Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет81/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   108

Білуге тиіс: жол құрылыс машиналарын, тракторларды, прицепті механизмдердің құрылысы, негізгі тораптар мен бөлшектердің қызметі мен өзара іс-қимылы; машиналар мен прицепті механизмдерді бөлшектеу, жөндеу және құрастырудың технологиялық кезектілігі; машина және жекелеген агрегаттардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау әдістері және жою тәсілдері; машина тораптарын майлауда қолданылатын майдың сұрыптары; әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; шектеулер мен отырғызу жүйесін; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; сымдарды ұзарту, дәнекерлеу және оқшаулау электротехникалық материалдары мен ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Автогрейдерлер, автомобиль крандары мен пневмодөңгелекті өзі жүретін крандар – тораптар мен бөлшектерге бөлшектеу.

2. Желдеткіштер, су және май қозғалтқыш сорғылары – жөндеу және құрастыру.

3. Қозғалтқыштар, жіберуді ауыстыру қораптары, артқы мостылар – жөндеуге бөлшектеу және дайындау.

4. Жандыру құлыптары – жөндеу, құрастыру, реттеу.

5. Клапандар – ысқылау.

6. Жетекші және алдыңғы дөңгелектер, шынжыр табандар мен тізбектер, ұстап тұратын және тірек роликтер, рульдік жетектер, тежегіш колодкалары мен таспалары – жөндеу және құрастыру.

7. Шығырлар, артқы мостылар, жіберу борттары, көтеру және құлату механизмдері, үйіндіні шығару рейкасы, теңгермелер, тежегіштер – жөндеу, құрастыру және орнату.

8. Құбыржолдар – ақаулықтарды жөндеу және жою.

9. Рульдік басқару – ауыстыру, орнату.

§ 108. ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫ МЕН ТРАКТОРЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жол құрылыс машиналары мен тракторлардың күрделі агрегаттары мен тораптарын жөндеу, құрастыру, стенділік сынау және реттеу. Машиналар мен тракторлардың агрегаттары мен тораптарын жөндеу, құрастыру және сынау процесіндегі ақауларды анықтау және жою. Әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып 7-10 квалитеттер бойынша тораптар мен бөлшектерді слесарлық өңдеу. Күрделі жол құрылыс машиналарын, шынжыр табанды тракторларды, электр жабдық агрегаттары мен аспаптарды жалпы құрастыру. Көтергіш көлік механизмдері мен арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып күрделі монтаждау жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: жөнделетін жол құрылыс машиналары мен тракторлардың конструкциялық құрылымы; түрлі үлгідегі және міндеттегі іштен жанатын қозғалтқыш құрылысы; машиналардың жекелеген агрегаттары мен тораптарын реттеу әдістері, машиналардың жекелеген агрегаттары мен тораптарын реттеу әдістері, жол құрылыс машиналары мен тракторлардың агрегаттарын сынау әдістемесі мен режимдері, тораптар мен агрегаттарды жөндеу, құрастыру және сынау процесіндегі ақаулықтарды жою тәсілдері, жол құрылыс машиналары мен тракторларының электр аспаптары мен электр жабдықтары; шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, қызметі және пайдалану ережесі; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың конструкциясы.

Жұмыс үлгілері

1. Автогрейдерлер мен автокрандар - мультипликаторлардың ілінісу, механизм рульдерін, көтеру және бағыт тілін бұру механизмдерінің муфталарын жөндеу және құрастыру.

2. Бульдозерлер, грейдерлер, (өзі жүретін) скреперлер-көтергіш механизмдерінің сынау және олардың жұмысындағы ақауларды жою.

3. Шатун төлкелері – поршенді саусақтар бойынша қиысытру.

4. Жол құрылыс машиналарының гидросымдары – жөндеу, құрастыру, стендіде сынау.

5. Қуаттылығы 73 кВт (100 л.с.)-қа дейінгі іштен жанатын қозғалтқыштар – тораптар мен механизмдерді жөндеу, толық құрастыру, реттеу, газ бөлу, шатунды-поршенді топтың және қозғалтқыштың басқа да тораптарының ақауларын жою.

6. Клапандар – саңылауларды реттеу.

7. Поршенді сақиналар – поршеньді қиыстыру.

8. Тракторлардың жіберу қораптары – стендіде сынау.

9. Газ бөлу механизмдері – құрастыру.

10. Тракторды планетарлық бұру механизмдері – құрастыру және реттеу.

11. Түбірлі және шатунды мойынтіректер – қырып тегістеу.

12. Рульдік басқару, редукторлар, артқы мосты, жіберу қораптары, фрикциондар – жөндеу, құрастыру және реттеу.

13. Сыйымдылығы 15 куб. м-ге дейінгі шөміші бар экскаваторлар – экскаватор механизмдерін басқарудың пневматикалық және гидравликалық жетегін реттеу, басты шығырды сынау, арынды барабанды ауыстыру, шөміштің түбін ашуды реттеу.

§ 109. ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫ МЕН ТРАКТОРЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жол құрылыс машиналары мен қуатты тракторлардың күрделі агрегаттары мен тораптарын стенділер мен шассилерде жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. Жол құрылыс машиналары мен тракторларының күрделі тораптары мен механизмдерінің жұмысында іштен жанатын қозғалтқыштың жұмысындағы ақаулықтарды естіп айқындау және жою. Арнайы аппаратура және аспаптарды пайдалана отырып электр жабдықтарын тексеру және сынау. 6-7 квалитеттер бойынша бөлшектерді күрделі слесарлық өңдеу.

Білуге тиіс: жөнделетін қуатты тракторлар мен күрделі жол құрылыс машиналарының конструкциялық құрылымы, күрделі агрегаттар мен электр жабдықтарын жөндеудің, құрастыру, сынау және реттеудің техникалық шарттары, күрделі электрлік және монтаждау тәсімдері, жанама бөлшектердің тозу себептері; оларды анықтау және жою тәсілдері; сынау стенділерінің құрылысы.

Жұмыс үлгілері

1. Маховикті иінді біліктер – теңгеру.

2. Қуаттылығы 73.6 кВт (100 л.с.) –тен жоғары іштен жанатын қозғалтыштар - күрделі жөндеу, толық құрастыру, реттеу және сынау.

3. Пневмодөңгелекті жүретін автомобиль және өзі жүретін крандары – күрделі жөндеуден кейін сынауға дайындау және сынау.

4. Шөмішінің сыйымдылығы 15 куб-тан жоғары экскаваторлар – экскаватор механизмдерінің пневматикалық және гидравликалық басқару жетегін реттеу, басты шығырды реттеу, шөміштің түбін ашуды реттеу.

§ 110. ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫ МЕН ТРАКТОРЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   108




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет