Жобада қойылған мақсат міндеттер орындалып, соңындағы нәтижелерге талдау жасалынды. Жоба толыққанды жүзеге асырылған



Дата30.01.2023
өлшемі3,6 Kb.
#166811
түріДиплом
Байланысты:
Пікір


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Физика,математика және цифрлық технологиялар институты Информатика және қолданбалы математика кафедрасының күндізгі оқу бөлімінің 5В011100-Информатика мамандығының 4-курс студенттері Әбдіғали Ақсауле Бақытқалиқызы,Жалғасбай Айдана Сембайқызы Өмірзақ Мақпал Нұржанқызының Бастауыш сыныпта цифрлық сауаттылық пәнінің «Есептей білу» бөлімін оқыту әдістемесі атты дипломдық жобасына

ПІКІР
Студенттер Өмірзақ М.Н, Жалғасбай А.С, Әбдіғали А.Б бастауыш сыныпта цифрлық сауаттылық пәнінің «Есептей білу» бөлімін оқыту әдістемесі негізінде нақты берілген мақсатқа жету үшін жалпы сипаттағы мәселелерді қарастырған. Дипломдық жобалары екі бөлімнен тұрады,біріншісі теориялық бөліммен түсіндірілген,екінші бөлімде Бастауыш сыныпта цифрлық сауаттылық пәнінің «Есептей білу» бөлімін оқыту әдістеместемелік әзірлемелері.
Студенттер бірінші бөлім бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде Цифрлық сауаттылық пәнінің бастауыш сыныпта оқытудың теориялық негіздері сонымен қатар «Есептей білу» бөлімін оқытудың мақсатын және де Бастауыш сыныпта цифрлық сауаттылық пәнінің «Есептей білу» бөлімін оқыту, оны ұйымдастырудағы заманауи әдіс - тәсілдеріне толығымен тоқталып қарастырған. Ал, екінші бөлім бойынша Бастауыш сыныпта цифрлық сауаттылық пәнінің «Есептей білу» бөліміне арналған Scrath программалау ортасында жұмыс істеу, 4 деңгейлі ойын программасы сонымен қатар бастауыш сыныптың жас айырмашылығына сай «Есептей білу» бөлімін оқытуға арналған тапсырмалар жәнеде үлгілік оқу бағдарламасына сай әр сыныпқа сабақ жоспарлары дайындалды.
Жобада қойылған мақсат міндеттер орындалып, соңындағы нәтижелерге талдау жасалынды. Жоба толыққанды жүзеге асырылған.
Студенттер Өмірзақ М.Н, Жалғасбай А.С, Әбдіғали А.Б дипломдық жобасы аяқталған, жоғары оқу орындарының талаптарына сай жасалынған және оған қойылған талаптарға толығымен жеткен деп есептей отырып қорғауға жіберемін.

Ғылыми жетекшісі
Информатика магистрі, аға оқытушы Г.П.Мажибаева

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет