Жоспар І. Кіріспе бөлім



бет1/3
Дата14.10.2023
өлшемі42,5 Kb.
#185358
  1   2   3
Байланысты:
ерітінділер 1
Дневник, Дәптер (2), mm-longrid

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті


Факультет: Жаратылыстану ғылымдары


Кафедра: Экология және химия

БӨЖ


Тақырыбы: Ерітінділер

Қабылдаған: Абжалов Б.


Орындаған: Қонысбек М.
Тобы: ЖХМ-313

Жоспар
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім

  1. Ерітінділер, еріткіштер дегеніміз не? Ерітінділер туралы жалпы ұғым.

  2. Ерітінділердің бөлінуі. Олардың қасиеттері.

  3. Ерітінділердің физикалық және химиялық теориясы.

ІІІ. Қорытынды бөлім




Кіріспе
Ерітінділер - кем дегенде екі құрамдас бөліктен тұратын біртекті (гомогенді) жүйелер. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекулалы-диспрестік жүйелерді айтады. Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің концентрацияларымен сипатталады.
Еріткіштер - әр түрлі заттарды ерітіп ерітінділер түзуге қабілетті химиялық қосылыстар, жеке органикалық қосылыстар немесе олардың қоспалары.
Еріткіштер деп, әдетте, сұйық күйдегі құрамдас бөлікті, ал құрамдас бөліктердің барлығы сұйық болса, онда концентрациясы  жоғары бөлікті айтады. Еріткіштерді бейорганикалық еріткіштер және органикалық еріткіштер деп екі топқа бөледі. Маңызды бейорганикалық еріткіштерге су, ал органикалық еріткіштерге спирт, эфир, кетондар және олардың қосылыстары жатады. Органикалық еріикіштердің көбісі өте ұшқыш, улы  болады. Сонымен қатар еріткіштерді полюсті және полюссіз, төмен және жоғары температурада қайнайтын, т.б. деп ажыратады. Техникалық мақсат үшін пайдаланылатын еріткіштердің тығыздығы, тұтқырлығы, улылығы, т.б. сипаттамалары маңызды. Еріткіштердің аталған сипаттамаларын арттыру үшін, көбінесе, басқа еріткіштермен қоспа түрінде пайдаланады.Еріткіштерді химиялық реакция жүргізетін орта ретінде пайдаланудың маңызы зор.Еріткіштер әрекеттесетін молекулалар арасында (көп реакциялар тек еріткіштерде жүреді) байланыс тудырып, гомогенді орта түзіп қана қоймай, химиялық реакциялардың тепе-теңдік константасы мен жылдамдығына әсер етеді. Органикалық еріткіштер бояу, жасанды талшық, желім өндіруде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет