және төгетін крандарының бас көтергіш траверстері – құрастыру.

38. Жанасатын ауа құбыржолдары, эллиптикалық келте құбырлар, жанасатын жетектер – бақылау және ірілендіріп құрастыру.

39. Бу турбиналары – білікке дискілерді отырғызу, роторларды (статикалық, динамикалық) орнату және теңдеу, түпкілікті құрастыру, сынау, тапсыру.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   108




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет