Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет12/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.
морфология, 1619867412, анемия беременных, инфекция мочевых путей, СРСП-22, Тема 21.
Шөлге айналу
– 
бұл топырақтың және өсімдіктердің қайта қалпына келместей 
болып өзгеруі, биологиялық өнімділіктің төмендеуі, ол апатты жағдайларда биосфера
әлеуетін түгелдей бұзып, аумақты шөлге айналдырып жібереді.
Шөлге айналу кезінде топырақтың физикалық қасиеттері төмендейді, өсімдік атаулы
тіршілігін тоқтатады, жерасты сулары тұзданады, экожүйенің қалпына келу қабілеті 
жоғалады. Әлемде барлық құрлықтар бойынша 1 млрд га аумақтан астам жер шөлге 
айналған. Қазақстанда Арал мен Балқаш маңы шөлге айналған.
Адамның ойланбай істеген іс-әрекеттері табиғи ортаны қайта қалпына келтірместей 
етіп өзгертіп жіберді. Жер бедеріне, топырақ сапасына, шөптің шығымдылығына орай бір 
қой жаятын жерге он қой жайылады. Соның нәтижесінде жайылымдар эрозияға ұшыраған 
жерге айналды. Бұл табиғи экожүйенің бұзылуына және био әралуандығының күрт 
төмендеуіне түрткі болды.
Экологиялық құйын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отыр, жердің 
техногенді бүлінуі, өнеркәсіптің қалдықтарымен ластануы, ауыр металдардың
жинақталуы, радиоактивті элементтердің және ракета – ғарыштық қоқыстардың
( бетпақ дала) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған. Кейбір аймақтарда топырақтың 
тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендерінің су 
бассейінінің азаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Арал 
аймағының экологиясына байланысты 2 млн га жер шөлейттеніп кеткен ал Жаңафрия
өңіріндегі 3 мың га қара сексеуіл орманы бір жола жойылу үстінде Іле өзенің су деңгейі 2 
метрге төмендесе онда Іле бойында топырақ құрғап, бүлініп, сорланып, тозып кетуі 
мүмкін соның салдарынан құлазыған сары дала шөлге айналуы мүмкін. Ендігі жерде 
Қытай Республикасының Іле суының 15% алуы ол өңірдің табиғатын түл етері анық.
Су – ең маңызды экологиялық ресурс және тірі организмдердің басты құрамды 
бөлігі. Су - жер бетінде ең көп таралған қосылыс. 
Су ресурстары – қандай да бір аумақтың жер беті және жерасты суының қоры.Жер 
шарының 
су 
қорын 
мұхиттар,теңіздер,өзен-көлдер,мұздықтар, 
жерасты 
және 
атмосфералық су құрайды.Жердегі судың жалпы қоры 1,5 млрд.км3.Соның ішінде 2 %-
дан азырағы тұщы су,тұтынуға қолайлысы 0,3 %-дан аспайды.Жердің су қоры теория 
жүзінде сарқылмайды,себебі тиімді пайдаланылған жағдайда су ресурстары әлемдік су 
айналымы барысында үздіксіз қалпына келіп отырады. Қазақстан су ресурстарына онша 
бай емес, және де олар оның аумағында біркелкі бөлінбеген. Республикада 85 мыңнан 
астам өзендер ( Ертіс , Іле Есіл, Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Ырғыз, Сарысу, Талас, Нұра, 
Ембі өзендері) мен осы заманғы су айдындары (жыл ішіндегі климат жағдайлары 
салдарынан мезгі-мезгіл кұрғап қалатын өзендер) бар Республикада 48 мың көл бар, 
олардың 45 мыңы көлемі 1 ш.км-ден кем шағын көлдерге жатады.Жерасты суларының 
көптеген коймалары бар.
Су ресурстарының ластану көздері мен түрлері 
Судың ластануының бірнеше түрлерін ажыратады: 
-микробтық- суаттарға патогенді микроорганизмдердің түсуі; 
-жылулық - суаттарға ағынды сулармен бірге жылудың келуі (негізінде жылу 
электр станцияларын пайдалану кезінде). Су жүйелеріне жылулық ластану айтарлықтай 
зиян келтіреді. Ол ыстық су төгу немесе басқа да факторлардың әсерінен температураның 
өзгеруі нәтижесінде орын алады; 
- физикалық - судың электрмагниттік сәуле шығарумен, радиоактивті заттармен 
ластануы; 


20 
- минералдық - суаттарға құмның, саздың, шлактың, минералдық тұздардың және 
т.б. түсуі; 
- органикалық, адамдар мен жануарлардың физиологиялық шығарындыларын, 
организмдер тканьдерінің қалдықтарын және т.б. білдіреді; 
- химиялық - суаттарға улы немесе сулы ортаның құрамын өзгертетіy 
заттардың түсуі; 
-бактериялық, тұрмыстық ағынды суларды және кейбір өнеркәсіптік 
кәсіпорындардың (қасапханалар, былғары заводы, микробиология өнеркәсібінің 
кәсіпорындарының) ағындыларын білдіреді. 
Суға ластаушы заттар, микроорганизмдер, жылулық, сәулелену және тағы басқаны 
түсіретін көз ластау көзі деп аталады. 
Судың адам қызметінің барлық салаларында кеңінен қолданыс табуының 
нәтижесінде (ол жылу тасығыш, еріткіш, тасымалдау қүралы, реагент ретінде 
пайдаланылады), суды ластаудың көп көздері бар. Оларға өнеркәсіптік кәсіпорындар, 
коммуналдық-тұрмыстық шаруашылық, ауыл шаруашылыгы, көлік және тағы басқа 
жатады, олар суды пестицидтермен, беттік-активті заттармен, мұнай өнімдерімен және 
көптеген басқа зиянды заттармен ластайды. 
Қазақстан Республикасы бойынша таза су тоғаны 19,8 млрд. м3 жуық мөлшерді 
құрайды. Ең көп таза су Қызылорда облысында - 3,9, Алматы облысында - 3,6, Оңтүстік-
Қазақстан облысында - 3,1, Жамбыл облысында -2,8 млрд. м3 тоғандалады. 
Қазақстан Республикасындағы негізгі суды ластаушыларға, өнеркәсіптік, кен-өндіру 
және қайта өңдеу кәсіпорындарынан басқа, қала құрылысы, мал шаруашылығы 
фермалары, егіншілікті суару алаптары, әртүрлі тұндырғыштар, қатты, сұйық 
қалдықтардың және мұнай өнімдерінің қоймалары жатады. Негізгі ошақтарда қорғасын
мырыш, кадмий, темір, селен, марганец бойынша ластану дәрежесі 10-нан 100-ге дейін 
ШРК құрайды. 
Ағынды сулардың төгіндісі 4,5 астам млрд. м3 құрайды. Ағынды сулардың аса көп 
төгіндісі Қарағанды (1,1 млрд. м3), Павлодар (1,1 млрд. м3) және Оңтүстік-Қазақстан (1,0 
млрд. м3) облыстарында жүзеге асырылады. 
Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың 
келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әр 
түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Су экожүйелеріне екінші ретті ластану 
да көп зиян келтіреді. 
Қазір кең таралып отырған, суды қауіпті ластаушы заттарға мұнай мен мұнай 
өнімдері жатады. Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50 
млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі Ал оның әр тоннасы 12 км2 суды қабықшамен жаба 
алады. 0,05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 
мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Мұнайлы 
қабықша су бетіні шағылыстыру қабілетін (альбедо) өзгертеді. Ол жылу балансының 
өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. 
Мұнайдың бір бөлігі грунтқа сіңе отырып, грунт суларына, одан су айналымы арқылы 
қайтадан қазба көзіне қайтып келеді. Қиын ыдырайтын мұнай өнімдері мұхит ағыстарына 
түседі де, үлкен ара қашықтыққа таралады. 
Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық 
тыңайтыштар, улы химикаттар және т.б. заттар жатады (азот, фосфор және басқа биогенді 
элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық 
қалдық,жоғарыда аталған мұнай және мұнай өнімдері). 
Еліміздің тамақ өнеркәсібі миллиондаған текше метр суды пайдаланып,оның 70-80 
% көлемін ластанған түрде қоршаған ортаға қайта шығарады.Ақаба судың құрамында
көбіне 
ас 
тұзы, 
жууға,дезинфекциялауға 
қолданылған 
қосылыстар,нитриттер, 
фосфаттар,сілтілер,шикізат пен жем қалдықтары болады. 


21 
Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы 
көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы 
химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. 
Мал шаруашылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі мәселе болып табылады. 
Мұндай кешендердің негізгі ластауы органикалық заттармен және азоттың әр 
түрлі 
қосылыстарымен 
(аммиак,нитриттер,нитраттар) 
биологиялық 
агенттермен 
байланысты. 
Өндірістік және тұрмыстық ағынды сулардың сипаттамасы
Ақаба су - өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған
сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен (өнеркәсіптік, ауыл 
шаруашылықтық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, тағы баска ағындылар) арқылы өткен 
су. Ақаба су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын 
органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидті және еритін түрде кездеседі. 
Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ақаба су үш негізгі категорияға: 
шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді. Ақаба су 
шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәр-нәжістік (физиологиялық 
қоқыстармен) ластанған және шаруашылық (раковина, ванна, монша, кір жуатын 
жерлерден түсетін) ластанған болып ажыратылады. Негізінде минералды заттектермен 
қатар олардың құрамында органикалық заттектер, бактериялар, микроорганизмдер 
болады. Өндірістік ақаба судың құрамы технологиялық процестер мен қолданылатын 
материалдар түріне және шикізаттың химиялық қасиеттеріне тәуелді. Өндірістік ақаба су 
ластанған және нормативті таза (тазалаудан өткізіп қайта пайдалануға жататын) болып 
ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер (жаңбыр) және қар суы болып бөлінеді. 
Тұрмыстық ағынды су - коммуналдық шаруашылықтың сұйық қалдықтары. Қала 
тұрғыны тұтынған (тәулік ішінде 300 - 400 л) таза су өте ластанған күйінде ортаға 
қайтарылады. Т.а.с. барлық ағынды су төгіндісінің жартысын құрайды. Жыл сайын Т.а.с-
да тазартқыш имараттарда биологиялық жолмен оңай тазаланатын нәжіс және 
органиктерден басқа қауіпті химиялық ластағыштар құрамы көбеюде. Бұлардың арасында 
мұнай өнімдері, хлоридтер, сульфаттар, нитриттер, нитраттар, аммонийлік азот, фенолдар, 
темір, мыс, мырыш, никель, хром, қорғасын, кобальт, алюминий, кадмий, кір жуатын 
ұнтақтар бар. Т.а.с-ды өңдеу — қала экологиясының ең бір қиын проблемасы. Қала 
ағындыларын ауыр металдармен және басқа да уытты заттектермен ластағанына 
байланысты қала тұрғындарына көкөніс және мал шаруашылығы өнімдерін беретін (көп 
жылдық шөптерді өсіруде) суармалы жерлерде пайдалануға болмайды. Шламды да (Т.а.с-
ды тазарту нәтижесінде пайда болатын құрғақ қалдық) тыңайтқыш ретінде қолдануға 
болмайды. Осының нәтижесінде ол қиын өңделетін қатты қалдықтарға айналады. 
Ақаба суды жасанды тазалау - табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен 
табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін 
құрамындағы ластағыш заттардың түрі мен мөлшеріне қарай арнайы технологиялық 
әдістермен тазалау. Бұларға механикалық (тұндыру, сүзу),физикалық-химиялық, 
химиялық, биологиялық және түйдектелген әдістер жатады . 
Ақаба суды механикалық тазалау. Бұл әдісте ақаба судағы ірі және ұсақ түйірлі тез 
тұнатын бөлшектерді өздігінен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын 
заттектерді тұндырғыш, сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе әр түрлі 
конструкциялық техника құралдарын (торларды,електерді, гидроциклондарды, т. б.) 
қолданып, ал беттік ластағыштарды - мұнайұстағыш, май мен шайыраулағыш жабдықтар 
мен материалдарды пайдалану арқылы жояды.
Ақаба суды физикалық-химиялық тазалау - ағындыларды ластағыштардан 
физикалық-химиялық әдістермен тазалау. Ағынды судағы ластағыштардан арылу үшін іс 
жүзінде пайдаланылатын физикалық-химиялық әдістерге каогуляция, флотация, 
электролиттік ірілендіру, су буымен айдау, сорбция, экстракция, гиперфильтрация, 


22 
эвапорация, десорбция, дезодорация, дегазация, электрохимиялык тәсілдер (электролиз, 
электрокаогуляция, электрофлотация, электродиализ), ультрадыбыспен суды өңдеу, т.б. 
жатады. Бұл әдістер физикалық және химиялық процестерге негізделген. Физикалық-
химиялық әдістер ақаба суды тазалаудың алғашқы кезеңі, осыдан кейін ол биологиялық 
тазалауға жөнелтіледі. 
Ақаба суды биологиялық тазалау - ақаба суын ластағыштарды ыдырататын, 
өздерінің қоректенуіне, өсуіне және көбеюіне пайдаланатын микроорганизмдер немесе 
оларды өз бойына сіңіретін өсімдіктер (биосүзгіш ретінде қалың өскен қамыс, қоға, т.б.) 
арқылы тазалау. А.с.б.ж.т-ға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялар, балдырлар, 
саңырауқұлақтар, 
төменгі 
сатыдағы 
жәндіктер, 
құрттар, 
т.б. 
жатады. 
Микроорганизмдердің қатысуымен екі процесс - тотығу (аэробты) және тотықсыздану 
(анаэробты) жүреді. А.с.б.ж.т-ды табиғи жағдайда (суландырылатын жер, биологиялық 
тоғандар) және әр түрлі конструкциялық жасанды құрылыстарда - биосүзгіштерде, 
аэротенкілер мен окситенкілерде жүргізуге болады. 
Химия, кен-өндіру, металлургия, мұнай өндіру өнеркәсібінің кәсіпорындары әрекет 
ететін аудандарда судың ластануы байқалады. 
Қазақстан Республикасының аумағында барлығы 5400-ден астам су пайдаланушы 
кәсіпорындар жұмыс істейді. Ағынды сулардың негізгі көлемдері Павлодар, Оңтүстік 
Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарынын аумағында қалыптасады. Қазақстанда 
су келесі мұқтаждықтарға пайдаланылады (%): шаруашылық-тұрмыстық. - 5,3%, 
өндірістік - 16,6%, жерді суландыруға - 73,3%, ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау - 
1,6%. 
Елімізді сумен қамтамасыз етудің ең маңызды проблемаларына мыналар жатады: 
- ауыз судың төмен сапасы; 
- қайта айналымдық сумен жабдықтауды жеткіліксіз пайдалану; 
- жерді суландыру тармақтарының техникалық төмен жағдайы; 
-трансшекаралық проблемалар. 
Қала тұрғындарының шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтары үшін сумен қамтамасыз 
етілгендік сұраныстан 62...90% шамасында болады және орта есеппен алғанда 
республикада 83% құрайды, ауылдық елді мекендер тұрғындарының қамтамасыз 
етілгендігі - 70.. .76%. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Атмосфераның газдық құрамы қандай?
2. Атмосфераның ластану себептері
3. Топырақтың физикалық қасиеттері мен құрамы 
4. Эрозия 
5. Судың ластануы 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Бейсенова Ә.С.,Самақова А.Б.,ЕсполовТ.И.,Шілдебаев Ж.Б. Экология және табиғатты 
пайдалану.-А.: Ғылым, 2004.-Б.111-114. 
2.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т.Экология.-А.:Экономика,2002.- Б. 231-250.
3.Сағымбаев Ғ. Экология негіздері.-А.Рбк,1995. Б.195-199. 
4.Бродский А.К.Жалпы экологияның қысқаша курсы .-А.:Ғылым,1997. 
5.Жатқанбаев Ж.Ж.. Экология негіздері .-А.:Зият Пресс,2004.- 212 б.


23 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет