Жоспар: Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары


ж. ҚазОАК-нің 3-сессиясы бұл мәселеге ерекше тоқталып, қазақ қыздарын оқуға көптеп тарту туралы арнайы қаулы қабылдады



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі33,11 Kb.
#85736
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СӨЖ 4 Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама қайшылықтары

1928 ж. ҚазОАК-нің 3-сессиясы бұл мәселеге ерекше тоқталып, қазақ қыздарын оқуға көптеп тарту туралы арнайы қаулы қабылдады.

  • 1929 ж. республиканың ежелден ғылым, әдебиет, мәдениет тілі болып келген араб әліпбиінен латыншаға көшуі оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен соққы болып тиді. Араб әліпбиімен шыққан мәдени бай мұралардың көбі отқа өртелді.

  • 1940 ж. латын әліпбиінен кириллицаға көшу елдегі ағарту ісін тағы көп жылға шегеріп тастады.

  • 1945 – 60 ж. мектептердің, оларда оқитындардың саны күрт өсе бастады. 1960 ж. жалпы білім беретін 10363 мектеп жұмыс істеді, онда 1 млн. 814 мыңнан астам оқушы білім алды.

  • 1954 ж. тың игеру науқаны кезінде елде 1960 жаңа кеңшар орнап, жүздеген жаңа мектеп салынды. 1960 ж. республика бюджетінен оқу-ағарту ісіне 2 миллиард сомға таяу қаржы жұмсалды. Қазақстанда төл оқулықтар жасау мәселесі мықтап қолға алынды. Бұл іспен Е.Бекмаханов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, А.Ысқақов, Т.Қордабаев, Ә.Маманов, М.Балақаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, т.б. республикаға белгілі ғалымдар айналысты. Алайда бұл жылдары оқу-ағарту саласында жаңа мәселелер де туындады. Орталық Қазақстанға Ресей, Украина, Молдова, Беларусь республикаларынан тың көтеру науқанымен мыңдаған отбасылардың қоныс аударуына байланысты көптеген қазақ мектептері жабылып, аралас орыс-қазақ немесе таза орыс мектептеріне айналдырылды. Соның салдарынан Қазақстанда 700-ден астам қазақ мектебі жабылды, қазақ тіліндегі газет, журнал, кітап таралымы құлдырап кетті. 600 мыңнан астам қазақ баласы орыс мектептерінде оқуға мәжбүр болды. Мың жарымнан астам аралас орыс-қазақ мектептері пайда болды. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі орыс тілін 1-сыныптан бастап оқыту жөнінде қаулы алды. Бұл қазақ тілінің рөлін төмендетіп жіберді.

  • 1960 – 70 ж. арасында оқу мазмұнына ірі өзгерістер енгізілді. Мектептерді 7 жылдықтан 8 жылдыққа көшіру ісі 1962 – 63 оқу жылында аяқталды. Жаппай 8 жылдық білім беруді іске асыру заңы оқудың сапасына кері әсер етті, талап төмендеп кетті. Оқушылардың білімге ынтасы кеміді. Орыс тілін оқытуға ерекше көңіл бөлініп, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында сабақ түгелдей орыс тілінде жүргізілгендіктен қазақ мектептеріндегі оқушылардың саны кеми түсті.

  • 1980 – 90 ж. елімізде халыққа жаппай орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі 6 жастан бастап оқыту болды. Сондай-ақ ауылдық жерлердегі шағын мектептер мәселесін шешу, бастауыш мектепке алдын ала даярлау, жаппай орта білім беруге көшу, мектепаралық оқу шеберханаларын ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мектептегі оқу ісі мемл. білім стандартынан туындайтын жаңа талаптарға сай келетіндей етіп ұйымдастыруды, көп қаржы жұмсауды және ғыл.-зерттеу жұмысын жүргізуді қажет етеді. Оның бірінші кезеңі 1994 – 97 ж., жалпы білім беретін мектептерді толық білім стандартына көшіру ісін аяқтау 2001 – 02 жылдарды қамтыды. Жалпы білім беретін базалық мектептердегі оқу жүйесі – 11 жылдық. Белгілі бір білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер ашу, оқуды тегін оқытумен қатар жекелеген ақылы мектептер ашу ісі де жүргізілді.

    Арнаулы орта білім беру саласында оқушыларды еңбекке баулу және кәсіптік бағдар беру жүйесі негізінен орнығып, тиімді түрлері мен әдістері белгіленді. Жоғары сынып оқушыларын еңбекке баулудың және кәсіптік бағдарлаудың ұйымдық нысандары мен мазмұнында елеулі өзгерістер болды. Мектептер кәсіптік-тех. учщелермен
    тығыз байланыс жасап тұрды. Мектеп реформасын жүзеге асыру бағытында бірлескен кешенді шаралар белгіленді. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берумен қатар электронды-есептеуіш микропроцессорлы техникамен қоса металлургия өндірісін, автоматика, телемеханика негіздерін оқыту қолға алынды. Оқушылардың өндірістік бригадалары, дала қостары өмірге келді.
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет