Жобалау әрекетіндегі топтық қарым қатынастың ерекшелігі


Жобалау әрекетіндегі топтық қарым – қатынастың ерекшелігі: Топтық жұмыс, бұл



бет4/4
Дата15.06.2020
өлшемі21,92 Kb.
#73461
1   2   3   4
Байланысты:
e6691bdb-bf1f-4013-b7f1-1a3c64777488

Жобалау әрекетіндегі топтық қарым – қатынастың ерекшелігі: Топтық жұмыс, бұл:

  • Генерация

  • Шаттық

  • Тапсырмалар

  • Ізденіс

  • Қарама-қайшылықтар

  • Тәжірибе

  • Шабыт

  • Анықтылық

  • Белсенділік

  • Нәтиже

  • Аралық даму

  • Қарым-қатынас

  • Шығармашылық

  • Анализ

Топтық жұмыс не береді?

  • Бірлескен әрекет

  • Сұрақ қоя білу

  • Мәселелерді шешу

  • Келісім жасай білу

  • Рольдер мен жауапкершіліктерді жүктеу

  • Өзгелерді тыңдау

  • Өзгелерді өзіңе сендіру

  • Өзің үшін жауап беру

Топтық жұмыстың түрлері:

  • Жұптардағы жұмыс

  • «Миға шабуыл»

  • «Жалғастыр» ойыны

  • «Қазына іздеу»

  • «Дельфи» әдісі

  • Мозаикалық топтар

  • «Зигзаг» әдісі (Ара әдісі) т.б.

«Миға шабуыл» әдісі - идеяларды басқару үшін қолданылады, қатал регламент, жүргізуші, хатшы, хронометрист рольдері белгіленеді. Яғни топ ішінде шешім қабылданған соң, баяндама немесе хабарлама жасалады.

«Жалғастыр» ойыны- топ ішінде «тізбек» әдісін қолдану арқылы жасалады. Яғни бірінші оқушыдан бастап соңғы оқушыға дейін барлығы бір тақырып шеңберінде ойларын айтады. Мысалы, шығарма немесе қандай да бір оқиғаны баяндау кезінде қолдану тиімді.

«Бір әріп шығармасы» ойыны -  әңгімені бір әріптен басталатындай етіп құрастырып шығу.

«Қазына іздеу» - оқытушы сұрақтар құрастырады. Сұрақтар білім мен танымды қажет етеді. Топтар интернет көздері мен кітап мәліметтерін қолданады.

Мозаикалық топтар - мұғалім материалды бірнеше бөліктерге бөледі. Әр топ өз тақырыбында жұмыс жүргізеді. Топтарға қажетті мәліметтер беріледі.

Әр топ өзге топтарға өзінің тақырыптары мен игерілген білімдерімен бөліседі. Жұмыс соңында резюме жасалынады.



«Зигзаг» әдісі (Ара әдісі) - топ 6 адамнан құралады, сұрақтар белгілі бір фрагменттерге бөлінеді, әр оқушы немесе топ сол сұрақты қарастырады, жалпылама түрде белгіленген келесі топтың сұрағымен танысады.

«Эксперттер кездесуі» әдісі де осы негізде құралады, яғни бір оқушыдан шығып өз сұрақтарын талқылайды, алған жауаптарды топ ішінде қарастырады.

Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:

  • Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

  • Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

  • Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.

  • Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік туады.

  • Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.

  • Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

  • Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген сенімін қалыптастырады.

Бекіту сұрақтары:

1. Жобалау технологиясы дегеніміз не?

2. Жобалаудың жалпы құрылымы қандай?

3. Жобалау әдісіне қойылатын талаптарды ата

4. Жобалау әдісінің алгоритмдері

5. Жоба түрлерін атаңдар

6. Топтық жұмыс, бұл....

7. Топтық жұмыс не береді?

8. Топтық жұмыстың түрлерін атаңдар

9. Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері қандай?


Үй тапсырмасы:

Тапсырма № 1. Берілген сұрақтарға жауап беру



Тапсырма № 2. Қоғамдағы өзекті тақырыпты таңдап, бір әдіспен топтық жұмыс ұйымдастырыңдар.

Үлгі:

Тақырыбы: Қиын бала кім және оны тәрбиелеу жолдары

"Еркін микрофон" әдісі

1 студент: қиын бала деп кімді айтамыз?

2 студент: қиын баламен жұмыс жүргізу жолдары

3 студент:қиын баланың ата-анасымен жқмыс түрлері

4 студент: қиын баламен тренинг түрлері

5 студент: қиын балаларды тәрбиелеу әдістері

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет