Жоспар: Анализаторлар туралы түсінік. Көру жүйесі. Есту тепе-теңдік мүшесі



бет3/10
Дата06.02.2022
өлшемі35,93 Kb.
#34244
түріАнализ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қарашықтық артында екі беті дөңес линза пішінді мөлдір дене -көз бүршағы орналасады. Ол сыртынан белдемшелі жүқа қабықпен капталады. Қабық белдеміне циннов байламы бекиді. Бұл байлам тамырлы қабықтың құрылымы – кірпекше еттермен жалғасады. Кірпікшелі дененің жиырылуы нәтижесінде көз бүршағының пішіні өзғеріп, ол не қабысыл, не дөңестеліп отырады. Қасаң қабық пен коз қарашығының арасындағы қуысты коздің алдыңгы камерасы, ал қара-шық пен көз бүршағы арасындағы қуысты – көздің артқы камерасы деп атайды. Бұл камералар мөлдір сүйықпен – шылауықпен толған. Көз алмасының көз бұршағының артында жатқан қуысын шыны тәрізді дене деп аталатын түссіз, мөлдір, қоймалжың сүйық зат толтырып тұрады. Аталған құрылымдар – қасаң қабық, шылауық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене, – көздің оптикалық, немесе сындырушы жүйесі, деп аталады. Оптикалық жүйе, әсіресе көз бұршағы, көздің әртүрлі қашықтықтан айқын көруге бейімделуін – аккомодация үрдісін, – қамтамасыз етеді. Торлы қабықта жарық сезгіш рецепторлар – таяқшалар мен сау-ытшалар орналасады, сондықтан оны жарық сезгіш, немесе фоторецепциялық, бөлім деп атайды. Торлы қабықтың құрылымы өте күрделі, ол 10 қабаттан түрады. Оның, тамырлы қабықпен жанасатын сыртқы қабатын пигментті жасушалар түзеді. Бұл жасушалар қүрамында жарықтың шағылысуына мүмкіндік бермейтін фусцин деген пигмент болады. Көзге тым күшті жарық түссе, пигмент дәндері эпителиальдық жасушалардан олардың өсінділеріне ығысып, таяқшалар мен сауытшаларды күшті жарықтан калқалайды.


Каталог: uploads -> ppt -> 4309
4309 -> Эмперикалық кезең
ppt -> Дильназ Туған жылы: 07. 01. 2004
ppt -> Ертегі туралы түсінік
ppt -> Отбасы, Мектеп, Жұртшылық
ppt -> “БӘйге”. Сұраққа жауап беру. ұпай “шешуін тап”. Алфавиттік жұмбақ шешу. 10 ұпай полиглот -10*3=30 ұпай
4309 -> Идеал газдың ішкі энергиясы Газдың ұлғаю жұмысы Термодинамиканың бірінші заңы Жылусыйымдылқ теориясы
4309 -> Жоспар: Анализаторлар туралы түсінік. Көру жүйесі. Есту тепе-теңдік мүшесі
4309 -> Жоспар: Жүйке жүйесінің қызметі. Жүйке жүйесінің филогенезі мен онтогенезі. Жұлынның құрылысы
4309 -> Жұлын жүйкелері туралы жалпы мағлұмат. Жұлын жүйкелерінің құрылысы мен өрімдері. Мойын, иық, бел, сегізкөз өрімдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет