Жобалау 80- педагогикалық жобалаудың субъектілерді дамытушылық ролі қалай айқындалған



Дата01.06.2022
өлшемі14 Kb.
#145671
Байланысты:
Жобалау 80-81


Жобалау
80- Педагогикалық жобалаудың субъектілерді дамытушылық ролі қалай айқындалған
Жобалауды дайындау және құрастыру кәсіби мәдениеттерде пайда болған таңбалар түрлері–теориялар, модельдер, түсініктер, ұғымдар, формулалар мен алгоритмдер негізінде жасалады. Бұлардың барлығын ұйымдастырудың ең жаңа және тиімді құрылымы барлық бұқаралық қарым–қатынас саласында, басқару мен экономика саласында, ақпараттық қызмет кӛрсету мен білім беру салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан – технологиялар сипатында болады. Жеке–даралық жағдайда бірде–бір ғылым саласы, теория мен тәжірибе немесе бір мамандықтың ғана шеңберінде барлық технологиялық цикл қамтамасыз етілуі мүмкін емес, сонымен қатар, олардың әрқайсысының ӛміршеңдігі ӛз қызметінде сыртқы әрекеттерді қабылдай алушылық қабілеттілігіне тығыз байланысты. Осыдан келіп, қазіргі заманға тән технологиялық мәдениеттен алатын орнын анықтау субъектінің жобалауды немесе бағдарламалауды құрастыру мен жүзеге асырудағы рӛлін белгілеуі болып есептеледі. Субъектінің ӛз мүмкіндіктерін анықтау немесе жүзеге асыру үшін мәдени-техникалық деп шартты түрде аталатын циклдың тӛмендегі позицияларының бірін ӛзіне алуға қабілетті болуы тиіс. Олар осы циклды құрайтын мәдени түрлердің қорын сақтаушы, таратушы, жүйелеуші, құрушы және ұйымдастырушы рӛльдерінің бірін атқарады. Ол қызметтер сипаты тӛмендегідей:
мәдени қорын сақтаушы
– мәдени үрдісті, дәстүрлі қалыпты ұстану, инновацияны қабылдамау;
− таратушы– сан түрлі жаңалықтардың бір ғана бағытын ұстану және оның мәдени және әлеуметтік маңызын кӛтере отырып, таратылуына белсенді ықпал ету;
− жүйелеуші–таратушының қызметіне қарама– қарсылық мақсатында мәдени жаңалықтарды жүйелеу, түрлерге бӛлу, теориялар құрастыру;
− құрушы– бұл кейде ӛзінің сипатына сай жаңалықтар тудырушы деп аталады;
− ұйымдастырушы– жоғарыда аталған барлық позициядағы субъектілер қызметін келістіру, үйлестіру және ұйымдастыру қызметі.



81-Жобалаудың негізгі қарастырылатын контекстері мен оларды синтездеу үлгілерін сипаттаңыз

Даму барысында жобалау басқару қызметі контекстіне де, тәжірибелік-бағдарлы ғылым контекстіне және инновациялардың мәдени түрі ретіндегі контексте қарастырылады. Осы аталған үш контекст ӛз сипаттамаларына сай ортақ негізге ие бола тұра, теорияда да, тәжірибеде де бір-бірінен бӛлек талданып келеді. Қазіргі замандағы қоғам мен әлеуметтік құрылымдар реформаларының, соның ішінде білім беруді жаңартуға қатысты ӛзгерістердің қарқынды жүргізілуіне байланысты берілген контекстерін синтездеу арқылы жобалауды негіздеуге болатыны айқындалады. Бұл жобалау қызметін басқарудағы инновациялардың мәдени түрі ретінде де, тәжірибелік-бағдарлы ғылым ретінде даму жолдарын айқындаудағы негізгі әдістер мен технологиялар ретінде де, басқарудың негізгі процедурасы ретінде де қарастыруға мүмкіндік береді. Аталған синтезді жүйелі ой-әрекеттері теориясының әрекетті ӛзгерту және мәдениет тудыру схемасына сүйене отырып кӛрсетуге болады. Осы схема бойынша ӛзгерістердің түрлі әлеуметтік-мәдени ситуацияларда пайда болатын қайшылықтарын жаңа инновациялық қызмет ендіру арқылы реттеуге болатыны дәлелденген, бұл инновациялық қызмет жобалау болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет