Жобалаудың теориялық негіздері



бет2/4
Дата03.10.2023
өлшемі46,68 Kb.
#183513
1   2   3   4
Байланысты:
Жобалаудың теориялық негіздері АИДА
Документ (7), Презентация (59), Презентация (59), Презентация (59), Презентация (59), Семинар 4 СПНП виды отриц, Құлагер поэмасы, ЛОГИКА, Крит.бағалау, ШТ-20-1, 4 лекция, Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері, Кабылдау, 2bet (1), СИЛЛАБУС Фармакогнозия русс, Фитотерапия описание, Инклюзивті-білім-беруді-нормативтік-құқықтық-және-әдістемелік-қамтамасыз-ету.pdf 111
Осылайша, тәжірибенің өзгермелілігі бүгінгі қоғамның атрибутына айналып, оны басқару мен ұйымдастырудың өзгермелі жағдайларына сай жобалау қызметі қалыптаса бастады.
Жобалау ұғымын зерделеу үшін әлеуметтік жүйелердегі жобалау феноменіне терең назар аудару қажет. Феномен (гр.phainomenon) – таным мен тәжірибедегі ерекше құбылыс туралы философиялық ұғым. Әлеуметтік жүйелерде жобалау қызметінің кеңінен тарай басталғанына қарамастан, оның алатын орны ғылыми түрде бүгінгі күнге дейін жеткілікті дәрежеде негізделмеген деуге болады. Сонымен қатар, жобалау қызметіне қызығушылықтың өсуі оның баршаға түсініктілігінен немесе жеткілікті зерттелгендігінен емес, оның көпфункционалдық және көпқырлылық сипатынан дей аламыз.
Жобалау феноменіне қатысты дәстүрлі ғылыми көзқарас, қазіргі заманның қайта жаңғыртуларды батыл да жедел жүргізу талаптарына сәйкес жүргізіліп жатқан тәжірибеге тікелей ықпал ете алмады, сондықтан жобалау әрекеті таза ғылымилық емес, тәжірибелік-бағдарлы ғылым контекстіне енгізілді. Осылайша, жобалау ғылымилықтың жаңа түрінің негізгі әдісі ретінде ұсынылды, оны кейбір авторлар тәжірибелік - бағдарлы ғылым деп атаса, әдіснамалық бағдарды ұстанушылар бағдарламалық - жобалық ұғымын ендіру арқылы түсіндіреді.
Тәжірибелік–бағдарлы ғылым ұғымын білдіретін термин ретінде М.А.Данилов бағдарламалық–жобалық тұрғыны енгізіп, оның қарастыратын пәнін белгіленетін, сипатталатын, қайта жаңғыртылатын практикалық әрекеттер жүйесі деп, мақсатын-белгілі бір жүйені және оның мазмұнын дамыту деп көрсеткен болатын. Бұл жерде әлеуметтік–мәдени құбылыстарды зерттеуде классикалық түрлермен қатар қолданылатын ғылымилықтың жаңа тұрпаты қалыптасып келе жатқаны туралы айтуға болады. Дәстүрлі сипаттағы тарихилық, дамытушылық және тәжірибедегі жаңартушылық принциптерімен бірге жобалау принципі білім берудегі кешенді проблемаларды ғылыми тұрғыдан талдаудың басты әдіснамалық міндеттерінің бірі болып қалыптасып келеді.
Тәжірибелік–бағдарлы педагогикалық ғылым ендігі жерде жекелеген психологиялық–педагогикалық феномендердің өзін зерттеумен қанағаттанбауы сөзсіз, бұл зерттеулер енді кешенді түрде жүргізілуге тиіс. Осының өзі
жобалау қызметінде көптеген нақты зерттеулер мен білім беру саласындағы жобалауды, адамның өмір бойы алатын үздіксіз білімнің бағдарламалары мен технологияларын, бағалаудың эксперттік жүйесі мен оның тиімділігін бағалау құралдарын қамтитын бірнеше күрделі объектілердің синтезделуін талап етеді.
Ғылымилықтың дәстүрлі түрімен салыстырғандағы жаңа түрінің айырмашылығы–жобалауды ұйымдастыру мен одан әрі қарай жүзеге асыру барысындағы ғалымдар мен практиктердің нақты білім беру алаңында жүргізетін бірлескен әрекетінде, сонымен қатар, осы қызметті қолға алуды бастаушыларпрактик адамдар екенінде болып отыр. Тәжірибелік-бағдарлы ғылымның тағы бір ерекшелігі – көппәнділігінде (полидисциплинарность), ол білімдік және пәндік салалардың бірнеше түрлерінің өкілдерін бірлесе отырып, білім беру тәжірибесін интегративтік сипатта дамытуға қатысуын қажет етеді. Білім берудегі ғылымилықтың жаңа көппәнділік тұрпатын негізге ала отырып, зерттеушілер жобалаудың екі түрін атап көрсетеді. Олар: психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-
педагогикалық.
Біріншісі, психологиялық–педагогикалық түрі–білім беру үрдісін жобалауға тән, яғни оқыту–әрекеттің тәсілдерін меңгеру, қалыптастыру–әрекеттің жасалған түрін меңгеру, тәрбиелеу–есею мен әлеуметтену. Екіншісі, әлеуметтік- педагогикалық түрінің объектілері ретінде білім беру институттары мен білім берудің түрлі орталары алынып, олардың әрқайсысында атқаратын қызметтеріне сәйкес үрдістер жүргізіліп отырады.
Егер таным бұған дейін өмір сүріп келген, зерттеушінің пікіріне тәуелсіз белгілі бір объект туралы шынайы білім алуға бағытталған болса, жобалау дүниеге бұдан бұрын болмаған жаңа объект әкеледі. Осы мағынада олардың айырмашылығы шығармашылық пен оның айнадағы бейнесіне ұқсас болады.
Өткен ғасырдың екінші жартысында көптеген зерттеушілер «жобалау» ұғымын кеңінен қолдана отырып, оның болашақты көздейтін мәніне көңіл аударғанымен, жобалау қызметінің өзіндік мәні мен құрылымдық
компоненттерін терең қарастырмайды. Солай бола тұра, сол кездерден бастап жобалық сана, жобалық тұрғыдан ойлау, жобалау онтологиясы, жобалау тұрғысы, жобалау технологиясы, жобалау әдістері, т.б. осы сияқты көптеген жаңа ұғымдардың енгізілуі арқылы адам танымында жаңа бір саланың жүйесі пайда болып келеді.
Жобалау феномені туралы қалыптасқан теория мен тәжірибелерді қарастыру барысында, оның төмендегі іргелі зерттеулер мен идеяларға негізделгені анықталды. Олар:
жобалау қызметін бүгінгі таңда өзекті болып отырған ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалық-технологиялық жаңа түрі тұрғысынан қарастыру идеясы;
жобалауды ой - әрекет жүйесі әдіснамасы негізінде қалыптасатын басқару қызметі ретінде жүзеге асыру идеясы; әлеуметтік салаларды дамыту мақсатына сай жобалауды ресурстарды тиімді ұйымдастыру қызметі ретінде
пайдалану идеясы, т.б.;
Аталған идеялардың әрқайсысын бөлек қарастырайық. Индустриалдықтан кейінгі деп аталатын әлеуметтік қоғамның күшті ықпалымен ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалық-технологиялық жаңа түрі пайда болуда. Оның негізінде ғылым мен өнер, адам психологиясы мен оның әлеуметтік ортамен, қоғаммен қарым -қатынасын жобалау тұрғысында қарастырылуы белең алып келеді. Сөйтіп, жобалау қазіргі заманға тән ойлаудың стильдік қасиетіне, бүгінгі күн мәдениетінде адамның шығармашылық әрекеттерінің барлық қырларын қамтитын басты типтік белгісіне айналып келеді.
Бүгінде әлеуметтік-қоғамдық ғылымдар саласында жобалау кеңінен зерттеле бастады. Ол негізінен жобалау қызметінің әлеуметтік контекстінде қаралып, әлеуметтік болжау мен жоспарлауға қарама–қарсы қойылуынан байқалады. Бұл жерде бір топқа әлеуметтік жобалауды болашақта жетуді көздейтін идеалдық түрдегі алдын ала жасалатын рескрептивтік модель деп есептейтіндер алынса, келесі топ өкілдері әлеуметтік жобалау–әлеуметтік объектінің болашақта қажет болатын бейнесі деп санайды. Үшінші топ өкілдері жоғарыда келтірген түсініктерді жинақтай отырып, әлеуметтік жобалау әлеуметтік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет