Жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Философия " жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны



Дата07.10.2019
өлшемі54,3 Kb.
#49322
түріСеминар
Байланысты:
Еки

Жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Философия " жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны




Пәннің мазмұны

Семинар (практикалық) сабақтар тақырыптары

Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының тақырыптары

Сағаттар саны

Философияның пайда болуы және дамуы

1-2 апта: Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі

1

Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия. Философия – даналыққа құштарлық. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты. Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты.
Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.
Философияның негізгі бөлімдері – онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияның қысқаша сипаттамалары. Философия және фәлсафа. Фәлсафа дәстүріндегі ғылым мен дін мәселелерін шешу жолдары.
Философияның анықтамалары, түрлері мен бағыттарының санқырлылығы және философиялық пайымдау тәсілдерінің әртүрлілігі. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Қазіргі Қазақстанның үшінші модернизациясындағы философияның орны.

1.Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері.

1."Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі" тақырыбы бойынша сараптау жұмысын (эссе, реферат, баяндама) дайындау.

10

Дүниені философиялық түсінудің негіздері

3 апта: Сана, рух және тіл

2

Жан, ақыл, парасат, рух. Антикалық философиясындағы рух пен парасаттың космологизмі. Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн-Сина рух туралы. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі. Сананың гносеологиялық моделдері. Жаңа заман философиясындағы тума идеялар концепциясы және cogito статусы. Неміс классикалық философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері. Шәкәрімнің үш анығы. Шәкәрім рух туралы. Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты. Тәндік және руханилық.
Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері. Сана феномендері. Сананың қалыптасуын анықтайтын факторлар. Антропосоциогенез. Сананың шығу тегі мен мәні: негізгі концепциялар. Шығыс философиясындағы сана мәселесі. Сана құрылымы. Бейсаналық, сана, санадан жоғары. Сананың сезімдік-перцептілік, эмоциялық, құндылықтық-мотивациялық, жігерлік, логикалық компоненттері. Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары (З.Фрейд, К.-Г.Юнг). Постмодернистік философиясындағы сана мәтін ретінде (Ж.Деррида, Ж.Делез). Сана және өзіндік сана. Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді түсіну, өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттілік. Сана және ұлттық өзіндік сана-сезім. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық өзіндік сана-сезім. Рухани жаңғыру – ұлттық сананың әртүрлі полюстерінің ымыраға келуі.
Ойлау және тіл. М.Қашғаридің тіл философиясы. ХХ ғ. философиясының "лингвистикалық бұрылысы": сана философиясы тіл философиясы ретінде (аналитикалық және структуралистік интерпретациялары). Тіл және ұлт. Латын графикасына көшудің қазақ ұлты мен қазақ тілінің дамуындағы рөлі.

1.Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау.
2.Тіл мен ойлаудың арақатынасын бағалау. Латын графикасына көшу және қазақ тілінің дамуы.

1."Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу" тақырыбына сараптау жұмысын (эссе, реферат, баяндама) дайындау. Дерек Джонстонның "Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін" оқулығын қолдану ұсынылады.
2. "Қоғамдық сананы модернизациялаудағы сыни ойлау" тақырыбына шығармашылық жоба дайындау. алғашқы деректерді сыни талдау негізінде презентация дайындаңыз (Б. Расселдің "Сыни ойлаудың он қағидасы" еңбегін қолдану ұсынылады).

10

4 апта: Болмыс. Онтология және метафизика

3

Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу.
Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы.
Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон). Болмыстың түрлері. Платон мен Аристотельдің философиясындағы болмыс мәселелері. Әл-Кинди және Ибн-Рушд концепциялары. Жаңа заман философиясындағы субстанция мәселесі (Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц). М.Хайдеггердің "фундаменталды онтологиясы" (Dasein). "Материя" ұғымы. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт.
Философияның негізгі ұғымдары: дүние, заман, мән, құбылыс, мазмұн, форма, жалпы, жеке, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп, салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық. Болмыс және Абсолют. Құдай-әлем қатынасы мәселесі. Абай дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі.
"Идея" ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. Идея және рухани құндылықтар болмысы. Виртуалды шындықты философиялық зерделеу пәні ретінде талдау.

1.Болмыстың субстанциялық концепцияларын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау

1. "М. Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары" тақырыбына шығармашылық жұмыс дайындау.

10

5 апта: Таным және шығармашылық

4

Таным философиялық мәселе ретінде. Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары. Таным объектісі мен субъектісі. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары. Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм. Милет ойшылдарының натурфилософиясы және Скифтік Анахарсистің скептицизмі. Д.Юмның скептицизмі. И.Канттың классикалық агностицизмі. Г.Гегельдің диалектикалық методы және батыс еуропалық гносеологиясындағы оның маңызы. К.Ясперстің "Мен -адамилық деңгейлердің концепциясы", К.Поппердің "субъектсіз" эпистемологиясы.
Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқаттылық және жалғандық. Қазіргі Қазақстан жаңғыруы аясындағы білім культі. Ақиқаттың әртүрлі тұжырымдамалары. Ақиқат және оның критерийлері. Сезімдік және рационалдық таным. Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция.

1.Таным философиялық мәселе ретінде

1.Бір ойшылдың (өз таңдауыңыз бойынша) еңбегін мысалға ала отырып, индуктивті және дедуктивті ойлаудың салыстырмалы талдауын жасаңыз.

10

6 апта: Білім, ғылым, техника және технологиялар

5

Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері. Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері. Ғылыми таным әдістері және және ғылыми ақиқат ерекшелігі. Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркациясы мәселесі. Ғылым құндылықтары. Ғылымды білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде талдау. Ғылымдардың классификациясы: Аристотель, әл-Фараби, Ф.Бэкон, Г.Гегель, О.Конт. Шоқан Уәлихановтың ғылым философиясы.
Қоғам өміріндегі ғылымның рөлін бағалаудағы қайшылықтар. Сциентизм және антисциентизм. Ғылым және техника. Ыбырай Алтынсариннің білім философиясы. "Білімді адам" моделі. Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы мәселелері. Қазіргі ғылым және этика. Қазақстан ғылымы дамуының келешегі. Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасының үлесі.

1.Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
2.Қазақстанның үшінші жаңаруындағы цифрлық технология.

1.Н.А.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында қазіргі мәдениеттегі ақпараттың рөлін гносеологиялық талдау негізінде "білім-ақпарат" салыстырмалы кестесін жасау.
2."Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм": скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы туралы эссе-негіздеме жазу.

10

Адам философиясы және құндылықтар әлемі

7 апта: Адам

6

Адам және Ғалам. Зат әлемі. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі. Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/Ян). Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ, Аристотель). Христиандық антропология: адам Құдайдың бейнесі ретінде (Әулие Аугустин, Акуинолық Томас). Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола). Жаңа заманның механистикалық антропологиясы (Б.Паскаль, Ж.Ламетри). Л.Фейербахтың антропологизмі. Адам мәнінің марксистік түсінігі. Ф.Ницше философиясындағы "Асқан адам". Адам және оның әлемдегі-болмысы: экзистенциализм. Іскер адам: прагматизм. Э.Кассирер: адам символдық жануар ретінде. Й.Хейзинга: "ойнаушы адам". Г.Маркузе: "бір өлшемді адам". ХХ ғ. философиялық антропология (М.Шелер, Х.Плеснер, А.Гелен).
Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Адам мәселесінің Абай даналығында бейнелену. Шәкәрімнің адамның өмірмәндік бағдары туралы экзистенциалдық рефлексиясы.
Адам, индивид, индивидуалдылық, тұлға.

1.Қазіргі философиядағы адам мәселесін талдау тәжірибесі.

1.Абай философиясындағы адам мәселесі бойынша эссе-негіздеме дайындау.
2.Түпнұсқалар негізінде (өз таңдауыңыз бойынша) адам мәселесін экзистенциалдық түсіну туралы сараптамалық шолу жасау.

10

8 апта: Өмір және өлім. Өмірдің мәні


7

Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім). Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.
Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы. Іргелі философиялық мәселелердің өмір және өлім мәселесімен байланысы: метафизика және моральдық философия. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат. Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі.
Өмірдің мәні. Өмірдің мәнін іздеу. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм. Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі категориясы.
Өмірмәндік құндылықтар туралы ілім. Адам қажеттіліктерінің пирамидасы. Махаббат – адамның өмір сүру мәні. Фәлсафа дәстүріндегі Қожа Ахмет Яссауидің мистикалық дүниетанымы. Абай философиясындағы махаббат мән-мағына туғызатын бастама ретінде. "Махаббатпен жаратқан адамзат ...".


1.Күнделікті тәжірибеде өмір мәнін іздеудің маңызды қырлары: философиялық талдау.

1.Қазақ философиясы бойынша түпнұсқаларды салыстырмалы сараптау және түсіндірме бере отырып оқудың негізінде "Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі тақырыптарының бірі" тақырыбына ғылыми-ізденістік жоба дайындау.
2.Стоицизм және
гедонизм: олар туралы қазіргі заманғы түсініктерге сүйене отырып, эссе-негіздеме жазу.

10

9 апта: Этика. Құндылықтар философиясы

8

Аксиология және адамгершілік. Этикалық ілімдердің тарихи типтері. Құндылықтар теориясының негіздері. Құндылық ұғымы. Бар болып отырған және болуы тиіс. Адамгершілік ережелері және құқық ережелері. Негізгі этикалық категориялар ( парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік).
Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас императиві (И.Кант). Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері. Утилитаризм және деонтологиялық теориялар (парыз теориялары). Пайдалылық пен принциптер. Құндылықтық сана табиғаты. Фәлсафа дәстүріндегі этикалық өлшем. Жүсіп Баласағұн философиясындағы ақиқат мәселесі. "Құт", "қанағат", "тәубе", "әділет", "сабыр" категориялары. Ұрпақтық дискурсдағы этикалық құндылықтары. Қазақ халқының озық ұлттық этикалық құндылықтарын сақтап, дамыту – қоғамдық сана жаңғыруының алғышарты және негізі. Саяси этика. Зорлық. Толеранттық. Адам құқығы. Кәсіби этика. Бизнестегі этика.

1.Этикалықдилеммалар: жағдаяттық талдау.
2.Қазақ философиясының экзистенциалдық сипаты.

1."Қазіргізаманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары" тақырыбына эссе-пайымдау дайындау.
2.Этикалық жағдайды (моральдық қиындық, тосын әлеуметтік жағдаяттар, қоғамдағы өзекті этикалық мәселе, тұлғаның ішкі және тұлғааралық қақтығыс және) бағалауды негіздеу және кейс-талдау.

10

10 апта: Еркіндік философиясы

9

Философия тарихындағы еркіндік ұғымы.
Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза). М.Хайдегеррдің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы. Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр). Еркіндік және абсурд (А.Камю). Н.Бердяевтың еркіндік концепциясы.
Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік. Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы – адамгершілік-құқықтық құндылықтар. Құқықтың дүниетанымдық мәселелері.
Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік. Еркіндік – қазіргі демократиялық мемлекеттердің негізгі идеалдарының бірі. Жеке еркіндік және табиғи құқық.
Тұлғаның, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары. Сөз және көзқарас еркіндігі. Еркіндік пен шығармашылық – адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі. Абайдың "толық адам" концепциясы. Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары

1.Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және түсіндіру.

1. "Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі" тақырыбына шығармашылық жұмыс (эссе, реферат, баяндама) дайындау.

10

11 апта: Өнер философиясы

10

Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде. Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель). Араб-мұсылмандық эстетика (Омар Хайям, Әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби, Руми). Христиандық ортағасырлықтың көркемдік-эстетикалық әлемі (А.Августин, Иоанн Дамаскин). Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы (Л.Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, М.Монтень, Эразм Роттердамский). XVII-XVIII ғ.ғ. Жаңа заман эстетикасы және көркемдік практикасы (Д.Локк, Р.Декарт, Вольтер, Д.Дидро, Ж. Руссо). Классикалық эстетиканың негіздері (И.Кант, Г.Гегель, Ф.Шеллинг). XIX - XX ғ.ғ. классикалық емес эстетика (Ф. Ницше, Дж.Дьюи, Ж.-П. Сартр. М. Хайдеггер). Эстетикалық тәжірибе. Адам өмірінің эстетикалық өлшемі.
Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық – ұсқынсыздық, трагикалық-комедиялық, асқақ-төмен. Сұлулықтың құндылығы.
Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және және әлеуметтік қызметтері. Көркем шығармашылық субъектісі. Өнер әлеміндегі адам. Адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, жан тебіреністерінің себептерін ашудағы өнердің мүмкіндіктері.
Өнерді зерттеудің заманауи философиялық тәсілдері. Қазіргі өнер философиясының негізгі категориялары: әлемді эстетикалық сезіну, еліктеу және елігу; сұлулық, көркем бейне, көркем стиль, көркем талғам, символ мен симулякр және тағы басқалары. Қазақ халқының сұлулық философиясы. Жырау және билердің шығармашылығындағы этикалық және эстетикалық бастамалары. Қ.Нұрланова: "Адам - Әлем біртұтас" концепциясы. Ұлттық аспаптар қобыз, домбыра көшпенділердің рухани мәдениетінің көрінісі ретінде. Қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй – қазақ өнерінің феномені.

1.Музыкалық эстетиканың қалыптасуын қазіргі мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастыру.

"Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі" тақырыбына эссе-пайымдау жазу.

10

12 апта: Қоғам және мәдениет

11

Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде. Антикалық философиясындағы әлеуметтік ой: Платонның идеалды мемлекеті, Аристотельдің "Политикасының" негзгі тұжырымдамалары. Адам саяси жануар ретінде. Августин: "Фәни шаһар" және "Бақи" шаһар. Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теория: Т.Мор және Т.Кампанелла. Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси теориясы. Жаңа заман әлеуметтік философиясы (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо). К.Маркс: таптық қоғам. К.Поппер "Ашық қоғам".
"Қоғамдық сана" ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері. Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам. Постиндустриалдық қоғам. Ашық қоғам. Желілік қоғам. Жаңару. Қала. Урбандану.
Мәдениет, оның табиғаты мен мәні. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский, О.Шпенглер, К. Леви-Строс). Мәдениет – қоғам болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және коммуникация. Мәдени-антропологиялық әдістеме: адам мен мәдениеттің мәндік және онтологиялық түбегейлі бірлігін мойындау.
Қазақтардың ұлттық мәдениеті – қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және оның "Рухани жаңғыру" жобасы аясында дамуы.

1.Қоғамдық сана феномені: түрлері, құрылымы, мәні.
2.ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамдық санасының жаңғыруының мәні.
3.Қазіргі ақпараттық қоғамды философиялық талдау және қазіргі заманның жаһандық талаптарын зерделеу.

1. "Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы" тақырыбына шығармашылық жұмыс (эссе, реферат, баяндама) дайындау.

10

13 апта: Тарих философиясы

12

Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау.Тарих түсінігімен уақыт туралы көріністердің байланысы. Миф "уақыты". Уақыттың антикалық түсінігі және тарихтың айналымы. Орта ғасырдағы және Қайта өрлеу дәуіріндегі тарих философиясы. Г.Гегельдің философия тарихы. Марксистік философия тарихы. Тарихтың "сыни" философиясы: Дильтей, Риккерт, Ясперс. Қазіргі заман философиясындағы "тарих мәні", "тарихтың соңы" мәселелері.
Тарихтың бағытталғандығы және оның мәні. Тарих философиясының пәні. Тарих философиясының даму кезеңдерін қарастырудың негізгі әдістері.
Адамзат тарихы: өткені-бүгіні-болашағы.Тарихтың мақсаты, мәні, бағыты мәселесі.
Адамзат тарихының бірлігі мен көптүрлілігі. Тарихи үдерістегі революциялық және эволюциялық. Тарихтың қозғаушы күштері. Тарихтағы прогресс және регресс .
Формациялар және өркениеттер. Шығыс-Батыс. Өркениеттер қақтығысы. Біртұтас адамзат пен әлемдік тарихты қалыптастыру үдерісі. Қазіргі өркениет, оның өзгешелігі және қайшылықтары. Адамзаттың даму үрдістері. Асан Қайғы: Жерұйық философиясы. Қазақстан тәуелсіздігі тарихының философиясы. "100 жаңа есім" жобасы – қазіргі Қазақстан тарихының бейнесі. Қазақстанның эволюциялық дамуы – елдің гүлдену мүмкіндігі.

1.Қазақ философиясындағы тарихи даму мәселелерін талдау.
2.Қазіргі Қазақстан қоғамындағы жаңару үдерістерінің мәні мен ерекшелігі.

1.Түпнұсқаларды
түсіндірме бере отырып оқу және олардың мазмұнын салыстырмалы талдау негізінде қазіргі заманғы ақпараттық қоғам дамуының негізгі концепцияларына сараптамалық шолу жасау.
2."Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім" тақырыбына эссе-пайымдау жазу.

10

14 апта: Дін философиясы

13

Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім. Дін және өнер. "Дүниежүзілік діндер" феномені. Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс), марксизм (С. Токарев). Буддизм және оның негізгі бағыттары. Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары. Ислам. Исламныңқалыптасуы, догматикасыжәнетарихиформалары. Суфизм (Аль-Газали, Ходжа АхметЯссауи). Неміс романтизм өкілдерініңдінифилософиялықконцепциясы (Ф.Шлейермахер). С.Кьеркегордіңдінифилософиясы.

1.Қазіргі заман мәдениеттегі дін философиясы

1.Қазіргі жаһандық мәселелерді түсінудегі және шешудегі философияның рөлі" тақырыбына ғылыми-ізденістік жоба дайындау.
2.К.Амстронгтың "Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны" еңбегін талдау негізінде эссе жазу.

10

Апта 15: "Мәңгілік Ел" және "Рухани жаңғыру" – жаңа Қазақстан философиясы

14

Кеңістік-уақыттық континуумдағы "Мәңгілік Ел" және "Ұлы Дала" категориялары.
Қазіргі Қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңартудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. XXI ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі.
Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері.
Жаһандық әлемдегі Қазақстанның өркениеттік идентификациясы. "Мәңгілік ел" идеясы. Н.А.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы және "Рухани жаңғыру" жобасы – ХХІ ғасырдағы Қазақстан дамуы болашағын айқындайтын маңызды құжат. "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық және патриоттық идеясының ұйыстырушы құндылығы. Қазақстанның қоғамдық санасын жаңғыртудың негізгі бағыттары.

"Мәңгілік Ел" идеясы мен "Рухани жаңғыру" жобасы – Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары.

Өзекті философиялық мәселелері"(кәсіби қызмет салалары) тақырыбына ғылыми-ізденістік жоба дайындау.

10

Ескерту: 1 академиялық кредит = 30 академиялық сағат
Барлығы: 5 академиялық кредит - 150 академиялық сағат

Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Назарбаев Н.А. «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания». http://www.akorda.kz.

  2. Назарбаев Н.А. «Мәңгілік Ел. Годы, равные векам. Эпоха, равная столетиям» – Астана: Деловой мир Астана, 2014. – 368 с.




  1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.

  2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.

  3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.

  4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.




  1. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.

8. Бертран Р. «История западной философии» – М.: Издатель Litres, 2018. – 1195 с.

  1. Джонстон Д. «Философияныңқысқашатарихы. СократтанДерридағадейін».Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018.– 216 б.

  2. Хесс Р. «Философияның таңдаулы 25 кітабы». Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018.–360 с.




  1. Кенни Э. «Батысфилософиясыныңжаңатарихы. 1-том: Антика философиясы» / ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. –

408 с.


  1. Кенни Э. «Батысфилософиясыныңжаңатарихы. 2-том: Орта ғасырфилософиясы» / ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400

с.

  1. Карен Армстронг Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны/ Научн.редактор Кенжетай Д. –

Астана, 2018. – 496 с.


  1. Johnston D.«A Brief History of Philosophy: From Socrates to Derrida». –A&C Black, 2006. – 211 p. (ДжонстонДи. «Э бриф хистори оф философи: Фром Сокрэйтес ту Дэррида».- Эй энд Си Блэк, 2006. - 211 пи.)




  1. Kenny A.«New History of Western Philosophy». Volume 1-4. –Oxford University Press, 2006 - 2010. (Кэнни Эй. «Нью хистори оф Вестерн философи». Волум 1-4 – Оксфорд юниверсити пресс, 2006-2010)




  1. Humphreys P. «The Oxford Handbook of Philosophy of Science». – Oxford University Press, 2016. (Хамфрейс Пи. «Зе Оксфорд хэндбук оф философи оф ссайнс». – Оксфорд юниверсити пресс, 2016)




  1. Estlund D.«The Oxford Handbook of Political Philosophy». –Oxford University Press, 2017. (Эстланд Ди. «Зе Оксфорд хэндбук оф палитикал философи». - Оксфорд юниверсити пресс, 2016)




  1. Cappelen H., Gendler T., Hawthorne J. The Oxford Handbook of Philosophical Methodology. – Oxford University Press, 2016. (Кэппелен Эйч., Гендлер Ти., Хэутон Джэй. «Зе Оксфорд Хэндбук оф философикл метадаладжи». - Оксфорд юниверсити пресс, 2016)




  1. Karen Armstrong «A History of God: The 4000-year quest of judaism, christianity and islam». - Gramercy Books, 2014.- 496 p. (Кэрен Армстронг «Э хистори оф гад: Зе фо саузанд ие гэст оф джудаизм, кристианити энд ислам». – Грамэрси букс, 2014 – 496 пи.)




  1. Джонстон Д. «Краткая история философии/пер. Е.Е. Сухарева. - М.: Астрель, 2010. – 236 с.

  2. Хесс Р. «25 ключевых книг по философии». – М.: Урал LTD, 2000. – 368 с.


Қосымша:

  1. Барлыбаева Г.Г. «Эволюция этических идей в казахской философии». – Алматы, 2011.




  1. Зотов А.Ф. «Современная Западная философия».– М.: Высшая школа, 2012.

  2. Сегизбаев О.А. «Қазақ философиясының тарихы». /перевод. Нурышевой Г.Ж., М.Сабит, 2017.

  3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. «Философия». Часть 1,2. –Алматы: Жібек жолы, 2014.

  4. Масалимова А.Р., Алтаев Ж.А., Касабек А.К. «Казахская философия». Учебное пособие. – Алматы, 2018

  5. «Новая философская энциклопедия»: в 4 т. / Институт философии; М.: Мысль, 2010.




  1. Бадью А. «Манифестфилософии» / В. Е. Лапицкого. – Санкт-петербург.: Machina, 2003. –184 с.

  2. Делёз Ж. Гваттари Ф. «Что такое философия?» /. Перевод С. Зенкина.– М.: Академический Проект, 2009. – 261 с.

  3. Коплстон Ф. «История философии: XX век» /перевод П.А. Сафронова. – М.: Издательствово «Центрполиграф», 2002. – 268 с.




  1. Copleston F. «History of Philosophy: Modern Philosophy». - Image Books, 2003. – 544 р. (Коплэстон Эф. «Хистори оф философи: Модерн философи». – Имэйдж букс, 2003 – 544 пи.)




  1. Марков Б.В. «Философия». Учебник для вузов. – М.: Издательский дом «Питер», 2016. – 464 с.

  2. Миронов В.В.»Философия». Учебник. – М.: Проспект, 2016. – 289 с.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет