Жоспар: Анализаторлар туралы түсінік. Көру жүйесі. Есту тепе-теңдік мүшесі



бет2/10
Дата06.02.2022
өлшемі35,93 Kb.
#34244
түріАнализ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Көру талдағышының негізгі мүшесі – көз алмасы. Ол бас сүйектің аддынғы жағындағы екі ойықта – көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптикалық, фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қорғағыш аппараттан құралады. Көз алмасы шар пішінді құрылым. Онын алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын – артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең сыртқы фибриозды қабық – ақ қабық, ортаңғы -тамырлы қабық, және ішкі – торлы қабық. Сыртқы қабықтың алдынғы болігін қасаң кІабықіі деп атайды. Ол түссіз, мелдір, дөңгелек, дөңес, сағат әйнегіне үқсас келеді. Қасаң қабық арқылы көздің ішіне жарық сэулесі сыңцырылып өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыр-тын қаптап, нерв қабын түзеді. Ақ қабықты астарлай тамырлы қабық орналасады. Бұл қабатта көзді қоректендіретін кан тамырлары орын тебеді. Тамырлы қабықтың қасаң қабықты астарлай орналасқан алдыңғы бөлігін нурлы қабық деп атайды. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы бояғыштарға (пигменттерге) байланысты болады. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Ол арқылы жарық сәулесі көздің ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. Нұрлы кдбықта сақиналы және сәулелі бағытта орналасқан ет талшыктары болады. Сақиналы еттер жиырылғанда көз қарашығы тарылады, сәулелі еттер жиырылғанда – ол кеңейеді. Осының нәтижесінде көз алмасының ішіне өтетін жарық сәулесінің шоғыры кебейіп, не азайып отырады да, көз жарық күшіне бейімделеді – көз адаптациясы жүреді.

  • 1 — жоғарғы тік б/е; 2 — жоғарғы қиғаш б/е; 3 — шеткі тік б/е; 4 — қасаң қабық; 5 — конъюнктива; 6 — қарашық; 7 — медиалды тік б/е; 8 — төменгі тік б/е
  • Көз бұлшықеттері

Каталог: uploads -> ppt -> 4309
4309 -> Эмперикалық кезең
ppt -> Дильназ Туған жылы: 07. 01. 2004
ppt -> Ертегі туралы түсінік
ppt -> Отбасы, Мектеп, Жұртшылық
ppt -> “БӘйге”. Сұраққа жауап беру. ұпай “шешуін тап”. Алфавиттік жұмбақ шешу. 10 ұпай полиглот -10*3=30 ұпай
4309 -> Идеал газдың ішкі энергиясы Газдың ұлғаю жұмысы Термодинамиканың бірінші заңы Жылусыйымдылқ теориясы
4309 -> Жоспар: Анализаторлар туралы түсінік. Көру жүйесі. Есту тепе-теңдік мүшесі
4309 -> Жоспар: Жүйке жүйесінің қызметі. Жүйке жүйесінің филогенезі мен онтогенезі. Жұлынның құрылысы
4309 -> Жұлын жүйкелері туралы жалпы мағлұмат. Жұлын жүйкелерінің құрылысы мен өрімдері. Мойын, иық, бел, сегізкөз өрімдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет