Жоспар: Дәрісті дайындау және жүргізу жаднамасы. Дәрісбаян түрлері, құрылымы. Дәріс сабағын өткізуде қолданылатын әдістер. Семинар сабақ өткізу түрлері



бет2/9
Дата22.04.2022
өлшемі1 Mb.
#140311
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СЕМИНАР 8. Экологиялық топырақтану
ком.нав. тест 1 Алтын

ДӘРІСТІ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЖАДНАМАСЫ Дәріс жоғарғы мектептегі оқу-тәрбие процесінде жетекші орын алады. Оқытушылардың кең көлемде, жүйелі түрде, логикалық құрылған, дәйекті түрде баяндалған оқу материалдары, яғни дәріс сабақтары ЖОО-ң барлық мамандық пәндері бойынша жүргізіледі. Дәрістің басты мақсаты – баяндалған пән бойынша студенттерде жүйелі түсінік қалыптастыру, болашақ мамандардың ғылыми-практикалық салаларға сәйкес даму заңдылықтары мен принциптерін, сонымен қатар алынған білімдерді қолдану тәсілдерін игеруді қамтамасыз ету. Дәрістің әдістемелік құралдары болжайды: курс мазмұнының және әрбір дәрістің тұтастығы мен дидактикалық негізделуі (жүйелік, материал мазмұнының логикалық құрылуы, кіріспе және қорытынды бөлімнің болуы және т.б.); ЖМ оқытушысының кәсіби этикалық ережелерін сақтауға негізделген лектордың студенттермен қажетті қарым-қатынасты жүзеге асыруы (олар аудиторияда талап қоюшылық пен жағымды қатынас орнатуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, курс материалдарын баяндауға түрлі дидактикалық әдістерді пайдалануға, мысалы, баяндаманың айқын әрі жеткілікті болуы, аудитория назарының дәріс курсының негізгі сәтіне аударылуы, заңдылықтар, оқиғалар мен құбылыстардың нақты ашылуы және түсіндірілуі, ғылыми терминологияның анықтығы, дәріс мазмұнының еркін стилі, оқу материалдарын игерудегі қиын мәселелерді түсіндіру әдістерін тиімді пайдалану, тыңдаушының қызығушылығы мен белсенділігін көтеру тәсілдеріне бағытталған зейін түрлері және т.б.); жаңа оқыту әдістерінің әдістемелік тәсілдері мен элементтерінің рационалды сәйкескелуі (диалог, эвристика элементтері және т.б.); қосымша оқыту құралдарын әдістемелік негізделген және тиімді пайдалану (көрнекі құралдар және т.б.);




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет