Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет89/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   108

Жұмыс үлгілері

1. Кюветті шығатын бөлшектердің қанаттары, параллелограмм тіректері, жол жоңғаларының шығырлары, электр балластерлердің фермер аралық шарнирлерінің көтергіш рамалары, көтергіш және басты шығырлар, бұру және ағын механизмдері, қар жинайтын машиналардың редукторлары – шешу, жинақтау, орнату.

2. Қар жинайтын жартылай вагон пневматикалық краптарының цилиндрлері, тас кесектерді тазалау машиналарының рамалары, каркас жақтаулары, рессорлық кронштейн тораптары, қар жинайтын жартылай вагондардың редукторлары – жинақтау және құрастыру.

§ 130. ЖОЛ МАШИНАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Слесарлық монтаждау жұмыстарын орындау. Жол машиналары механизмдерін сынау және баптау. Орташа күрделіктегі жол машиналары мен механизмдерді жөндеу, құрастыру, стенділік сынау және жұмысын реттеу. әмбебап айлабұйымдарды және арнайы аспапты пайдалана отырып 7-10 квалитеттер бойынша слесарлық жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: жол машиналары мен механизмдердің құрылымдық ерекшеліктері, орташа және күрделі жөндеу өндірісінің ережесі және техникалық шарттары, 7-10 квалитеттер бойынша өңдеуді қамтамасыз ететін слесарлық жұмыстарды жолдары, жекелеген агрегаттар мен машина тораптарын реттеу әдістері, тораптар мен агрегаттарды құрастыру және сынау кезінде табылған ақауларды жою тәсілдері, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың конструкциясы, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі, шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері

1. Электр балластерлік машиналардың көтергіш рама механизмдері – реттеу.

2. Кесек тас тазалау машиналарының редукторлары мен жетектері, жол қалайтын крандар мен рельс қалағыштар – жинақтау, құрастыру.

3. Газ тарау тораптары, механизмдері, шатунды поршенді топтар, іштен жанатын қозғалтқыш тораптары – ақауларын жоя отырып жөндеу, құрастыру, реттеу.

§ 131. ЖОЛ МАШИНАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі жол машиналар мен механизмдерді жөндеу, реттеу және сынау. 6-7 квалитеттер бойынша слесарлық жұмыстарды орындау. Іштен жанатын қозғалтқыштың жұмысындағы ақаулықтарды естіп айқындау және оларды жою, сондай-ақ күрделі жол машиналары мен механизмдердегі ақауларды жою.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі күрделі жол машиналарының, механизмдер мен жылжымалы құрылғыларының конструкциясы және техникалық сипаттамалары; 6-7 квалитеттер бойынша өңдеудің тазалығын қамтамасыз ететін слесарлық жұмыстарының жолдары, күрделі жол машиналары мен механизмдерін жөндеудің, құрастырудың, сынау мен реттеудің техникалық шарттары; жанамалы бөлшектердің тозу себептері мен оларды анықтау және жою тәсілдері; сынау стенділердің құрылысы.

Жұмыс үлгілері

Электр балластерлік, кесек тас тазартатын, жоспарлы-тығыздағыш, сорғытатын, звено құрастырғыш, звено бөлшектегіш, тегістегіш, қар жинайтын машиналардың, жол қалағыш және рельсқалағыштардың тораптары мен механизмдері – жөндеу, сынау, реттеу.

§ 132. ЖОЛ МАШИНАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі: шпал қағатын, түзетіп қағатын жол машиналарын және ВПО-3000 машиналарын жөндеу, реттеу және сынау жөніндегі жұмыстарды орындау. Дизельдің жылу аппаратурасын жөндеу және реттеу. Машиналардың жұмыс тораптары мен механизмдерін жартылай автоматты басқаратын күрделі жол машиналарының ақауларын анықтау және жою, реттеу.

Білуге тиіс: ауыр үлгідегі күрделі жол машиналарының құрылғысы, жөндеу және реттеу ережесі; слесарлық жұмыстардың жолдары; орындалатын жұмыс шегінде қолданбалы механика, металл технологиясының негіздері; металлды өңдеу тәсілдері; жөнделген жол машиналары мен механизмдерінің дәлдігін тексеру әдістері, күрделі жол машиналары мен механизмдерін жөндеу, сынау және тапсырудың техникалық шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Іштен жанатын жылу қозғалтқыш аппаратурасы – жөндеу, реттеу.

2. Күрделі: шпал қағатын, түзетіп қағатын жол машиналары және ВПО-3000 машиналары - жөндеу, реттеу және сынау.

§ 133. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАШИНАЛАРЫ МЕН ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларының жай тораптарын бөлшектеу. Бөлшектердің ішкі және сыртқы беттерін егеулеу, бүршіктерін тазалау. Металды қолмен кесу. Шыбық, жаймадан жасалған дайындамаларды және құбырларды қайшыларымен, қол араларымен кесу. Дәнекерлеу бұйымдары мен тораптарын дайындау және дәнекерлегеннен кейін тазарту. Машина бөлшектерін шаю, тазарту және майлау. Машинаны жуу және майды төгу. Машиналар мен тракторларды кірден тазарту. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен жай машиналарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларының жай тораптарын бөлшектеу жөніндегі жұмыстарды орындаудың негізгі жолдары; жай слесарлық және бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі, бекіту бөлшектері, металдың, майлардың, жуатын құрамның, жылудың, майламалардың атаулары мен таңбалануы.

Жұмыс үлгілері

1. Дискілік аршығыштардың батареялары – бөлшектеу.

2. Болттар, гайкалар, шпилькалар – бүршіктерін егеулеу, дайындамаларды қол арамен кесу, кескішпен кесу, бұрандасын кіргізу.

3. Тісті және дискілі борондар – бөлшектеу.

4. Тірек дөңгелектер, соқалардың дискілі пышақтары – бөлшектеу.

5. Культиватор табандары – ауыстыру.

6. Тісті дөңгелектер, біліктер және басқа да бөлшектер – механикалық өңдегеннен кейін бүршіктерден тазарту.

7. Тұқым тукты сепкіштердің жәшіктері – бөлшектеу.

§ 134. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАШИНАЛАРЫ МЕН ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ауыл шаруашылығы машиналарын, комбайндар мен тракторларды бөлшектеу, оларды жөндеуге дайындау. Жекелеген бөлшектерін және бөліктерін ауыстыра отырып ауыл шаруашылығы машиналарының, комбайндар мен тракторлардың жай құрамалары мен тораптарын жөндеу, құрастыру. Жарықтандыру арматурасын шешу және орнату. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу және қиыстыру. Пневматикалық және электрлік аспаптарды пайдалана отырып және бұрғылау станоктарында жұмыс орындау. Қол белгілегіштері және плашкалармен бұранданы кесу. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен орташа күрделіктегі машиналарды жөндеуге қатысу.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   108




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет