Жоспар: Дәрісті дайындау және жүргізу жаднамасы. Дәрісбаян түрлері, құрылымы. Дәріс сабағын өткізуде қолданылатын әдістер. Семинар сабақ өткізу түрлері



бет4/9
Дата22.04.2022
өлшемі1 Mb.
#140311
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СЕМИНАР 8. Экологиялық топырақтану
ком.нав. тест 1 Алтын

Дәріс сабағын оқытуда қолданылатын әдістерге әңгімелеу әдісі,түсіндіру әдісі, баяндау әдісі, әңгімелесу әдісі, проблемалық баяндау әдісі және тағы басқалар жатады. Тарих пәнінен дәріс сабағында оқиғалармен құбылыстарды оқытып үйрететін болғандықтан, оның әрбір кезекті сабағы өткен және алдағы сабақтың мазмұны мен уақыты жағынан тығыз байланысып жатады. Жалпы жоғары оқу орындарында «Универ жүйесіндегі» алдын— ала оқу жүктемесі негізінде бөлінген пән бойынша ОӘК-ні, яғни сол пәнінің дәріс, семинар, студенттің өзіндік жұмыс, тест тапсырмалары, емтихан, реферат тақырыптары, пәнге байланысты барлық материалдары сайдқа салынып, онымен топ студенттерінің әрбірі пайдалана алады. Дәріс сабағында оқыту үрдісі тиімді болу үшін 3 жақты қарым –қатынас болуы керек,олар:ақпараттық (ақпараттың берілу және сақталуы), интерактивті(біріккен іс–әрекетте өзара әсердің ұйымдастырылуы), перцентивті оқыту (адамның басқа адамды қабылдауы және түсінуі). Интербелсенді дәріс сабағында оқытудың интерактивтік тәсілдеріне:ашық сұрақтарды қою іскерлігі (біріккен дұрыс жауапқа алдын –ала бағытталған жауапта емес, мәселе бойынша әр –түрлі көзқарастарды айтуы);оқытушы дәріс беріп қана қоймай соныменбірге студенттерге сабақ барысында «дұрыс» және «дұрыс емес» көзқарастарын батыл,қорқынышсыз айтуларына мүмкіндік беретін байтарап ретінде анықтауы,сабақтың қалай және неге жүзеге асатының түсінуге көмек беретін сабақты өзіндік талдауға дайындық, қай жерде өзара әрекеттесу «тоқырап» қалды, бұл қандай жағдаймен байланысты болады; сабақтың өту жағдайын, оның нәтижелігін қадағалауға мүмкіндік беретін ескертулерді тіркеу болып табылады.Дәріс сабағында теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана студенттердің алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор деген ойдамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет