Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім

бет2/8
Дата11.11.2022
өлшемі265,5 Kb.
#157730
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
през рухани
Solutions2e progress test un02 a, gost 34102-2017, Лк Галогендер, LearnEnglish-Listening-C1-Renting-a-house, file 00012DL11223921980 (1)

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.

«Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.

Түркі халықтарының орта ғасыр кезіндегі Ислам мәдениетінің ықпалының күшеюі және біржола араб жазуына көшуі, өмірге көптеген ойшылдарды алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде сопылық ағымнын әсері күшейіп, бірте-бірте канатын кең жая түскен кез еді. Бұл кезең Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халыктың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, Алла тағала адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен. Ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шықты.

Олардың ішінде ерекше талантымен көзге түскендер хорезмдік Ахмет Үтінеки, Ахмег Ясауи, Сүлеймен Бақырғани (Отырар өлкесінен) тағы да басқа көптеген сопылық өкілдер болды. Бұлардың арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, кайырымдылық пен мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыкка, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа Ахмет Хазіреті Сұлтан Ясауи еді. Ахмет Ясауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз әңгімелер тараған. Егерде, тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта (Сайрам) Ибраһим бин Махмуд деген диханның әулетінде дүниеге келген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет